Сабақтың тақырыбы: Қош бол, әліппем!



Дата26.08.2017
өлшемі0,99 Mb.
#28865
түріСабақ
Тәрбие сағатын талдау үлгісі

1 «А» сыныпта – 6 оқушы.

Оның ішінде: Исабай Даниял, Камарова Амина, Каримов Рустем,Қапатай Олжас, Олжабай Гүлназ, Танырбергенова Инара.

  1. Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты – жөні

Бастауыш сынып мұғалімі: Билялова Мадина Сарсекеевна

  1. Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

Байқоныс орта жалпы білім беру мектебінде 1 «А» сыныпта ашық тәрбие сағаты өтілді.

  1. Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, әліппем!

Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да – Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгертіп, енді одан әрі үлкен – үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса оқушылардың сіздерге әліппені қалай оқып меңгергендерін, қалай есептеп, қалай жаза алатынын, жұмбақ – жаңылтпаштарды қалай шешіп айта алатындарын көрсетпек.



4. Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? (кеш, әңгіме, жиын, жиналыс)

Әңгімелесу, сұрақ – жауап.



5. Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

Бұл тәрбие сағат бастауыш сыныптың талабына сай. Осы тәрбие сағаттың көмегімен балалардың әліппені қалай меңгергенін, сауаттылығын тексереміз.



6. Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушының белсенділік деңгейі қандай болды?

Барлық оқушылар тәрбие сағатта өз белсенділіктерін көрсетті. Әр балаға берілген тапсырмасын толық орындады. Әр бала өз бойындағы шеберліктерін көрсете алды.



7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дәрижеде болды?

Жақсы дәрижеде өткізілді.



Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, Ыбырай Алтынсарин, АхметБайтұрсынов, плакаттар.интербелсенді тақта, көріністің құрал – жабдықтары.

Тәрбие сағата балалар «Вальс» билеп, Бота Бейсенованың әні: «Рахмет саған әліппе!» , «Мұғалім ол біздің» әндері орындалады.



8. Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?

Тәрбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсаты бір – біріне сай.

Сабақ бимен ашылып, отанға деген ыстық сүйіспеншіллікпен, өлең шумақтарын хормен өлеңімен аяқталды.

Әрбір бала берілген тапсырманы толық орындап, мәнерлі тақпақ айтып, көріністі көрсетіп, би биледі. Осы тәрбие сағат барысында балалар әліппемен қоштасып, үлкен білім жолына атады. Бойына еңбексүйгіштікті, адамгершілікті және т.б. жақсы қасиеттерді сіңірді.



9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

Бұл сабақта әр бала өзіне берілген тапсырманы толықтай орындады.






Би: Вальс



Монтаж – (әліппе тақпақтары)

Көрініс: Мақта қыз бен мысық



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет