Басы
10 минут
10 минут
15 минут
|
Қызығушылықты ояту
Ой талқы
Оқушыларға әлемдік қақтығыстар, бейбітшілікке қатысты суреттер беріледі.
Суреттердің бір-бірімен байланысы туралы айтады;
Олар суретке қарай отырып, тақырыпты болжайды.
Әлемдегі болып жатқан қақтығыстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.
Өз ойларын нақты дәлелдер арқылы дәлелдейді.
Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады.
Оқылым мәтіні
БҰҰ 70 жылдығы: Қазақстан Ұлттар қоғамдастығы арқылы адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты - оның Жарғысы. Тарихи деректерге қарағанда, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде әзірленіп, 1945 жылдың 26 маусымында оған Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталған конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауына байланысты күшіне енді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымына 193 мемлекет мүше. БҰҰ жұмысы Ұйымның Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен ұстанымдар негізінде айқындалады. Жарғыға сәйкес БҰҰ кең ауқымды өкілеттікке ие. Ол бейбітшілік пен қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, тұрақты даму, адам құқығы, қарусыздану, лаңкестік, гуманитарлық және төтенше жағдайлар, гендерлік теңдік, азық-түлікті басқару, өндіру және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Сұрақ_–_жауап'>1-тапсырма: Сұрақ – жауап
Оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергендіктерін тексеру үшін оқушы өз жұбына сұрақ құрастырады. Ал жұбы сұраққа жауап береді.
Үлгі:
Сұрақ
|
Жауап
|
Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болу қаншалықты маңызды?
|
БҰҰ-ға мүше болу арқылы мүше ел бейбітшілік пен қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, тұрақты даму, адам құқығы, қарусыздану, лаңкестік, гуманитарлық және төтенше жағдайлар, гендерлік теңдік, азық-түлікті басқару, өндіру және өзге де маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға атсалысады, өкілеттіліктерге ие болады.
|
|
|
Мұғалім оқушыларға жоспар түрлерін таныстырады.
Мәтін мен тақырыпқа қатысты қажетті ұғымдардың бірі – жоспар.
Жоспар – мәтін мазмұнының ықшам, нақ әрі жүйелі берілген тірек-негізі.
2-тапсырма:
Берілген мәтінді негізге ала отырып, күрделі жоспар құрыңыз.
Бағалау
Мұғалім оқушы жұмысын дескрипторға сай бағалайды.
Дескриптор:
Мәтіндегі ақпараттарды қолдана отырып, күрделі жоспар құра алады;
Күрделі жоспар құрудың құрылымын сақтайды.
|
https://www.inform.kz/kz/buu-70-zhyldygy-kazakstan-ulttar-kogamdastygy-arkyly-adamzatka-ortak-problemalardy-sheshuge-oz-ulesin-kosuga-umtylady_a2821152
|
|