Бөлім
|
Шығармашылық жұмыс. БЖБ
|
Оқу мақсаты
|
5А/И4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
|
Оқушы мақсаты
|
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.
БЖБ тапсырмаларын орындайды.
|
Ақпарат көзі
|
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.
Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева
|
Жұмыс реті
|
Сабақ мазмұны
|
Болжа
|
5-тапсырма
Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз әже қандай болуы керек? Не себепті олар әжені көруді армандады? Берілген екі эпизодты салыстырып, өз әжелерінің портретін құрастырыңдар
І- «Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеңе істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады...». «Ұршық деген немене?» – дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде сәбилер түсіне бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі қарай жалғастыра түсіп, әжейдің үстіне қамзол, басына кимешек, шылауыш киетінін айттым.
ІІ - Әпкесі үшін жауап берген тағы да Райхан:
– Жоқ, айтпады. Ол кісі ертегі білмейді екен.
– «Білмейді» дейді? Қой, білмегені қалай? – деп Балқыз сұраулы көзін маған қадай берген еді, қарап тұрмай Райхан тағы киіп кетті:
– Папа, айтшы. Ол өзі әже емес қой деймін, ә?
– «Әже емесің» не қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой,
олай деп айтпа, ұят болады.
– Жоқ, папа. Ол – әже емес. Ол – жай ғана бабушка. Өйткені бәрі «бабушка» деді ғой. Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың.
|
Достарыңызбен бөлісу: |