Сабақтың тақырыбы: Отбасы және гендерлік саясат.Қазақтың тұңғыш журналист қыздары



Дата07.02.2022
өлшемі17,64 Kb.
#93759
түріСабақ
Байланысты:
Гендерл3к сасат


Сабақтың тақырыбы:Отбасы және гендерлік саясат.Қазақтың тұңғыш журналист қыздары.

(Гендерная политика - это государственная и общественная деятельность, направленная на достижение равенства мужчин и женщин во всех сферах жизнедеятельности общества.)


Аймақтағы 50-ге тарта үкіметтік емес ұйымды әйелдер басқарады


Республикадағы 25 мыңдай үкіметтік емес ұйымда 250 әйел отбасы және балалар мәселелерімен айналысады.Отбасы және гендерлік саясат бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығару мәселесі қаралады.Гендерлік теория отыз жыл бұрын әлеуметтік ғылымда пайда болған.Қазақ тілінде қыздар туралы мақал-мәтел жеткілікті.Жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі.
1-тапсырма.Сөйлемдерден сөз тіркестерін жазыңдар.
Мысалы:әйел отбасы,

Қазақстанда гендерлік саясат жақсы жүзеге асы келеді.Әйелдерге өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуеттерін дамытуға толық мүмкіндік берілген.


Мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін ,жартысынан астамын әйелдер құрайды.Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға ,білім беру саласында 65 пайызға жеткен.Бизнестегі басшылардың 40 пайызы да –«әйелдер.Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде әйел адамдар басқаратын жұмыс істейтін 640,5 мың шағын және орта бизнес субьектісі тіркелген.Олардың 542,9 мыңы –жеке кәсіпкерлер.Сонымен қатар әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субьектілері 41,5 пайызды құрап отыр.
«Даму кәсіпкерлікті қорғау қоры» әйел кәсіпкерлерді шағын несиемен қолдау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. «Даму» қоры арқылы 124 мыңнан астам адам білімін жетілдірген.Оның 43 пайызы –әйелдер.

2-тапсырма.Жаңа сөздерді орыс тіліне аударыңдар


гендерлік саясат-


мүмкіндік берілген-
әлеуеттерін дамытуға-
мемлекеттік қызметтегі-
басым бөлігін-
олардың үлесі-
ұлттық экономика министрлігі-
бүгінгі таңда-
әйелдер басқаратын-
шағын несиемен-
білімін жетілдірген-


3- тапсырма.Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
4- тапсырма.Мақал-мәтелдерді мағынасына қарай топтап жаз.
1.Жалғыз ағаш үй болмас,жалғыз жігіт би болмас.
2.Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
3.Інісі бардың тынысы бар-ағасы бардың жағасы бар.
4.Ата-баланың қорғаны.
5.Ананың көңілі балада-баланың көңілі далада.
6.Қызға қырық үйден тию.
7.Жігітке жетпіс өнер де аз.



Әйел адамдар,қыздар туралы
мақал-мәтелдер

Ер адамдар,жігіттер туралы
мақал-мәтелдер

























Үйге тапсырма:

1-тапсырма.Сөйлемдерден сөз тіркестерін жазыңдар.


Мысалы:әйел отбасы,
2-тапсырма.Жаңа сөздерді орыс тіліне аударыңдар
3- тапсырма.Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
4- тапсырма.Мақал-мәтелдерді мағынасына қарай топтап жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет