Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»



бет12/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Сөздік жұмысы.

2-тапсырма. Сендер Наурыз мейрамын алаңда тойлауға дайындалып жатырсыңдар. Көршілеріңнен ауа райының қандай болатынын сұраңдар.

Керекті сөздер: күн ашық, болады, киіну керек, жылы, жеңіл киіну.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, көшіріп жазу. Мәтін бойынша сұрақтар құрап, өзара сөйлесіңдер.

Наурыз көже.

Наурыз көже су мен тұздан басқа кемінде жеті түрлі азықты (бидай, құрт, ет, сүт, күріш, май, т. б) пайдалану арқылы пісіріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мүшелер (жамбас, қазы), айран немесе құрт қосылады. Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін-бір кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілеу айтып, бата берген.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. 3-тапсырма 142-бет мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Наурыз мәтінін меңгеру, сұрақтарға жауап беру. Бұйрық райды меңгеру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Наурыз баталары. Бұйрық рай.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды наурыз баталарымен таныстыру, бұйрық райды әрі қарай меңгерту.

Ә) Оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-тапсырма 142-бет мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

-Бұйрық рай нені білдіреді?

-Жекеше түрінде қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

-Көпше түрінде ше?

2. Наурыз баталарымен таныстыру.

Наурызда берілетін бата.

Бата беру-қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда, қонақта бата береді. Әр тойдың өз батасы болады. Наурыз мерекесінде де бата беріледі. Батада жақсылық, ынтымақ, бірлік, құт-береке тілейді.

Асқа толсың табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын!

3. Тапсырмалар орындау.

1-жаттығу. Бұйрық райды табыңдар.

Сен дәптерге жаз. Кітапты дауыстап оқы. Жұмысқа ерте кел. Оған ойыңды ашық айт. Дәрігерге бүгін бар. Таңертең ерте тұр. Салқын суға жуын. Тамағыңды іш.

2-жаттығу. –ңыз, -ңіз, -ыңыз, іңіз жалғаулары арқылы бұйрық рай етістікті жасаңдар.

3-жаттығу. –айын, -ейін, -йын, -йін жалғаулары арқылы бұйрық райды жасаңдар.

Суыту-суытайын, жуыну-жуынайын, ішу-ішейін, жеу-жейін, айту-айтайын, қуану-қуанайын, шақыру-шақырайын, әлпештеу-әлпештейін, демалу-демалайын, игеру-игерейін, сену-сенейін, кешігу-кешігейін, орналасу-орналасайын.

Әлпештеу-лелеять, няньчить.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Наурыз баталарын жаттап алу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Бұйрық райдың жалғауларын ажырата алу, өз сөзімен түсінгенін айта алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Диктант.

Сабақтың мақсаты: А) Етістіктің райлары бойынша алған білімдерін пысықтау. Сауатты, таза жазуға үйрету.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Оқушыларды қазақ халқының салт –дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Наурыз баталарын жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

Диктант жазу.

Наурыз.

Жұрт наурыз мерекесін қарсы алуға дайындалып жатыр. Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. Молшылық жолы осы наурыз көжеден басталады. Қайда барсаң да, қатығы мол бидай көжеге қарық боласың. Ел жылдың басын ақ жарқын көңілмен осылай қарсы алады. Онсыз да қонақжай халқымыз, әсіресе, наурыз күні қабақ шытқан емес.

Ел топ- тобымен қыдырып, бір –біріне жақсы тілектерін айтады. Наурыз көже ішеді. Халық ойындары ойналады. Үлкендер әңгіме айтып, жастар ән салады. (73 сөз)

Ү. Бекіту бөлімі:

ҮІ. Үйге тапсырма. Етістіктің райларын қайталап келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу, бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Сауатты, таза жазу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халықтарының Бірлік күні.

Қатемен жұмыс. Шартты рай.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға шартты рай туралы түсінік беру, дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Етістіктің райларын қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Қатемен жұмыс өткізу. Диктанта жіберілген қателер бойынша жұмыс жүргізу.

2.Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

Шартты рай етістіктің түбіріне са, се жұрнақтары қосылу арқылы жасалады.

Мысалы: аш –ашса, бар-барса, кел – келсе, ойна-ойнаса, биле –билесе.

3.Мәтінмен жұмыс.

1 мамыр – Ынтымақ күні

Бұл күні Бірлік күні деп те аталады. Мерекенің мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін бірлікке, татулыққа шақыру. Бұл күні әр түрлі ұлт өкілдері өз ұлттық киімдерін киіп, мерекені тойлауға алаңға шығады. Олар бір-біріне «Татулығымыз берік болсын», «Достығымыз мәңгілік болсын» деп тілек тілейді.

4.Тапсырмалар орындау.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Аударма жұмысы, ережені қайталап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Шартты райдың жұрнақтарын меңгеру, ажырата алу, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айта алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні. Шартты рай.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген тақырыппен таныстыру, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтуға дағдыландыру.

Ә) Оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Аударма жұмысы, ережені қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

2.Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

3.Сөздік жұмысы.

Ұлы Отан соғысы-Веливая Отечественная война

Жеңіс-победа

Соғыс-война

Ерлік-героизм

Шығыс-восток

Атақ-звание

Екі мәрте-дважды

Теңдесі жоқ-несравненный

Жауынгер-воин, солдат

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Жеңіс күні қашан тойланады?

2. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

3. Сол атаққа ие болған шығыстың тұңғыш қыздары кімдер?

4. Мұндай атаққа екі мәрте кімдер ие болды?

2-тапсырма. Сұрақ –жауап арқылы өзара сөйлесіңдер.

Сұрақтар

Жауаптар

1.Әлия Молдағулова қашан және қайда туған?

1.Әлия Молдағулова 1924 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған.

2.Ол нешінші жылы қаза тапты?

2.1944 жылы Прибалтика майданында ерлікпен қаза тапты.

3.Кеңес Одағының Батыры қанша жауды жойды?

3.Атақты мерген Әлия Молдағулова жаудың 42 адамын жойды.

4.Батырдың денесі қай жерге қойылған?

4.Оның денесі Великие Луки облысы Беженица станциясы Казачиха деген хутордың түбіне қойылған.

3-тапсырма. Ақын Яков Хеменийдің «Әлияның жүрегі» деген поэмасын үзінді жаттаңдар.

А) Сөздікпен таныстыру;

Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу;

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. 2-тапсырма, 3-тапсырма 144-бет жаттап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп оқу, берілген сұрақтарға жауап бере алу, шартты райды ажырата лау.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық батырлар. Қалау рай.

Сабақтың мақсаты: А) «Қазақстандық батырлар» тақырыбымен таныстыру, сызба бойынша мәтіннің мазмұнын айта алуға дағдыландыру.

Ә) Оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды Кеңес Одағының Батыры атағын алған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

2-тапсырма, 3-тапсырма 144-бет жаттап келу.

Сұрақ-жауап.

-Әлия Молдағұлова қашан және қайда туған?

-Ол нешінші жылы қаза тапты?

Кеңес Одағының Батыры қанша жауды жойды?

-Батырдың денесі қай жерге қойылған?

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Қалау рай түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары жалғану арқылы және кел етістігі арқылы жасалады.

Мысалы: барғым келеді, атқым келеді, жазғым келеді.

2.Сызба бойынша сөйлем құру.

Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болған қазақстандық батырлар


Талғат Жақыпбекұлы

Бигельдинов

(1922 жылы)




Сергей

Данилович

Луганский

(1918-1977 жылы)




Иван Фомич

Павлов

1922-1950 жылы)




Ақмола облысының Майбалық ауылында дүниеге келген.



Алматы қаласында дүниеге келген.

Қостанай облысы Бурабай ауданында дүниеге келген.


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар. Етістіктің шағын анықтаңдар.

Т. Бигельдинов жасынан ұшқыш болуды армандаған. Ол жауға қарсы 305 рет ұшып, оның сегіз жүзден астам техникасын істен шығарды.

С. Луганский 390 рет жауынгерлік сапарға шығады. Ол жекпе –жек айқаста жаудың 37 ұшағын атып түсірді.

И. Ф. Павлов 200-ден аса әуе шабуылына қатысқан. Ұшқыш, аға ұшқыш, звено басқарушысы, авиация полкінің штурманы дәрежелерін атқарған.

3-тапсырма. 2-тапсырмада кездесетін етістіктерді теріп алып, оларды қалау және шартты рай түрінде жазу.

4-тапсырма. «Қазақстандық батырлар» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. 145-бет түсінгенін айту.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: «Қазақстандық батырлар» тақырыбын меңгеру, өз сөзімен түсінгенін айта білу. Қалау райды ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағының Батырлары.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды Кеңес Одағының Батырларымен таныстыру, сызба бойынша мәтіннің мазмұнын айта алуға дағдыландыру.

Ә) Оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, еске сақтау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды Кеңес Одағының Батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақстандық тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Сұрақ-жауап.

-Әлия Молдағұлова қашан және қайда туған?

-Ол нешінші жылы қаза тапты?

-Кеңес Одағының Батыры қанша жауды жойды?

-Батырдың денесі қай жерге қойылған?

-Тағы қандай Кеңес Одағының Батырларын білесіңдер? Атап беріңдер.

2. Кіріспе сөз.

Кеңес Одағының Батырлары тақырыбымен таныстыру арқылы қысқаша конспект жаздырту.

3.Тапсырмалар орындау.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Конспект бойынша түсінгенін айту, мазмұндама жазуға дайындалу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Кеңес Одағының батырлары туралы алған мәліметті айта алу, қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. «Қазақтың батыр қыздары».

Сабақтың мақсаты: А) Қазақтың батыры қыздары туралы өз ойларын жүйелі түрде жеткізе алу, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Сөздік қорын дамыту, ой-өрісін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Оқушыларды сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: мазмұндама.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақтаға жазылған тірек сөздер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйден лексикалық тақырыпты қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Мазмұндама жазу кезеңі.

А) Мәтінді оқып шығу;

Ә) Мәтінге байланысты жоспар құру;

Б) Тірек сөздерді тақтаға жазып қою;

В) 1-2 оқушыға мәтіннің мазмұнын айтқызу.

«Қазақтың батыр қыздары»

Қазақтың батырлары өз еркімен соғысқа қатысып, өз ерліктерін көрсетіп, майданда қаза табады. Соның ішінде атақты қазақтың қыздары Әлия мен Мәншүк. Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келді. Мектепті бітірген соң, Мәншүк медицина институтына оқуға түседі.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Ол соғыста өзінің ержүрегін көрсете білді.

Әлия Молдағұлова –Кеңес Одағының Батыры. Кішкентай кезінен ол өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты болды. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болған, көп кітап оқыған. Әлия снайпер мектебінің 4-ші ротасында оқиды. Ол жақсы атқыш болды. 1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы Әлия Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен қаза тапты. Оның денесі Великие Луки облысы, Беженица станциясы Казачиха деген хутордың түбіне қойылған.

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма. Үйден ережені қайталап келу, тест жазуға дайындалып келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. «Қазақтың батыр қыздары» тақырыбына байланысты өз ойларын жеткізе алу, сауатты жазу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мерекелер.

Сабақтың мақсаты: А) «Біздің мерекелер» модулі арқылы туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тестке дайындалып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Нәтиже сабақ.

І. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. 1 мамыр – қандай мереке ?

А) Бірлік күні В) Халықаралық әйелдер күні

С) Жеңіс күні Д) Наурыз күні

2. Шартты рай тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А) барғысы келді В) айтса С) кел Д) жазады

3. Етістіктің шақтарымен байланысты рай түрі

А) ашық рай В) бұйрық рай С) қалау рай Д) шартты рай

4. «Единогласно» сөзі қалай аударылады ?

А) қария В) ұсыныс С) қуаныш Д) бірауыздан

5. «Береке» сөзі қалай аударылады ?

А) великий В) народ С) благо Д) особый

6. Наурыз күні адамдар қандай тілек тілейді ?

А) Ұлыс оң болсын! В) Достығымыз мәңгілік болсын!

С) Татулығымыз берік болсын! Д) Ұзақ жасаңыз!

7. Қалау рай тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А) Біздің театрға барғымыз келеді. В) Сен сабақты оқы.

С) Жаңбыр жауса, көк шығады. Д) Наурызда көже пісіріледі.

8. Бұйрық рай тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А) Суға түсуге болмайды. В) Батыр туса, ел ырысы

С) Біз мейрамды көңілді өткземіз. Д) Анаңды мейрамымен құттықта.

9. Ашық рай тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А) ішті В) берсе С) айтқысы келді Д) қос

10. Күшейтті – Етістік қандай райда тұр ?

А) ашық рай В) шартты рай С) қалау рай Д) бұйрық рай

11. Ексек – Етістік қандай райда тұр ?

А) ашық рай В) шартты рай С) қалау рай Д) бұйрық рай

12. Дания қаласындағы әйелдер конференциясы қашан болды ?

А) 1907 ж В) 1910 ж С) 1914 ж Д) 1919 ж

13. Т.Ж.Бигелдинов қайда дүниеге келген ?

А) Ақмолада В) Алматыда С) Ақтауда Д) Қостанайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет