Сабақ жоспары
Пәні: Биология 10-сынып Күні: 04.02.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы
Сабақтың мақсаты: Организмдердің көбеюі мен жеке дамуының , ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында, тарауды қайталауда балалардың алған білімі мен білімділіктерін арттыру .
Ә) Дамытушылық: Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы барысында оқушылардың зейіні мен логикалық ойлау жылдамдығын , дүниетанымын , ой-өрісін дамыту.
Б)Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, қамқорлыққа, ұқыптылыққа жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.Тарау бойынша қайталау.
Сабақтың негізгі әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд),тірексызба,кеспе қағаз.
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу.
II. Меңгерген білім деңгейлерін тексеру
Оқушылар бүгін біз IV тарауды қайталау мақсатында 3 топқа бөлініп сабақты жарыс түрінде өткіземіз.
1топ- Митоз, 2 топ -Амитоз, 3 топ- Мейоз.
1 тапсырма: «Ой шақыру». Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Митозда жасушаның бөлінуі калай жүреді? Жасушаның бөлінуі неше кезеңнен тұрады? Митоз неше фазаға бөлінеді?
Оқушылардан 72-ші сурет бойынша түсініктерін сұрау.
2) Мейоз жыныс жасушаларының бөлінуі қалай жүреді?Неше кезеңнен тұрады?
2 тапсырма: «Биологиялық диктант».
Жынысыз және жынысты көбею туралы оқушыларға үлестірме тапсырмалар беру.
1.Организмдердің көбею жолдары ........... және ........ болып екіге бөлінеді.
2.Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: ......... және ........ көбею.
3. .......... дегенеміз –бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып,екінші өсімдік денесіне ұластыру.
4.Телітуші мен телінушінің әрқайсысын ............ дейді.
5.Жыныс жасушаларын ........... деп атайды.
6.Жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерісін .............. деп атайды.
3 тапсырма: «Венн диаграммасы » бойынша жыныс жасушаларының даму жолдарын салыстыру .
Овогенез
1.Көбею
2.Өсу
3.Овоцит,бағыттаушы денешік п.б. 1 жұм-а п.б
Сперматогенез
1.Көбею
2.Өсу
3.Пісіп-жетілу
4.Қалыптасу.4 сперма п.б
5.Бүрмелену
4 тапсырма: «Ойлан тап» Берілген сөздер араластырылып беріледі.Оқушылар оларды өз орнына қойып толық анықтамасын айтады.
Эктодерма – маедткэор Онтогенез- егнеозтно
Мезодерма- рмадемезо Эмбриогенез- резэгенбимо
Эндодерма- демарэндо Постэмбриогенез- зоеспотмрибэсгн
5 тапсырма: «Білгірлер сайысы» лездемелік сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар слайдта көрсетіледі.
1.Зигота дегеніміз не?(аталық және аналық жыныс жасуша-ның қосылуы);
2.Бластула дегеніміз не?(митоздық бөлінуден пайда болған бөлшектер);
3.Гаструла дегеніміз не?(үш қабатты ұрықтың пайда болуы);
4.Нейрула дегеніміз не?(организм мүшелері пайда болуы);
5.Онтогенез дегеніміз не?(организмнің жеке дамуы);
6.Филогенез дегеніміз не?(тарихи даму,эволюция негізінде пайда болатын процесс).
III. Қорытынды сабақты бекіту: Сұрақ-жауап арқылы.
1.Қосарланып ұрықтану дегеніміз?(Бір мезетте,диплоидты хромосомадан ұрық жыныс жасушасы дамып,триплоидты хромосомадан эндоспермнің дамуын айтамыз);
2.Ұрықтану дегеніміз?(Гаплоидті хромосома жиынтығы бар аналық және аталық жыныс жасушаларының қосылуы);
3.Жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануы мен эндоспермнің триплоидті табиғатын қай жылы,қандай ғалымдар биология ғылымына енгізді? (1898-1915 жж , С.Г Навашин оның баласы М.С.Навашин).
IV.Үй тапсырмасын беру: Өткен тарауымыз бойынша тест құрастырып келеміз!
V. Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау
5-өте жақсы.
4-жақсы.
3-қанағаттанарлық.
VI. Қорытындылау. Сабақ түсінікті ме оқушылар? Түсінбегендерңіз болса сұрақ қоюға болады.
-Сауболыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |