Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна
Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып
Сабақ №6
Күні
Сабақтың тақырыбы
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 7-сабақ.
Бөлім
«Нағыз әже қайда?» әңгімесінің құндылығы.
Оқу мақсаты
5Т/Ж1 Әдеби шығарманы жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.
Оқушы мақсаты
Әдеби шығарманы жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды.
Ақпарат көзі
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева
Жұмыс реті
Сабақ мазмұны
Болжа
«Адасқан үзінді» әдісі бойынша әңгіме үзінділері беріледі. Әрқайсысың әңгіме желісі бойынша әңгімені оқи отырып үзінділердің ретін анықтап, түсіндіріңізжер. 1-үзінді Бұл жолы шақырылған жерге желп етіп жетіп бара салмай , кәдімгідей мән беріп дайындалдық. Тіпті өз отбасымыздағы қуанышты қарсы алатындай-ақ қарадай қарбалас жасап, әбігерге түсіп кеттік... Әсіресе, қыздарымыз алабөтен қуанышты. «Әжеге барамыз, әжені көреміз» деп өздерінше мәз-мейрам...
2-үзінді -Әже, онда бізге ертек айтып берші,-деді сөздің ретін бағып отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған күйі. Осы кезде Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді:
-Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге, немене, ойыншық па еді сонша...
3-үзінді Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған –Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жаратып сөйлескеніміз де жоқ. Екеумізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай, қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтті...
4-үзінді Әлгі бір уақыттан бері іштей жақын тартып, өзімше пір тұтып отырған шешей осыны айтуы-ақ мұң екен, біртүрлі жатырқап сала бердім.Әлденеден бойым тітіркенгендей ішіме салқындық үйірілді.