Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту



бет13/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: Етістіктің райларын қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Оқушылардың тест жұмыстарын жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Алған білімдерін пысықтау, сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды сөйлем мүшелерімен таныстыру, жаңа сөздердң меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағамдарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден өткен тақырыптарды қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Қазақ тілінде сөйлемдер тұрлаулы және тұрлаусыз болып екіге бөлінеді.

Тұрлаулы мүшелер: бастауыш, баяндауыш

Тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш.

Баяндауышта айтылған қимыл –әрекеттің иесін білдіретін мүше –бастауыш. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

Бастауыштың іс-әрекетін білдіретін –баяндауыш (не істейді?)

Қимыл –әрекеттің объектісін білдіретін –толықтауыш. (Сұрақтары-атау, ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтары)

Заттың сынын, белгісін білдіретін –анықтауыш (қандай? қай?)

Қимыл-әрекеттің сынын, сапасын білдіретін –пысықтауыш (қашан? қайда? т.б.)

2. Сөздік жұмысы. (Оқулықта берілген жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру)

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1.Мәтінді орыс тіліне аудару.

2.Мына сұрақтарға жауап беру.

-Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

-Жылқының етінен не дайындайды?

-Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?

ІІ деңгей.

1.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңднр.

2.Мәтіннен шартты райда тұрған етістігі бар сөйлемді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіру.

І деңгей.

Жаңа сөздерді қатыстырып, «Қазақтың ұлттық тағамдары» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: ережені, сөздікті жаттап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Сөйлем мүшелерін ажырата алу, жаңа сөздерді меңгерту, деңгейлік тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ас-адамның арқауы. Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты: А) Ас-адамның арқауы тақырыбымен таныстыру, сөйлем мүшелері туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағамдарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені, сөздікті жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырып бойынша жұмысты жалғастыру.

2.Мақал-мәтелмен таныстыру.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдің мәнін түсініп жаттау.

Ат-адамның қанаты,

Ас –адамның қуаты.

2-тапсырма. Кесте бойынша сөйлемдер құру.

Ұлттық

сусындар

тағамдар

қымыз

қазы

айран

қарта

шұбат

жая




шұжық




қазақша ет




қуырдақ

3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

5-тапсырма. Сөйлемдердің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін сұрақ бойынша тауып, астын сызу.

Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар.

Ол Көкшетау облысындағы Бурабайда орналасқан.

Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: Ережені жаттап келу, 4-5 сөйлем құрастырып келу.

(сөйлем мүшелеріне байланысты)

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Сөйлем мүшелерін меңгерту, тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар. Анықтауыш.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру. Анықтауыш туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5-тапсырма 152-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыппен таныстыру.

Заттың сынын, белгісін білдіретін –анықтауыш.

Сұрақтары: қандай? қай?

Мысалы: Ол әдемі көйлек сатып алды. Абай –қазақтың ұлы ақыны.

2.Сөздік жұмысы.

(Жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастыру)

3.Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсіндіру. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажырата алу.

2. Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

ІІ деңгей.

1.Мәтін бойынша диалог құру.

2. Үлгі бойынша етістіктерді теріп алып, сөз құрамына талдап, шақтарын анықтау.

Үлгі: тұр + а +ды (келер шақ)

Жет + у (тұйық етістік)

І деңгей. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме құру.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: 1-тапсырма 153-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы түсінгенін айта алу, жаңа сөздерді меңгерту. Анықтауышты ажырата алу, мысалдар келтіре алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ» ойыны. Пысықтауыш.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру, сол ойын туралы түсінік беру. Пысықтауыш туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1-тапсырма 153-бет.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыппен таныстыру.

Қимыл –әрекеттің сынын, сапасын білдіретін –пысықтауыш (қашан? қайда? қалай?) т. б.

Мысалы: Жазда мен Астанаға барамын.

2.Сөздік жұмысы. (Мәтіндегі қиын сөздермен таныстыру)

3.Мәтінмен жұмыс. «Тоғызқұмалақ» мәтінін оқып, түсінгенін айту.

4.Жаттығу жұмыстарын орындау.

5-тапсырма. Жұмбақтарды түсініп оқып, шешу. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, астын сызу.

1. Тіреусіз күмбез,

Сылақсыз қабырға,

Тұтқасыз есік.

Іргетассыз ғимарат. (Киіз үй)

2.Бір құрсақты,

Екі құлақты,

Он екі белбеулі,

Бір түймелі,

Екі желілі,

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі. (Домбыра)

3. Бір күнде үш байиды, үш жұтайды. (Дастарқан)

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: Пысықтауышқа байланысты 5 сөйлем жазып келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы өз ойын жеткізе алу, пысықтауышты ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Асық ойнау. Сөйлем мүшелерін қайталау.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға қазақтың ұлттық ойыны туралы түсінік беру.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтауышқа байланысты 5 сөйлем жазып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыппен таныстыру.

-Сөйлемнің қандай түрлері бар?

-Тұрлаулы мешелерді атап беріңдер?

-Тұрлаусыз мүшелерді ата?

-Бастауыш қандай сұраққа жауап береді?

-Баяндауыш ше?

-Толықтауыш қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтіріңдер.

-Анықтауыш пен пысықтауыш туралы не білесің?

2. Лексикалық тақырыппен таныстыру.

3-тапсырма. Өзара сөйлесіңдер. Диалогті оқып шығу, өзіне керектісін жазып алу.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді жазыңдар. Сөздіктен аудармасын табыңдар.

Асықтар-альчики, бала-мальчик, ойын-игра, кішкентай-маленький, ұпай-очко, жинау-собирать, жеңімпаз-победитель, ойнайды-играет.

4-тапсырма. «Ұлттық ойындар» тақырыбына жоғарыда берілген мәтінді, диалогті пайдалана отырып, шығарма жазыңдар.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталап шығу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы түсінгенін айта алу, жаңа сөздерді меңгерту. Сөйлем мүшелерін меңгеру, ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Менің сүйікті тағамым»

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.

Б) Қазақтың ұлттық тағамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығарма.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу.

Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шығарма жазу кезеңі. «Менің сүйікті тағамым» туралы жазады.

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма.

Етістікті қайталап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Өз ойларын жеткізе алу, таза, сауатты жаза білу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тамаша табиғат. Үстеу.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Табиғатты құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыппен таныстыру.

Үстеу -заттың іс-қимылының мақсатын (неге? не үшін?) себебін (неліктен? қалай?), мөлшерін (қанша? қаншадан?), күшейтуін (қалай? қандай?) білідреді.

Мысалы: әдейі, жорта-специально

Босқа, текке –зря

Сонша, мұнша-столько

Аса, өте, тым-очень

2.2-тапсырма. Үстеулерді жаттап алыңдар, сөз тіркестерін құраңдар.

Үлгі: босқа бардым, әдейі кел, аса биік, онша алыс емес.

3.Сөздік жұмысы. (Оқулықта берілген сөздікпен таныстыру)

4.Жаттығуларды орындау.

1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, аудару. Осы сөйлемдерді рет-ретімен қойып, мәтін құру. Мәтінге ат қою.

Аспан таза, күн ашық болды. Қырда көп мал жайылып жүр. Таудың етегінде терек, емен, қайың өсіп тұр. Өзен жағасында көк шөп, гүл өседі. Біз сол жерде демалыс күні болдық. Онда торғай, көкек, бұлбұл бар. Жаңбыр жаумады, күн ашық болды. Біз кешке жаяу қайттық.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, үстеудің түрлерін анықтаңдар.

Әдейі айттым, аса көңіл бөлу, тіпті көп, мүлдем білмейді, сонша жауды, амалсыздан бақтым.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: 4-тапсырма 158-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Үстеуді меңгеру, түрлерін ажырата алу, тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жайлауда. Мақсат үстеу.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды мақсат үстеудің сұрақтарымен таныстыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Табиғатты құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма 158-бет мәтіннің мазмұнын айту.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыппен таныстыру.

Мақсат үстеу туралы түсінік беру.

Мақсат үстеудің сұрақтары (неге? не үшін?)

Мысалы: әдейі, жота, біле, тұра.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1.Сұрақтарға жауап беру.

-Қандай жыл мезгілі келді?

-Сендер қайда демаласыңдар?

-Жайлауда не істедіңдер?

-Онда кімдер тұрады?

2. Мәтін көшіріп, әр сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу.

ІІ деңгей.

1. Үлгі бойынша мына сөздерді үстеумен тіркеп жазыңдар.

Келді, демаламыз, мінеміз, аулаймыз.

Үлгі: жай келді.

2.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

3.Жайлау, демалу сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

І деңгей.

1. Үстеу туралы толық мәлімет беріңдер.

2. Жазда қалай дем алатыңдарың туралы айтыңдар.

2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме жазыңдар.

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жайылып жүрген қойлар, бақташы, балалар, кең дала, шалғын шөп, көмектесу, қой бағу, таза ауа, киіз үй.

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: 4-тапсырма 160-бет. Жаңылтпаштарды жаттап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Мақсат үстеуді меңгеру, деңгейлік тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Шелек. Мақсат үстеу.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды мақсат үстеуді ажырата алуға үйрету, берілген мәтіннің мазмұнын айтуға дағдыландыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Табиғатты құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма 160-бет. Жаңылтпаштарды жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты қайталау.

-Мақсат үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

-Мақсат үстеу нені білдіреді?

-Мысал келтіріңдер.

2. Сөздік жұмысы.

3. Мәтінмен жұмыс. Топ бойынша жұмыс.

І топ.

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер, қойылған сұрақтарға жауап беру.

-Шелек қайда тұратын?

-Оның қызметі қандай?

-Шелекпен не болды?

ІІ топ.

5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.

ІІІ топ.

6-тапсырма. Мәтінді оқып шығу. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдерді толықтыру.

Еркін түске дейін ... . ( шыққан жоқ)

Теледидардан цирк пен концерт ... . (оған қатты ұнады)

Әкесінің сөзі есіне ... . (түсті)

Аулада ... . (үлкен цистерна бар)

Цистернадан су алып, ... . (астауға құйды)

VI. Бекіту бөлімі. Сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: 2-тапсырма 160-бет.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже: Мәтіндердің мазмұнын айта алу, сұрақтарға жауап беру, мақсат үстеуді меңгеру.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жазғы ауа райы. Қатемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды берілген мәтіннің мазмұнын айтуға дағдыландыру, жаңа сөздерді меңгерту.

Ә) Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, түсінгенін өз сөзімен жеткізе алу.

Б) Табиғатты құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, оқулық, тақта, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Күтілетін нәтиже: «Жазғы ауа райы» тақырыбымен таныстыру, меңгерту, берілген тапсырмаларды орындай алу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушылармен амандасу. -Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет