Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оқушылармен, ұжыммен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі.
Модуль /пән атауы:, Бала, ұжым және ата-аналармен қарым-қатынас орнату.
Педагог Қалыбай Әйгерім дайындады.
2024 жылғы « » қазан
1.Жалпы мәліметтер Курс, топ: МДТ 23-9
Сабақ түрі:Аралас сабақ
2. Мақсаты, міндеттері: Оқушылармен, ұжыммен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі жайлы түсінік беру.
3. Күтілетін нәтижелер: - Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметін сипаттайды;
- Қарым ‒ қатынас құралы және қарым ‒ қатынас түрлерін түсінеді.
4. Қажетті ресурстар: Ноутбук, интерактивті тақта, презентация, бейнекөрсетілім.
1.Бұзаубақова К.Қ. «Оқытудың ұжымдық технологиясы», 2006.
2.М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», А.,2002.
3. Губайдуллина Г.Н. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Оқу құралы, Ө., 2013.
4.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
5. Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі. а) Студенттермен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру
ә) Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылармен, ұжыммен және ата-аналармен тиімді қарым-қатынас – педагогикалық шеберліктің негізі Педагогикалық қарым ‒ қатынас қызметі Педагогтық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағдайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып өткізіледі. Студенттер әртүрлі жаттығулармен танысып, сол жаттығуларды орындайды. Сабақ соңында жаттығуларды өткізуге байланысты талдау жүргізіліп, қорытынды жасалынады, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланад