Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде бір сала жоқ.
Орманның түрлері: Аралас еменді, қайыңды, шыршалы, қарағайлы.Орман жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы,мол байлықтың қаситті қоймасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік.
Орманның маңызы.
Ауаны оттегімен
байытады
Климатты жақсартады
фитонцид
Орман
Егістікті қорғайды
Суды қорғайды
Топырақты қорғайды
Орман-тоғай баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтанда мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Көптеген орман тоғайларымыз әскери қамалдар құрып кетті. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында (1954-1957) бір ғана тыңды игеру аймағында 60 млн га жердегі орман тоғайлар оталған.
Орманды қорғау үшін рейд жасау, топтар құру, орман шаруашылығын қызметін көбейту, жағдайын жасау, от жақпау, кесуге жол бермеу, суару, қураған ағаштарды отау, қамқорлық жасау, әктеу, қоқыс т.б төкпеу керек.
Еліміздің ірге тасы берік, дамыған әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуға дайындалуда. Ол үшін не істеуіміз қажет? Кім өз үлесін қосады?
Яғни өз өміріміз мәнді де сәнді өтуі үшін табиғатқа қамқорлық жасау және табиғатты аялай білген дұрыс. Қазір елімізде мемлекет ағаш кесуді қатаң бақылауға алған. Мысалы: Жаңа-жыл шыршасында өсіп келе жатқан шыршаларды кесуге тийым салынуда. Кесілген ағаш орнына жас шыбықтар егілуде. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылуда. Оларға ағаш кесуге жануарларды аулауға қатаң тиым салынған. Алматы, Ақсу Жабағылы, Наурызым қорықтарында мыңдаған жерлерді ормандар алып жатыр. Өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Оларды тағы да еске түсіре кетейік: Жабайы долана, жабайы алмұрт, арша, майқарағай т.б өсімдіктер, қара кірпі, құндыз, қызыл қасқыр, сусар, сілеусін, барыс, қоқиқаз, ұлар, ақ тырна, лашын т.б жануарлар. Егер қорғау шараларын жүргізбесек, олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. «Қызыл кітап» міне, осындай өсімдіктерді, жануарларды қорғауға шақырады.
Балалар, біздің еліміз алдына қандай мақсат қойып отыр?
Ауа таза болу үшін не
керек?
Өсімдіктер,орман, тоғай
50 ел еел
адамдар
ауа
Оларға не қажет?
Оларға қамқорлық жасау кімге тиесілі?
Адамдарға,
оқушыларға
V.Жаңа материалды түсініп, тексеру
Оқулықпен жұмыс.
М: Мәтінді оқып түсіндіру
О: Мәтінмен жұмыс жүргізу
О: Тізбектетіп оқыту.
Сергіту сәті: Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш, бір, екі, үш
Жоғары қолды созайық
Құс боп ұшып алайық,
Орнымызға қонайық
Дәптермен жұмыс.
М: Балалар, бүгінгі күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазып қояйық.
Экологиялық диктант. Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын-орнына тауып жазу көзделеді.
Сөйлемдер
|
Қажетті жауаптар
|
1. Жер бетіндегі ............60 ормандар береді.
2. 1ағаш тәулігіне .........тыныс алуына қажетті оттегін боледі.
3. Жаз айында қайың ағашы 44кг,емен28кг......сіңіреді.
4 .Орман атмосфераны...........байытады.
5.Ормандарды ...........біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас...........отығызады
|
1. Көмірқышқыл газын
2. жас фитонцидттермен
3. Қорғау, көшеттерді.
4.Оттектің .
5.3 адамның.
|
Жаңа терминдер ойыны: Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады.
Ф
О
К
Ф- фитонцид дегеніміз не?
О- Адам тыныс алғанда қандай газды жұтады?
К- Адам тыныс алғанда қандай газды шығарады?
Мақал- мәтелдер
М: Балалар ендеше, орман, ағаш туралы кім мақал-мәтелдер біледі?
О: Ағаш айғайға кұламайды.
О: Ағаш жапырағымен, жер топырағымен
О: Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.
О: Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
О: Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
О: Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
О: Орманшы отынға жарымас.
М: Көрікті даламыздың ормандары,
Орман деген-аң, құстың қорғандары.
Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,
Адамдардың дұрыс қой толғанғаны
М: Ендеше, табиғат байлығымызды үнемі қорғауда болайық!
Есте сақта!
Орманға саяхат кезінде табиғатты аялай білген дұрыс.
Жағажайда, бұлақта немесе көл жағасында болсақ, суға ештеңе лақтырма.
Сұлу табиғатта қоқыс қалдырм, өзіңнен кейін жинап кет.
«Халық шаруашылығы үшін орманның пайдасы» деген кестені толтыр.
Мамандық
|
Нестейді? Қандай пайда келтіреді?
|
Ағаш шебері
|
|
Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы
|
|
Теміржолшы
|
|
Дәрігер
|
|
Агроном
|
|
Эколог
|
|
М: 1. Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік?
2. Орманның адам үшін маңызы қандай?
3. Табиғатымызды қорғау кімнің міндеті?
VІ. Бағалау
М: Мәтінді оқып, мазмұндау. Суретін салу және өлең құрастыру.
VІI. Үйге тапсырма.
М: Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
М: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
О: Сау болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |