Ақтөбе қаласы №51 гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Нурмагамбетова Фарида Қайыркожаевна
Пәні: Қазақ тілі . 4-класс
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ.
Мақсаты:
Оқушыларға етістік шақтары, өткен шақ етістігі туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен етістіктің шақтарын тауып, оны ажырата білуге дағдыландыру.
Сауатты көркем жазуға төселдіру, танымдық белсенділігін арттыру. Шығармащылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Туған елін, оның табиғатын сүюге тәрбиелеу.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ (Жаңа сабақ).
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (саяхат).
Әдіс: топпен, жеке, ұжымдық, шығармашылық жұмыс, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекті құралдар: АКТ, сурет, таблица, кодоскоп, бағалау парағы мен белгілері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Өту барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып оқушыларын түгелдеу;
в) сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру;
с) үй тапсырмасын сұрау «ой қозғау» стратегиясы бойынша.
-Қане, балалар, алдымен мына сұраққа жауап беріңіздерші.
-Ғарыш дегеніміз не?
-Аспан әлемі.
Көзімізді жұмып бір сәт ойланайық.
-Аспан дегенде көзімізге не елестейді?
-Ай, бұлт, жұлдыз.
-Дұрыс айтасыңдар! Сол аспан әлемінде жай көзбен қарағанда 3000-ға тарта жұлдыз көрінеді.
Ғалымдардың болжауынша жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асады. Солардың бірі жерге ең жақын жұлдыз- күн.
Күннің төңірегінде жермен қоса 9 ірі аспан дүниесі айналып жүреді.
Оларды қалай атайды?
-Планете деп атайды.
-Бүгінгі сабағымызды сол 9 планетаға саяхат жасау арқылы өткіземіз.
Әр планетаның тапсырмасын орындай отырып, өз орындарына орналастырамыз да ол туралы қысқаша түсінік бересіздер.(Оқушыларға алдын ала 9 планета туралы қысқаша мағлұмат табуға тапсырма берілген)
1.планета. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексере отырып бекіту.
а) Етістік дегеніміз не?
ә) Олардың қандай түрлері бар?
б) Осы шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?
Оқушы: Меркурий туралы түсінік береді. Меркурий жер тобына жататын ғаламшардың ең шағыны. Оның диаметрі 4880км. Қашықтықтан алынған суреттері оның айға ұқсас екендігін көрсетті.
2 –планета.
а) Етісіктің жіктелуі дегеніміз не?
ә) Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Оқушы:Шолпанның бетін жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиоәдіспен және ғарыштық зерттеумен алынған. Шолпанның массасы жердің, 0,815 массасына тең, ал оның R=6050 км. тең.
3-планета.
А) 410- жаттығуды тексеру.
ә) Кодоскоппен берілген тапсырманы орындау.
Қыс түсті.Қар жауып тұр.Балалар аққала соғып жатыр. Машиналар көшені қардан тазартып жүр.
Оқушы.Жер- күн төңірегіндегі үшінші ретте тұрған ғаламшар. Жердің пішіні, экваторлық радиусы Rо=6378 км. және орташа Rор=6371 км. Жер бетінің 29,2- ын құрлық, 70,8-ын мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.
4- планета.Жаңа сабақ.
1. Күннің жадын жазу және көркем жазумен жұмыс.
Ғ ғ Ғ ғ Ғарыш, ғалам, ғарышкер.
2. Шығармашылық жұмыс. Сөз ұйқасын табу.
1 топ. 2 топ.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ терді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ күлдің.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ берді. |_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ жүрдің.
3 топ.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ оқыдым.
|_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ тоқыдым.
(Етістікті тауып, қай шақта, қай жақта екенін айту)
Оқушы.Марстың беті телескоптармен қарағанда жақсы көрінеді. Оның сызықтық диаметрі 6800 км. массасы 0,107 жер массасына тең.
5- планета.Оқулықпен жұмыс.
1.411- жаттығу ауызша орындалады.
2. Оқулықтан ережені оқыту.
Оқушы.Юпитер ғаламшары –алып ғаламшар. Оның массасы жер массасынан 318 есе үлкен. Оның экваторлық R=71400 км. Ол жер R-нан 11,2 есе үлкен. Юпитер жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады.
6- планета. Тақтамен жұмыс.
(413- жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдау.)
Аяжан атасының аулына келді.
Жолда оған Ораз кездесті.
Оқушы. Сатурн (қоңырқай ғаламшар). Бұл басқа ғаламшарларға қарағанда юпитерге ұқсас.Оның масасы Жердің масасынан 95 есе артық. Жер радиусынан 9,5 есе артық. Сатурн энергияны күннен жерге қарағанда 92 есе аз алады.
7- планета.
1. (Етістіктерді жекеше, көпше түрде бір топ жіктеп жазсын).
412- жаттығу. 413- жаттығу. 418- жттығу
1- топ. 2- топ. 3- топ
Биледі. Келді. Аңсады.
2. Әр топтан бір оқушыдан шығып, 415- жаттығуды орындайды. (тақтада).
Оқушы.Уран мен Нептун бір-біріне ұқсас. Уранның R=25700 км-ге, массасы 14,6 жер массасындай.
8-планета.
1. 417- жаттығуды орындау.
2. 418- жаттығу (ауызша өлеңді мәнерлеп оқу).
Оқушы. Нептун R=24300 км. тең. Массасы жердің 17,2 массасындай. Күн төңірегінде 165 жылда бір айналады.
9-планета.
1. Сурет боынша әңгіме жазып, етістіктерді табу.
2.Сұраққа жауап.
А) Өткен шақ етістігі дегеніміз не?
ә) Өткен шақ етістігі қандай сұраққа жауап береді?
Б) Осы шақ етістігі дегеніміз не?Қандай сұраққа жауап береді?
3. Сабақты бекіту.
Біз не үйрендік?
Өткен шақ етістіктерінің бұрын болған іс-қимылды білдіретінін білдік.
Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп үйрендік.
9 планетеаның орналасуы және олар туралы мағлұмат алдық.
Бізге не ұнады?
Сөз ұйқасы бойынша 2 жол өлең шығару.
Топпен жұмыс жасау.
Сурет бойынша әңгіме құру.
Оқушы. Плутон-күн төңірегінде 248 жылда бір айналып шығады. Оның диаметрі-2200 км тең.
Ребус шешу
Ж ‘
Күн жүйесі-деген сөзді шығарып қорытындыға келу.
Күн және оны айналып жүретін планеталармен олардың серіктерін Күн жүйесі деп атаймыз.
Бағалау: Әр оқушыны, топты бағалау.
Үйге тапсырма: 416- жаттығу. Ереже.
Пәні: Қазақ тілі . 4-класс
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Тірек-сызбаны басшылыққа ала отырып, өз бетінше жұмыс
жасау. Сызбадағы негізгі ұғымдарды ажырату, ұғымдар ара-
қатынасын талдай білу. Сызбаны оқи білу: ұғымдарды бір-
бірімен байланыстыра оқу, саналы түсіну. Сан есім туралы
білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: а) Ғылыми ұғымдарды оқу әрекетімен шұғылдану арқылы өз
бетінше ізденіп, меңгере білуге үйрету.
ә) Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
б) Ғылыми ойлауға үйрену, логикалық жүйелі ойлау арқылы
біртұтастықта қабылдай білуін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, зерттеушілік материалданған әрекет және сөйлеу әдісі, сұрақ-жауап, өз бетінше әдіс, ойын.
Сабақтың құралы: тірек-сызбалар, оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Ынта-зейіндерін сабаққа бағыттау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Біздің күш
Біздің күш – мың құлпырған жердің күші
Біздің күш – ең жайлаған елдің күші
Біздің күш – сол Отанды мәңгі құрған,
Тау бұзып, тасты жарған ердің күші.
Біздің күш – қайсар білек ұлдың күші
Біздің күш – жарық сәуле күннің күші.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сызбамен жұмыс
№5 сызба
Сан есім
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Дара сан есім
Күрделі сан есім
Есептік сан есім
Реттік сан есім
Он, алтау, жүз, мың, қырық
Он бес,
бес-алтыдан, жүз-жүзден
Он , он бес, жүз, екі жүз бес
1.Оныншы, он бесінші, жүзінші
2. 4-сынып
8-сынып
Ойланатын сұрақтар:
Дара сан есім туралы не айтуға болады?
Күрделі сан есімнің жасалу жолы нешеу? Олар қандай жолдар?
Есептік сан есімдер басқа сан есімдерге негіз бола ала ма?
Реттік сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Екінші мысалдарда
(4-сынып)жұрнақ қайда?
Сан есімдерге сұрақ қоюды үйренуге және талдауға арналған жаттығулар.
Неше? Нешеу? Нешінші ? Қанша?
1. Сызбадағы барлық сан есім мысалдарына ауызша сұрақ қойып шық.
2. Сұрақтарына қарай топтап жаз
Сызбадағы мысалға алынған әрбір сан есім сөзін сан есімнің барлық түріне талда.
Талдау үлгісі:
Он – құрамына қарай дара, мағынасына қарай есептік.
Дәлелдеуі: өйткені дара болу себебі бір сөзден жасалса, есептік болу себебі заттың санын білдіріп тұр.
Өз бетінше орындалатын жаттығулар.
Мәтінді түсініп оқы.
Көк киттердің кейбіреулерінің ұзындығы 30 метр болса, салмағы 150 тартады. Кит аулаушылар мұндай киттің біреуінен 60 тонна ет, 30 тонна май алады. Киттің тілі 4 тоннаға жуық , бауыры 1 тонна болады.
Жаңа туған бала киттің ұзындығы 2-3 метр, салмағы 2 тонна болған. Бала киттің салмағы күн сайын 100 килограмм ауырлайды. Ал 7-8 айда оның ауырлығы 24 тоннаға жуық, бауыры 1 тоннаға жетеді.
Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
Сан есімдерді сөзбен жазып, мәтінді көшіріп жазыңдар.
Сан есімдерді сызбаға қарап отырып, талдаңдар.
Мәтінді оқып, сан есімдерді тіркесіп тұрған зат есімдерімен тіркестіріп теріп жазыңдар.
1. Төрт-бес ат суға түсіп, шомылып, жүндері жылт-жылт етіп, Көлшүмектің жағасындағы көк балдыр шалғынды бырт-бырт орады. (С.С.) 2. Осы он екі-он үш 1930 жылы да 13-14 үй қосылып, не бары жиырма жеті үй болды. 3. Итбай мен Қарақұлдың жұмысы киітке мінген екі ат болды. (С.Көб.)
3. Сергіту сәті.
Сан есіммен байланысты сөз ойыны.
Бір бала сан есім айтады, екінші бала оның айтқан сан есіміне ұйқасып келетін күлкілі сөз тауып айтады.
-Бір
- Сыныпқа тез кір
- Екі
- Берікпен күресуге бекі
-Үш
-Менімен жарысқа түс
-Төрт
-Ол-жанып тұрған өрт
-Бес
-Айгүл жалқауларға өш
-Алты
-Жақсы оқу-оқушы салты
-Жеті
-Асанды бастан шекі
-Сегіз
-Қорада қой семіз
-Тоғыз
-Ұлттық аспап-қобыз
-Он
-Бүгін біздікіне қон.
4.Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс.
5. Кім жылдам жалғастыра алады?
Төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тіркеп, кім жылдам жазып жалғастыра алады?
Бір шымшым, бір жайым, бір шөкім, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір білем, бір ауыз.
К е р е к т і с ө з д е р: айран, су, өлең, құйрық, бұлт, шай, насыбай, қамыр, тұз, ет.
Бұдан не аңғарылады?
Берілген сан есімге тұсындағы қосымшалардың әрқайсысын жалғап айтып көріңдер. Бұдан нені аңғаруға, түсінуге болады?
а) Екі + - нші
-еу
-еу+ле
- лік
ә) Сексен + -дер+де
-ім
-нен
- де+мін
б) Сөз құрамына талдаңдар:
Отызында орда бұзбасаң
Қырқында қыр аспассың
Екеудің үлесі – үшеуге үнем.
(Мақал.)
ІҮ. Жаңа сабақты қорыту.
«Көрші» ойыны
Шарты: бір оқушы «Сан есім дегеніміз...», «Сан есім құрамына қарай ...» деп бастайды, келесі оқушы оны жалғастырады. Осылайша барлық материалды пысықтап өтеді.
Ү. Сабақты қорыту.
- Балалар, сендер «Сөз таптары» бөлімінен мына сөз таптарын оқып үйрендіңдер:
Сын есім
Сан есім
Зат есім
е с і м д е р
Басқаша айтсақ , олар есімдер екен. Ендігі оқып білетін сөз табы –
есімдердің орнына қолданылатын е с і м д і к
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІ. Бағалау.
«Оқушы әсері» тренингі арқылы бағалау. Қызыл түс – ұнамады
Жасыл түс – ұнады
Тірек-сызбамен
жұмыс Ойындар
Өз бетінше
орындалатын Менің пікірім
тапсырмалар
Менің пікірім
Өз бетінше
орындалатын
тапсырмалар
Ақтөбе қаласы №51 гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Нурмагамбетова Фарида Қайыркожаевна
Әдебиеттік оқу. 3 – класс
Сабақтың тақырыбы: «Достық өлкесінің заңы»
М. Шаханов
Мақсаты:
Өлеңнің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: а) ауызша, жазбаша сөйлеу тәсілдерін жетілдіру.
ә) Сөйлеу мәдениетін шешендікке көп алдында еркін сөйлей білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс достық қарым-қатынаста болуға, көпшілдікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
1.Сабақтың көрнекілігі: М.Шахановтың өмірбаяны жазылған сызба,автордың кітаптары, бейнетаспа, үнтаспа, әртүрлі сызба схемалар.
Сабақтың түрі: Дебатқа құрылған көзқарас, пікір-сайыс сабағы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасымен жұмыс «Ақ шаш»
-Үйге қандай тапсырма берілді?
Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау «Ағармасын бір тал шашы анамның тақырыбына шығарма, өлең жазу.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
– Мишаның байқампаздығы неден аңғарылды?
Мишаның сұрағына анасы қалай жауап береді?
Өз аналары туралы жазып келген өлең шығармалар болса оқылады.
Мазмұндап айтылады.
III.Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қысқаша көрініс көрсету арқылы ситуациялық сұрақ қою.
Осы жерден сен болсаң не істер едің? Оқушылар пікір таңдалады. Ендеше біз бүгін «Дос керек», «Дос керек емес» деген тақырыпта пікір таластырамыз.
Оқушылар пікір таластырады. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Мұхтар Шахановтың
«Достық өлкесінің заңы» деген өлеңмен танысамыз.
Өлеңінің авторы М.Шаханов туралы сызбамен түсіндіру.
1942 жылы Оңтүстік облысы
Отырар өлкесінде дүниеге келген.
Ғасырларды безбендеу,
Танакөз
Мұхтар Шаханов
Жалын журналының бас редакторы
Қырғызстан елінде елшілікте болған
Ақын
Желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбандарын ақтаушы
3. Мәтінді оқушылар (іштей,тізбектей,)мәнерлеп оқиды.
Енді осы өлеңнің мазмұнымен танысамыз
4. Мәтінге сұрақтар қою.
-Ақын өлеңде кім туралы айтып тұр?
-Мұхтар Шаханов бала кезін қалай есіне түсіріп тұр?
Өлеңге талдау жасау.
Өлеңге сәбилік шаққа байланысты айтылған тіркестерді табу. Сүттей аппақ, аңғал бейқам, балбұлақтай сыңғырлы. Сүттей аппақ сөзіне мағыналас сөздер таза,пән, ешкімге арамдық ойламайтын.
Достық сөзіне математикалық үлгіде талдау жасау шартты белгілер бойынша.
- дыбыс
D – әріп
Х - жоқ
6. О, 6 D 2 , 2∆, 4∆.
Өрнек құруға болады.
2 ∆ + 4 = 6 O
3 қ ∆ + 1ұ ∆ + X
Өлеңдегі түсініксіз сөздермен жұмыс.
Нағашы, жиен сөздері сызба арқылы түсіндіріледі
Әкесі, нағашы ата Шеше шешесі, нағашы әже
Бауыры,ағасы, нағашы аға апайы,сіңілісі нағашы апай
Жиен
IV. Венн диаграммасы
Досты бағалайтын Достықты бағалайтын
Достың көңілін қалдырмау, өзімшіл,
шолақ ойлайды.
Досын ренжітпейді, ақылмен шешеді,
терең ойлайды.
Б
А
Л
А
7. Үйге тапсырма беру.
-Өлеңнің соңғы 4 шумағын жаттау.
- «Ұлы адамдар достығы» тақырыбына материалдар жинау.
8. Дәптермен жұмыс. Салыстыру. Салыстыру картасын толтыру.
Салыстыру картасы.
Негізгі белгілері
|
Үй тапсырмасы
|
Жаңа тақырып
|
Мәтін (өлең) аты
Авторы
Кейіпкерлері
Мазмұнының идеялық мәні
|
Ақ шаш
В.Сухомлинский
Ана, бала.
Ананы құрметтеу,
ренжітпеу.
|
Достың өлкесінің заңы
М.Шаханов
Нағашы ата, әже
Дос қадірін түсіну, досты сатпау.
|
Үнтаспадан Ән «Достарым»
Қорытынды.
Ақтөбе қаласы №51 гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Нурмагамбетова Фарида Қайыркожаевна
Тәрбие сағаты. 2 -класс
Тақырыбы: « Ойлы болсаң, озып көр»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сандар.
Түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды топқа бөлу.
Топ басшыларын сайлау.
Қазылар алқасын сайлау.
Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйрітің бағы жанама?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда
«Кім жылдам?» Әр оқушыға әріптер таратамын. Сол әріптен басталатын сұрақтарға жауап беру керек.
І топқа 8 сұрақ.
1. Ертегі оқисың ба?
Тәтті берсе жейсің бе?
Анаңа еркелейсің бе?
Сөмкеңде не бар?
Досың кім?
Аспанда не бар?
Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
Қандай тілек айтасың?
ІІ топқа.
Жасың нешеде?
Қалтаңда не бар?
Қандай кітап оқисың?
Алма берсе жейсің бе?
Нені жақсы көресің?
Кеше не істедің?
Ініңнің аты кім?
Кімге сәлем жолдайсың?
2. «Ұшқыр ой»
Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден
Бірнеше сөз құраймыз.
Қолшатыр
Қол, от, шатыр, шар, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал, ал, тар, торла.
3. «Біліміңді мықта»
Шабыт тасып шалқысын,
Көіңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Білімдеріңді сынайық.
І топқа:
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? (4)
ІІ топқа:
1. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4)
2. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5)
4. «Сен білесің бе?»
1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
2. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? ( 16 – желтоқсан)
7. Кім? Кімдер?Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
8. Төрт түлік малдарды ата? (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
10. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ – мырт – қа)
5. «Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.
Күш – білімде, білім – ..... (кітапта)
Еңбектің наны тәтті, ..... жаны тәтті (жалқаудың)
Денсаулық – зор ..... (байлық)
Кітап – білім бұлағы, ..... – өмір шырағы (білім)
Анадан артық ... бар ма? (дос)
Анасыз ақын да болмайды, .... да болмайды. (батыр)
Қорытынды
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |