Алматова Эльвира Садерхановна
Әулиекөл ауданы №2 Қазанбасы орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі
I-санатты
Биология
6 сынып
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы
Пәні: Биология
|
Күні
|
19.11.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы
|
Сілтеме
|
Биология. Жүнісқызы К. Әлімқұлова Р.
Жұмағұлова Қ «Атамұра» Алматы 2011
|
Мақсаты мен міндеттері
|
А) Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануының табиғаттағы маңызын ашу.
Б) Өсімдіктің тозаңдану түрлерін жүйелеу, олардың айырмашылығын және ерекшелігін білу.
В)Оқушыларға өсімдіктің тозаңдануының маңызын, пайдасын адамға, жан-жануарларға қажеттілігін ұғындыру.
Г) Оқушылардың дүниетанымын, ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Д) Оқушыларға қоршаған ортаны таныту.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-брінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, топта жұмыс істеген кезінде бірі-бірін тыңдау, сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны өзіне үлгі етеді, биологиялық терминдерді қолдана отырып сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді меңгеру
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, математика
|
Қолданылатын әдістер
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: қызығушылықтарын ояту, мағынаны ашу, «Мозайка әдісі», «Жоба қорғау» технологиясы, Венн диаграммасы, «Диалог әдісі», Блум таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту,
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, түрлі түсті маркерлер, бейнежазбалар, интерактивті тақта, слайдтар.
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
1 мин
2 мин
|
Ұйымдастыру кезең.
Топқа бөлу «Мозайка» әдісін қолдану
Психологиялық ахуал туғызу
Кәне достар,тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
|
Оқушылар «Мозайка әдісімен» топқа бөлініп, өз үстелдерінің жанына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, жақсы жауап бер» деген сияқты.
|
Үй жұмысын тексеру
|
7 мин
|
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін семантикалық картамен жұмыс.
Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
Қосымша №1. Семантикалық карта.
|
Оқушылар семантикалық картамен жұмыс істеп, жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды:
«5»-0 қате
«4»-1қате
«3»-2-3 қате
|
Тұсау кесер
|
2 мин
|
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы» жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі.
-Тозаңдану түрлері нешеу?
- Ендеше, бүгін осы тозаңдану түрлерімен танысамыз.
|
Оқушылар бейнероликті мұқият қарайды. Сұраққа жауап айтады.
|
Негізгі бөлім.
Білу
|
5 мин
|
Мұғалім кластер әдісін пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді.
Тозаңдану
Өздігінен
Айқас
|
Оқушылар тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Суреттеңіз: Тозаңдану деген не?
Зерттеңіз:бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?Желмен тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктері қандай?
Салыстырыңыз: оларды бір-бірімен салыстырып көріңіз.
Талдаңыз: тозаңдану түрлерін сипаттап, талдаңыз.
Бөлісіңіз: Өсімдіктер тозаңдануға қалай бейімделген?(Мысал келтір)
|
Оқушылар өз беттерімен оқулықпен жұмыс істеп, сұрақтарға «Диалог әдісі» арқылы жауап береді. Суреттейді, зерттейді, салыстырады, талдайды, бір-бірімен өз ойларын бөліседі.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Өсімдіктерге қатысты іс-әрекеттерді айтқызып, орындату.
Кәне, кәне тұрайық!
Алға, артқа бұрылайық.
Ағаштар секілді тербелейік,
Самал желдей соғайық.
|
Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасайды. Оқушылар өлең жолдарын хормен айтып, жасайды.
|
Қолдану
|
6 мин
|
Бір топқа бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін, екінші топқа желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін үйлестіріп, зертханалық жұмыс жасату.
|
«Дана үкі» әдісі. Топпен жұмыс. Оқушылар алдарындағы үлестірілген гүлдердің құрылысымен танысып, гүлдердің түрлерін сипаттап, талдап, зер салады. Бір-бірінен айырмашылығын салыстырып көреді. Алған әсерін постер, сурет, сызбанұсқамен жазып көрсетеді. Түйген ойларын жазады.
|
Талдау
|
6 мин
|
Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Ойтолғаныс кезеңі».
|
Топпен құрастырған постерді топ басшысы қорғайды.
1-топ: Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысын сипаттайды.
2-топ: Желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысын сипаттайды.
|
Жинақтау
|
4 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата білуін қадағалау.
|
«Венн диаграммасы» бойынша жаңа білімдерін жинақтайды, ойын түйіндейді.
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
23 параграфты оқып келу. Тақырып соңындағы «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|
Бағалау парағы:
Оқушының аты-жөні
|
Үй тапсырмасы(Білу)
|
Түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Жинақтау
|
Мұғалімнің қорытынды бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
Белсенділігі: «5» -5 ұпай, «4»- 4 ұпай, «3»-3 ұпай
1.Жаңа тақырыпқа шығу -1 ұпай
2. Оқулықпен жұмыс жасау -1 ұпай
3. Зертханалық жұмыс-1 ұпай
4. Постер қорғау-1 ұпай
5. Венн диаграммасын ашу-1 ұпай
Семантикалық карта Қосымша №1. Анықтаманы жауабына сәйкестендіріп жазыңдар.
1
|
Гүлшоғыр дегеніміз
|
А
|
Жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді.
|
2
|
Жай гүлшоғыр
|
Ә
|
Орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар.
|
3
|
Шашақ гүлшоғыры
|
Б
|
Гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарған, дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады.
|
4
|
Жай масақ
|
В
|
Гүлшоғыры жалпақ, жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасқан, оның жиегін жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады.
|
5
|
Собық гүлшоғыры.
|
Г
|
Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады.
|
6
|
Жай шатыр
|
Д
|
Негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады.
|
7
|
Шоғырбас.
|
Ж
|
Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады.
|
8
|
Себет.
|
З
|
Гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасқан.
|
9
|
Күрделі шашақ
|
И
|
Негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі.
|
10
|
Сырға гүлшоғыры
|
К
|
Гүлдері сағақсыз бекінеді.
|
11
|
Күрделі шатыр
|
Л
|
Гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған.
|
Жауап кілті : Сәйкестендіру тест.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Ж
|
А
|
Г
|
К
|
Ә
|
Б
|
З
|
В
|
Д
|
И
|
Л
|
Аннотация.
Мен «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы» тақырыбына сабақ жоспарын құрғандағы мақсатым: Оқыту жүйесінде оқушыларға топтық жұмыс негізінде ынтымақтастыққа біріктіру, бір - біріне көмектесуге, бірігіп жұмыс жасауға топтық жұмыс барысында диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау, жұптық бағалау, критериалдық бағалау, өзара бағалау, АКТ модульдерін қолдана отырып окушының өздігінен білім алып, оны қолдана білуге жаттықтыра түсу. Бұл сабақтарды жоспарлау барысында сабақ басындағы ұйымдастырудан бастап, сабақтың соңына дейін топтап оқушының өз ойларын толық, жан-жақты жеткізулеріне жағдай жасаймын. Ол үшін әр түрлі трейнингтер қолданып, сабақ барысында баланың қызығушылығын оятуға ден қоямын. Сындарлы оқыту теориясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үшін «Мозайка әдісі», «Дана үкі», «Венн диаграммасы», «Диалог әдісі», «Кластер» әдіс –тәсілдерімен қатар бағалаудың түрлерін пайдаландым. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар. Онда оқушылар мен мүғалімдер өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс бір-бірін қолдау, топтық рух негізге алынады. Балалар топпен жұмыс жасауда бір-бірінің ойындағысын тыңдап, келіспешіліктерге түсіністікпен қарап, құрмет білдіру қабілеттеріне назар аударылды. Білім берудегі бұл бағытта оқушылар оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен басқаруды дамытуымен сипатталады. Соның нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
SMART –мақсаты, сабақ ресурстары:
6 А сыныбындағы биология сабағында «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы» тақырыбында мынадай алдыма мақсат қойдым.
А) Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануының табиғаттағы маңызын ашу.
Б) Өсімдіктің тозаңдану түрлерін жүйелеу, олардың айырмашылығын және ерекшелігін білу.
В)Оқушыларға өсімдіктің тозаңдануының маңызын, пайдасын адамға, жан-жануарларға қажеттілігін ұғындыру.
Г) Оқушылардың дүниетанымын, ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Д) Оқушыларға қоршаған ортаны таныту.
Осы сабақты оқыту барысында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қағидаларын іске асыру келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Уақыт үнемделді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырды.
4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артты, сондықтан оқу үлгерімі көтерілді.
5. Оқушылар өз бетінше жұмыс істей алатын болады.
6. Жоба құрап, жоспар жасай алатын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Биология оқулығы. «Атамұра 2007ж».
«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов,
П.М. Мырзақұлов)
3. Биология. Жүнісқызы К. Әлімқұлова Р. Жұмағұлова Қ «Атамұра»
Алматы2011
Достарыңызбен бөлісу: |