Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Диктант «Алтын адам»


Пәнаралық байланыс: орыс тілі



бет10/14
Дата01.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#2935
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өлеңді жаттап келу 129-бет бойынша.

2-тапсырма сөзжұмбақты шешу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыптарты түсіндіру.

Болымды етістік кел, жаз, қара, айт.

Болымсыз етістік барма, келме, жазба, айтпа, күлме.

2.Сөздік жұмысы.

Кедей-бедняк

Ұйықтап жату-спать

Қуану-обрадоваться

Ұстап алу-поймать

Сатып алу-купить

Өсіру-вырастить

Қой қоздау-окотиться

Қызметкер-слуга

Айқайлау-кричать

Шошу-испугаться

1-тапсырма. Мына тұйық етістіктерді септеңдер.

Бағу, асырау, беру.

2-тапсырма. Үй жануарлары мен үй құстарын атап, олардан сөйлемдер құраңдар.

Үй жануарлары: сиыр, ...

Үй құстары: тауық, ...

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, оған ат қойыңдар. Мәтіннен етістіктерді теріп, тұйық етістік түрінде жазып алыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар.

1. Осы әзіл негізінде кейіпкердің қандай қасиеті туралы айтуға болады?

2. Мәтінде қандай үй жануарлары мен аң аталған?

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма: 4-тапсырма 131-бет.

ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Үй жануарлары тақырыбы бойынша сөйлесе алу, болымды және болымсыз етістіктерді ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жылқы, сиыр, қой, ешкі. Салт және сабақты етістік.

Сабақтың мақсаты: А) Салт және сабақты етістік туралы түсінік беру, оны ажырата алуға үйрету. Лексикалық тақырыппен таныстыру.

Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үй жануарлар суреті.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден жеке берілген тапсырмаларды орындап келу.

2-тапсырма сөзжұмбақты шешу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сабақты етістік (переходные глаголы) табыс септіктің сұрақтарына жауап береді.

Кімді? Нені?

Мысалы: Асқарды шақыр, қаламды бер, балаңды оқыт, нанды тура.

Салт етістік (непереходные глаголы) табыс септіктен басқа қалған етістіктің сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: төсекте жатыр, үйге кел, орныңнан тұр, ұшақпен ұш, машинамен жет.

2.Лексикалық тақырып бойынша жұмыс.

3.Тапсырмалар орындау.

1-жаттығу. Берілген етістіктердің салт және сабақты түрлерін анықтау.

2-жаттығу. Болымды етістіктерден болымсыз етістік жасаңдар.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Шығармаға дайындалу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Үй жануарлары тақырыбы бойынша сөйлесе алу, салт және сабақты етістіктерді ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің төлдері. Салт және сабақты етістік.

Сабақтың мақсаты: А) Салт және сабақты етістік туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру , оны ажырата алуға үйрету. Төрт түлік мал туралы түсінік беру.

Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Б) Үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үй жануарлар суреті, төрт түлік малдың суреті.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Етістікті қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Сабақты етістік (переходные глаголы) табыс септіктің сұрақтарына жауап береді.

Кімді? Нені?

Мысалы: Асқарды шақыр, қаламды бер, балаңды оқыт, нанды тура.

Салт етістік (непереходные глаголы) табыс септіктен басқа қалған етістіктің сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: төсекте жатыр, үйге кел, орныңнан тұр, ұшақпен ұш, машинамен жет.

2.Мәтінмен таныстыру.

Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олдар адамға киім, тамақ береді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік мал деп атайды.

Түйе-малдың үлкені.

Жылқы –малдың үркегі

Сиыр –малдың сүттісі,

Қой-түліктің құттысы.

3.Сөздікпен таныстыру.

Қызмет етеді-служат

Төрт түлік –четыре вида домашнего скота

Үркегі-пугливый

Құттысы-приносящий благо

3.Тапсырмалар орындау.

Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, малдың пірі туралы жазып келу.

ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Төрт түліктің төлдері тақырыбы бойынша сөйлесе алу, салт және сабақты етістіктерді ажырата алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің сүйікті үй жануарым. Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты: А) Менің сүйікті үй жануарым туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден өлеңді жаттау, малдың пірі туралы жазып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Нәтиже сабақ.

1. Үй жануарлары туралы айтып беріңдер.

2. Етістік деген не? Тұйық етістік қалай жасалады?

3. Төрт түліктің пайдасы қандай?

2. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

(Модуль бойынша тест сұрақтарына жауап беру)

VI. Бекіту бөлімі.

Ү. Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.

ҮІ. Бағалау бөлімі.

Оқушылардың дәптерлерін жинап, бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Үй жануарлары тақырыбын меңгеру, берілген сұрақтарға жауап беру, тапсырмалар орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Көктемдегі ауа райы. Етістіктің шақтары.

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларды көктем табиғатымен, табиғат құбылыстарымен таныстыру. Етістіктің шақтары туралы түсінік беру.

Ә) Балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Елін, жерін сүйіп, халқына адал қызмет етуге, табиғатты қорғауға табиғат арқылы әсемдікті тануға, оны қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, көктем суреті.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Етістікті қайталап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Етістіктің 3 шағы бар.

Нақ осы шақ (собственно-настоящее время)


Жедел өткен шақ (очевидное прошедшее время)

Ауыспалы келер шақ

(переходное будущее время)



Не істеп отыр?

не істеді?

не істейді?


Түбір +ып, іп, п, а, е, й-тұр, жүр, отыр, жатыр +ж.ж. (жіктік жалғау)


Түбір +ды, ді, ты, ті+ж. ж.


Түбір +а, е, й+ж. ж.


бар-ып отырмын, айт-ып тұрмын.

бар+ды+м, кел+ді+м.

бар+а+мын, жаз+а+мын.

2.Сөздік жұмысы.

Сең-льдина бұлтты-облачный

Бүршік-почка қатады-замерзает

Жер жібиді-днем тает снег кеш-поздно

3.Кластер құру.

Қар ериді Жаңбыр жауады

Сең жүреді КӨКТЕМ Күн жылынады

Ағаштар бүршік жарады Құстар ұшып келеді

4. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді қатыстырып. Сурет бойынша әңгіме дайындау. Берілген етістіктің шақтарын анықтау.

2-тапсырма. Телефонмен сөйлесу.

Көктемгі каникул басталды. Күн жылынды. Сендер сыныптастарыңмен жексенбі күні тауға шықпақшы болдыңдар. Радиодан жексенбі күнгі ауа райының салқындайтыны туралы айтылды. Телефон арқылы сыныптастарыңа не айтар едіңдер?

VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

К-көк

Ө-өзен

К-күн

Т-табиғат

Е-ериді

М-мезгіл

Ү. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Етістіктің шақтарын ажырата алу, көктем туралы әңгіме құрай алу, сұрақтарға жауап бере алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Мейірім. Осы шақ түрлері.

Сабақтың мақсаты: А) Осы шақ етістіктің түрлерімен таныстыру, ажырата алу.

Ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Табиғатты қорғауға, табиғат арқылы әсемдікті тануға, оны қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Осы шақ – сөйлеп тұрғанда және дағдылы орындалатын қимыл.

Осы шақтың екі түрі бар:

1.Нақ осы шақ-сөйлеп тұрғанда орындалатын жатқан қимыл.

1.Отыр, тұр, жүр, жатыр етістігі жіктеліп келеді.

2. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге отыр, тұр, жүр, жатыр етістігі жіктеліп тіркеседі.

2.Ауыспалы осы шақ-үнемі қайталанып орындалатын, дағдылы қимыл.

1.-а, -е,-й жұрнақты көсемше жіктеліп келеді.

2.-ып, -іп,-п жұрнақты көсемшеге жіктелген –а, -е, -й жұрнақты отыр, тұр, жүр, жатыр етістігі тіркеседі. Кел+е+мін, кел+іп тұр+а+мын.

2.Сөздік жұмысы. (Мәтіндегі қиын сөздерге түсінік беру)

3.Мәтінмен жұмыс.

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеңдер. Мәтінді қалай түсіндіңдер?

4.Тапсырмалар орындау.

Мәтіннен етістіктерді теріп жазу, оны етістіктің осы шағына айналдыру.

VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Етістіктің осы шағына мысал келтіру, ережені оқып келу.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Осы шақ етістіктің түрлерін ажырата алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Көктемгі жұмыс. Келер шақ түрлері.

Сабақтың мақсаты: А) Келер шақ етістіктің түрлерімен таныстыру, ажырата алу.

Ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені жаттап келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Келер шақтың түрлеріне түсінік беру.

2.Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді ауыспалы келер шаққа қойып жазу.

Келді-келеді, бастады-бастайды, жібіп-жібиді, тоңазиды, еріді-ериді, жүре бастады-жүре бастайды, көтерілді-көтеріледі, пайда болды-пайда болады, ұнаттым-ұнаттамын.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді үш шаққа қойып, кестені толтыру. Сөздердің түбір, негіз, жалғауларын үлгі бойынша белгілеу.

Келу-келіп тұр, келді, келеді.

Бастау-бастап тұр, бастады, басталады.

Жібу-жібіп тұр, жібіді, жібиді.

Жылыну-жылынып тұр, жылынды, жылынады.

Болу-болып тұр, болды, болады.

Қату-қатып тұр, қатты, қатады.

Істеу-істеп жүр, істеді, істейді.

4-тапсырма. Суреттер бойынша үш деңгейлі тапсырмалар орындау.

ІІІ деңгей.

1.Суреттер бойынша әр түрлі сөз тіркестерін құраңдар.

2.Әр суретке бір сұрақ құраңдар.

ІІ деңгей.

Өткен шақтағы етістіктерді пайдалана отырып, суреттерге сөйлемдер құру.

І деңгей.

Суреттер бойынша шағын шығарма жазу.

VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Ережені оқып келу, 3-тапсырма 134-бет.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Келер шақ етістіктің түрлерін ажырата алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, деңгейлік тапсырмаларды орындай алу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың көктемгі киімі. Өткен шақ түрлері.

Сабақтың мақсаты: А) Өткен шақ етістіктің түрлерімен таныстыру, ажырата алу.

Ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені оқып келу, 3-тапсырма 134-бет.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

Өткен шақтың үш түрі бар:

Жедел өткен шақ –жақын уақытта орындалып кеткен қимыл.

1.Түбір етістікке, болымсыз етістікке –ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғанады.

М: барды, бардым, бардық.

Бұрынғы өткен шақ сөйлеп тұрған кезден бұрын орындалған қимыл.

1.-ған, -қан, -ген, -кен жұрнақты жіктелген есімшеден, не осы күйдегі есімшеге еді сөзі тіркеседі.

М: барғанбыз, барған еді.

2.-ып, -іп жұрнақты көсемшеге еді сөзі тіркеседі.

М: келіп еді, барып еді.

Ауыспалы өткен шақ орындалып кеткен дағдылы қимыл.

1.-атын жұрнақты жіктелген есімшеден, не осы есімшеге еді сөзі жіктеле тіркеседі.

М:Баратын едім.

1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

2-тапсырма. Суреттердегі киім атауларынан сөз тіркестерін құру.

Көктемгі бас киімдер: бейсболка, кепка, орамал.

Көктемгі сырт киімдер: пальто, күртеше, кофта, пиджак, плащ.

Көктемгі аяқ киімдер: бәтеңке, етік, туфли.

VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма. Ережені оқып келу, 3-тапсырма 137-бет.

ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Өткен шақ етістіктің түрлерін ажырата алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, адамдардың көктемгі киімдерін айта білу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты.

Сабақтың мақсаты: А) Етістіктің шақтары бойынша алған білімдерін пысықтау. Сауатты, таза жазуға үйрету.

Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б) Жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бақылау диктанты.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тақта.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйден ережені оқып келу.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

Диктант жазу.

Көктем.

Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді.

Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді.

Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып, жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», -дейді халық. Бірігіп, үлкен жұмыс істедік. (70 сөз)

Тапсырма: Берілген етістіктердің шақтарын анықтау.

Болды-өткен шақ, келе жатыр-осы шақ, жырттым-өткен шақ, батты-өткен шақ, келді-өткен шақ.

Тапсырма: Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Көктем-6 әріп, 6 дыбыс, 2 буын –бітіеу буын, 4 дауыссыз, 2 дауысты.

К-дауыссыз, қатаң.

Ө-дауысты, жіңішке, ерніндік, ашық.

К-дауыссыз, қатаң.

Т-дауыссыз, қатаң.

Е-дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

М-дауыссыз, үнді.

Ү. Бекіту бөлімі:

ҮІ. Үйге тапсырма.

Етістіктің шақтарын қайталау.

ҮІІ. Бағалау бөлімі:

Оқушылардың дәптерлерін жинап алу, бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Күтілетін нәтиже: Етістіктің шақтарын меңгеру, ажырата алу. Сауатты, таза жазу.

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Наурыз-ұлттық мейрам. Қатемен жұмыс.

Етістіктің шақтарын қайталау.

Сабақтың мақсаты: А) Етістіктің шақтары тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.

Ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, кесте, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Кезекшінің мәліметі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Етістіктің шақтарын қайталап келу. (Сұрақтар бойынша еске түсіру)

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.

ІҮ. Жаңа сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет