Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі78,64 Kb.
#7151
түріСабақ

Сабақ жоспары

Уақыты

Сыныбы:

2  сынып




Пәні:

Дүниетану




Сабақтың  тақырыбы:

Отбасы мүшелері және олардың міндеттері




Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: 


Оқушыларға  "отбасы" түсінігін қалыптастыру, Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің  міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы  түсіндіру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу. Түрлі  тапсырмаларды орындау  арқылы   сөйлеу   дағдыларын,шеберліктерін  қалыптастыру.





Дамытушылық:


Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени  ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге  деген  қызығушылығын,  дүниетанымын  дамыту.





Тәрбиелік:


Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.







Сабақтың  түрі:

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.





Сабақтың  типі: 

Дәстүрлі  емес





Сабақтың  әдістері:

көрнекілік, түсіндіру,  сөздік, шығармашылық жұмыс  ,  әңгімелесу,  баяндау, өз  бетінше  жұмыс,  нұсқау  беру.





Сабақтың  көрнекілігі:

Интерактивті тақта, көркем  суреттер, үлестірмелі  материалдар,






Оқыту  технологиясы:

Ақпараттық -коммуникативтік  технологиясы.





Пәнаралық  байланыс:

Математика, музыка, ана тілі, бейнелеу  өнері.





Сабақ  барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.



Ә) кезекші рапорты

(кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)





2 мин

1 мин




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы»

Қызыл кітап дегеніміз не?

Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын?

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?



5 мин




ІІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе

А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу

«Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана,аға-іні, апа –сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?


Ә) Суретпен  жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу

Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың?

Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.




3 мин

3 мин




Негізгі

А) Оқулықпен жұмыс (73-74 бет)

Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалай түсінесің?



Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы)

Сонымен, отбасы дегеніміз не?

Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары



Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар?

Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау.



«Батыр ана» қалай түсінесің?

Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.

Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.

Б) « менің отбасым» өз отбасы жайлы әңгіме

Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу



5 мин
3 мин

5 мин




Сергіту сәті

«Үйде біз нешеуміз?» санамақ

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-әжем.

Ортан  терек –әкем.

Шылдыр  шүмек –анам.

Кішкене  бөбек- сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз .

Жұдырықтай жұмылған

Тату тәтті бәріміз

Бір үйде тұрамыз.


2 мин




Шығармашылық тапсырма
«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма)

Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді.



Мыс: оқушының міндеттері:

  1. Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  4. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  5. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  6. Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  7. Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  8. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  9. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  10. Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.





5 мин




Қорытынды:

«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) (музыка қосып қою)

Мыс: мынау менің отбасымның ағашы.Бұл ағаш әлі де жалғасып келеді. Әр бала берілген ағаш суретіне отбасында бірге тұратын туыстарды атап, жабыстыру керек




5 мин




Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып, мазмұндау



«Ананың қолы-Алтын» шағын шығарма жазу

2 мин




Бағалау (оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты)

1 мин




«Жүректен жұрекке» тілек білдіру

Анаң-күнің жүрегің, Әкең - өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Ағаң- қамқор асқарың, Інің –мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.


3 мин

 

 



.

  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет