5.Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Оқушы мақсаты
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.
Ақпарат көзі
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева
Жұмыс реті
Сабақ мазмұны
Болжа
Үй тапсырмасын тексеру:
«ИӘ, ЖОҚ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.
Бала атасымен алғаш кездескенде ән айтып отырады ма?
Кішкентай баланың есімі кім?
Сержанның атасы көрші ауылдан келді ме?
Есмағамбет Сержанды дүкенге апарады ма?
Дүкеннен атасы балмұздақ сатып әперді ме?
Орында
Оқулықтың 130-134 беттегі 7-8-9 бөлімін оқып шығыңыздар.
2- тапсырма. Кейіпкерлерге сипаттама. Кестеге кейіпкерлердің іс-әрекетін жазып толтырыңыздар. Іс- әрекеттері арқылы образын ашып жазыңдар.
Тапсырманы орындауға қосымша көмекші сұрақтар: 1. Сержанның анасы қандай? 2. Баласын ұзақ мерзімге тастап кеткені дұрыс па? 3. Бала кімді қатты сағынды? 4. Есмағамбет қандай ? 5. Есмағамбет Сержанға қандай жақсылық жасағысы келді? 6. Балмағамбет атасы Сержанға мейірім көрсете ме? Тапсырманы әңгімені оқып отырып орында.
Кері байланыс: Жауаптарыңды өздерің стикермен бағалаңдар. 1-күлгін көбелек, 2- көк көбелек, 3 – шұбар көбелек
1.Мен шамам келгенше тырысып көрдім.
2.Мен бұдан да жақсы айта алар едім.
3.Мен бүгін өз жауаптарыма ризамын
«Еркін көбелек» бейнесі
Үй жұмысы
Әңгімені толық қайталап оқы.
Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер.
Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна