Сабақтың тақырыбы: Орташа жылдамдыққа есептер шығару



Дата08.02.2022
өлшемі215 Kb.
#123463
түріСабақ
Байланысты:
0000396c-5fbef744


Бекітемін: Сыныбы: 7 «Ә», «В»
Күні:


Сабақтың тақырыбы:  Орташа жылдамдыққа есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Орташа жылдамдық ұғымдарын түсіндіру және есептер шығару.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу
Дамытушылдық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
ІV. Сабақты пысықтау.
V. Сабақты қорыту.
VІ. Үйге тапсырма беру.


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама бер.

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.

  • Жылдамдық дегеніміз не?

  • Жылдамдықтың формуласы? Өлшем бірлігі?

  • Орташа жылдамдық дегеніміз не?



ІІІ. Жаңа сабақ:
Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы
орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі


Егер дене жолдын жартысын  , ал қалған жартысын  жылдамдықпен жүрсе:   – орташа жылдамдық.


Егер дене уақыттың жартысын  , ал қалған жартысын  жылдамдықпен жүрсе:   – уақыт жартысы


1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с – пен өрнекте.
2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.
3. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.
4. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.
5. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақытты тап.
6. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.
7. Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
8. Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.


ІV. Сабақты пысықтау.
1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға
болады ?
2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара
қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?
4. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?
5. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.
6. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.
7. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?
8. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.
9. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын
табу керек.
V. Сабақты қорыту.
VІ. Үйге тапсырма беру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет