Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлеміне саяхат Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі88,58 Kb.
#13066
түріСабақ
6 сыныпта биологиялық сайыс 


Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: 

Білімдік: Оқушыларға өсімдіктің  вегетативті мүшелері туралы білімдерін тиянақтап тереңдету.

Дамытушылық Оқушыларға өсімдіктің  вегетативті мүшелері тақырыбын қайталай отырып,  тиімді түсіндіре білім беру және суреттермен, сызбалар арқылы  түсіндіре  дүниетанымын қалыптастыру. 

Тәрбиелік:  Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 

Сабақтың типі: Қайталау, білімді бекітуге негізделген 

Сабақтың түрі: Жарыс  сабақ

Сабақтың әдісі: Жазбаша, сұрақ – жауап, ізденіс 

Сабақтың көрнекілігі: Слайдар, интерактивті тақта, сызбанұсқа, үлестірмелі материалдар 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру      

ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (5 мин ) Мұғалім топтарға 10 сұрақтан сауал қояды 

ІІІ. “Сіз білесіз бе? ”  ( 5 мин)  Дүниедегі ең, ең  (сауалғы тапсырмалар) 

IV. Орнын тап  \сызба толтыру үлестірмелі материал таратылады

V. Шығармашылық жұмыстар. 3 топтан  бір-бір оқушы шығып өздерінің зерттеген дәрілік өсімдіктері жайлы мәлімет  береді.

VІ. Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар  (Әр топ 5 жұмбақ) 

VІI. Іздеу ұйымы. Әрбір топқа жеке конверт беріледі. Конверт ішінде өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі бар.Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, артындағы сұраққа жауап беру.

VІІI. «Жоғалған сөзді тап» әр топқа 5  тапсырма

Х. Сөзжұмбақ құрастыру

ХІ. Биологиялық эстафета.

ХІІ. Үйге тапсырма   

ХІІІ. Оқушыларды бағалау 

І. Ұйымдастыру бөлімінде  сынып оқушылары  3 топқа бөлінді:




«Бәйшешек» тобы

«Раушангүл» тобы

«Қызғалдақ» тобы

 

 

 

   


ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (3 мин ) Мұғалім топтарға 6 сұрақтан таратады


  1. Вегетативті мүшелер өсімдікке нені береді? (өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу)




  1. Табиғатта тіршілігін сақтап  қалу үшін өсімдік мүшелері әр  түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделеді (Ол түр өзгеріс (метаморфоз) деп аталады. Мыс.: кіндік тамырлы-асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс)




  1. Органикалық тыңайтқыштар? (қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы)




  1. Өрмелгіш сабақты өсімдіктер? (асбұршақ, жабайы бұршақ т.б.)




  1.  Сабақтың түрлерін ата? (Тік сабақ, шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған, жатаған (желі-асқабақта, мұртша-құлпынайда)




  1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты (өркен) дейді




  1. Көп жылдық  өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктері мен қосалқы бүршіктері ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол қандай бүршік? (бұйыққан бүршік)




  1. Ашылмаған гүл? (гүлшанақ)




  1. Бүршіктің ішкі құрылысы (қабыршақ,бастапқы жапырақ, өсу нүктесі, бастапқы сабақ)




  1. Минералды тыңайтқыштар (фосфор,калий,азот)




  1. Жемтамырлардың түрлері (асханалық, техникалық)




  1. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен (тамырсабақ)




  1. Сабақтың түбінде жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркен ұшындағы бүршік (түйнек)




  1. Жылдық шеңберден қандай құбылысты байқауға болады? (Ағаштың жасын)




  1. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы (20-30 см сағатына)




  1. Өзек қандай мінднт атқарады? (қоректік заттар өзек сәулелері арқылы  сабақтың  барлық қабаттарына жеткізіледі)




  1. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты (түзуші)




  1. Пиязшықтың құрылысын талдап беріңіздер (түбіртек (қысқарған сабағы), сыртқы кебу қабыршақтар, ішкі шырынды жапырақтары, төбе қолтық бүршіктері)



ІІІ. “Сіз білесіз бе? ”  ( 5 мин)  Дүниедегі ең, ең  (сауалғы тапсырмалар)


  1. Ең ұзын шырмалғыш өсімдік (Лиана)




  1. Таза ауа индикаторы (Қына)




  1. Ең тез, жылдам өсетін өсімдік (Бамбук тәулігіне 1 метр өседі)




  1. Дүниедегі ең биік ағаш (Эвкалипт)




  1. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен 2000 жыл)

IV. Орнын тап  \сызба



V. Шығармашылық жұмыстар. 3 топтан  бір-бір оқушы шығып өздерінің зерттеген дәрілік өсімдіктері жайлы мәлімет  береді.

І топ –қалақай; ІІ топ- итмұрын; ІІІ топ- таңқурай


 VІ. «Мен –саған, сен –маған» Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар  (Әр топ 5 жұмбақ) 

І топ ІІ-ші топқа жұмбақ шешкізеді, ІІ-ІІІ, ІІІ-І   және қосымша мұғалім оқиды


Қар астында қыстайды

Ақ пен бүркіп тыстайды (Бәйшешек)


Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ

Балалар тұр қаптап (Бақбақ)
Тіршіліктің қуатын, 

Өз бойна жинайтын 

Жинай-жинай азықты,

Адамзатқа сыйлады (Өсімдіктер)


Дәні алтын, асырайды халқын (Бидай)
Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)
Ұстарамен алынбас,

Ұйысып тұрған қалың шаш ( Егін )


Екі жағы бүртік,

Ортасы сызық. ( Бидай )

Жер астында ақбоз ат,

Терісі бар он қабат.

Жалынан ұстап соярсың,

Жей бастасаң жыларсың.  ( Пияз )


Домалақты, көміп қойдым сығалап,

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,

Қаптап алдым құмалақ. ( Картоп )
Аласа талда алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма. (қызанақ )

Шақырсаң өздігінен бара алмайды

Сұрасаң бірде жауап бере алмайды.

Егер де отқа салсаң өліп кетер,

Бір жерін кесіп алсаң қанамайды. ( Ағаш )


Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. ( Шырша )


Жиып қойсаң анасын, 

Жеуге болар шикідей,

Бұл іске қайран қаласың. ( Күнбағыс )
Қырға кілем жайдым.      ( Қызғалдақ )
VІІ. Іздеу ұйымы. Әрбір топқа жеке конверт беріледі. Конверт ішінде өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі бар. Осы мүшелерді дұрыс құрастырып, артындағы сұраққа жауап беру.

Бақбақта – Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

Картопта – Түйнек пен тамырдың айырмашылығы

Інжугүлде-Өсу бүршігімен гүл бүршігінің айрмашылығы
VІІI. «Жоғалған сөзді тап» әр топқа 5  тапсырма

І топ                    VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

1)Сабаққа бүршік, гүл,  жапырақ жеміс бекінеді

2)Өзек сабақтың ортаңғы қабаты

3)Сабақ өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұрады

4)Сабаққа бүршік,жапырақ, жеміс бекінеді

5)Сабақ арқылы қоректік заттар.қозғалады, органикалық заттар қорға жиналады көбеюге  қатысады




ІІІ топ                          VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

11)Күріштің тамыры  шашақ тамыр

12)Тамырсабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық. Тамырсабақ өркені 

13)Фосфор  өсімдіккте жетіспесе  жемістің тұзәлуі баяулап, салмағы кемиды 

14)Өсімдіктің көбею мүшелері генеративті 

15)Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде бөліне бастайды ..өсу.бөлімі


 
 
 


ІІ оп                      VІIІ. «Жоғалған сөзді тап»

6)Тік сабақ – жүгері, бидай, терек, емен, қайың өсімдіктерінде кездеседі

7)Жатаған сабақ – өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады, мұртшалары болады. Асқабақ, қияр, қарбыз, қауынт өсімдіктерінде болады 

8)Шырмалғыш сабақ  нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, мұртшалары болмайды. шырмауық,  құлмақ өсімдіктерінде кездеседі 

9)Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке  ұқсаған жасушаларды жасымықша  дейді 

10)Тамыр бөліміне кірмейді тамыр оймақшасы



ІХ. Сөзжұмбақ құрастыру. Төмендегі сөзді пайдаланып сұрақ-жауап қойып, сөзжұмбақ құрастыру
Сабақ

Тамыр

Өркен
Х. Биологиялық эстафета. Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір жемістің атын айтса, келесі оқушы сол жемістің соңғы әріпінен басталатын өсімдік атын айтуы керек
ХІ. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау
ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (3 мин ) Мұғалім топтарға 6 сұрақтың жауаптары


  1. Вегетативті мүшелер өсімдікке нені береді? (өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу)




  1. Табиғатта тіршілігін сақтап  қалу үшін өсімдік мүшелері әр  түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделеді (Ол түр өзгеріс (метаморфоз) деп аталады. Мыс.: кіндік тамырлы-асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс)




  1. Органикалық тыңайтқыштар? (қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы)




  1. Өрмелгіш сабақты өсімдіктер? (асбұршақ, жабайы бұршақ т.б.)




  1.  Сабақтың түрлерін ата? (Тік сабақ, шырмалғыш, өрмелегіш, қысқарған, жатаған (желі-асқабақта, мұртша-құлпынайда)




  1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты (өркен) дейді

ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (3 мин ) Мұғалім топтарға 6 сұрақтың жауаптары


  1. Көп жылдық  өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктері мен қосалқы бүршіктері ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол қандай бүршік? (бұйыққан бүршік)




  1. Ашылмаған гүл? (гүлшанақ)




  1. Бүршіктің ішкі құрылысы (қабыршақ,бастапқы жапырақ, өсу нүктесі, бастапқы сабақ)




  1. Минералды тыңайтқыштар (фосфор,калий,азот)




  1. Жемтамырлардың түрлері (асханалық, техникалық)




  1. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен (тамырсабақ)

 
 



ІІ. Білім сайысы «Кім жылдам?»  (3 мин ) Мұғалім топтарға 6 сұрақтың жауаптары


  1. Сабақтың түбінде жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркен ұшындағы бүршік (түйнек)




  1. Жылдық шеңберден қандай құбылысты байқауға болады? (Ағаштың жасын)




  1. Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы (20-30 см сағатына)




  1. Өзек қандай мінднт атқарады? (қоректік заттар өзек сәулелері арқылы  сабақтың  барлық қабаттарына жеткізіледі)




  1. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты (түзуші)




  1. Пиязшықтың құрылысын талдап беріңіздер (түбіртек (қысқарған сабағы), сыртқы кебу қабыршақтар, ішкі шырынды жапырақтары, төбе қолтық бүршіктері)

Каталог: 2ACE8FABA1113980
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың тақырыбы: «Елбасы мұраты ел бақыты, гүлденген Қазақстан»
2ACE8FABA1113980 -> Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда Microsoft Power Point бағдарламасын
2ACE8FABA1113980 -> Халықаралық спид-ке қарсы күрес күні
2ACE8FABA1113980 -> Мектептің қысқаша тарихы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр орта мектебі
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғат бояларымен таныстыру,бояудың түстерін жіктеуге үйрету
2ACE8FABA1113980 -> Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу тақырыбын қайталау Сабақтың мақсаты
2ACE8FABA1113980 -> Сабақ мақсаты: Оқушылардың өткен сыныптарда танысқан сөз туралы,сөз мағынасы жайында білімдерін кеңейту
2ACE8FABA1113980 -> Сабақ түрі: Жәрменке сабағы Сабақ әдісі: ойын,сұрақ-жауап,өздік жұмыс. Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет