Ширату
Ұ.Оқушылар шеңбер бойымен жүреді.
Сағаттың тілімен иіліп оңға бір
Сағаттың тілімен иіліп солға бір
Оң аяқ,сол аяқ жаттығу оңай- ақ
Сағаттың түрлері бар суреттер арқылы топқа бөлемін.
Ойын: «Тауып көр» әрбір топ ишара арқылы сағаттың түрін жасырады,қалған топ жасырған сағат түрін табады.
Қ.Б: Мұғалімнің қолпаштауы «Жарайсың» «Бәрекелді»
(Ұ) «Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен сабақты бекіту.Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып доп лақтырады,оқушы жауабын айтып кейін қайтарады.
-Бұл не?
-Глобус ненің моделі?
-Глобустың пішіні қандай?
-Глобустың басым бөлігі қандай түске боялған?
-Ол түстер нені білдіреді?
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы оқушыларды бағалау
Сабақ мақсатымен таныстыру Бүгін біз сабақта Уақытты анықтаймыз.
-Уақыт деген ойларыңа не келеді?
-Уақытты немен анықтаймыз?
-Сағатпен
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
-Қол сағат,су сағат,құм сағат,жар сағат,электронды сағат.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма Суретке назар аударып,сұраққа жауап берейік
-Олар саяхатқа қалай дайындалған?
-Олардың қолында не бар?
-Олар қазір қай қалада тұр?
-Сапаржайда уақыт нешені көрсетіп тұр?
-Картаға назар аударыңдар олар қайда бара жатыр екен?
Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан.Бурабайдың тау-тасы,көлі де,жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.
-Негеш пен Эврика бірден Бурабайға бара ала ма? Неге?
-Олар қандай көлікпен барады?
-Онда жету үшін қанша уақыт алады деп ойлайсыңдар?
Талқылау жүргізіп,қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасаймыз.Баратын жер неғұрлым алыс болса соғұрлым көп уақыт жұмсалады.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау.
|