Кері байланыс. Кестені толтыру. «Тілек беті» әдісі бойынша.
Үй жұмысы
Оқулықтағы 134-беттегі 3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Орындаңдар.
Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер.
Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна
Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып
Сабақ №3
Күні
Сабақтың тақырыбы
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 4-сабақ.
Бөлім
Автор дүниетанымы.
Оқу мақсаты
5А\И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Оқушы мақсаты
Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
Ақпарат көзі
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева
Жұмыс реті
Сабақ мазмұны
Болжа
Оқулықтың 134- бетіндегі 4- тапсырма. Берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл күйі білінеді? (қобалжу мен қуану, баланың сағынышы, ішкі сырын ақтаруы, бар ықыласымен қызмет етуі және жақсы көруі). Кестені толтыр. Өз ойыңды нақты мысалмен келтір.
Әңгімеден үзінді.
Кейіпкер көңіл күйі
Менің ойымша
Баланың қуаныштан есі шығып,екі беті ерте піскен алмадай алабұртып тұрды.
Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұсынады.
-Ең жақсы көретінім Есмағамбет атам... Сосын Аязбай атам, ең соңында Балмағамбет атам,-деді саңқылдай сөйлеп.
Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің.
Орында
Тапсырма: Шығармада автор әңгімесін нешінші жақта баяндайды? Автор бейнесіне назар аударыңдар. Автордың көңіл күйі қандай сөздер арқылы білінеді?