Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық. Мақсаты



Дата15.12.2016
өлшемі87,5 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық.
Мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу;
Міндеттері:

  • әр оқушыға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;

  • әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

  • өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: аудиокассета. Қожа Ахмет Йассауи кесені. Астана Бәйтерек, Леонардо да Винчи «Мона Лиза », Г.Ысмайылова «Жұмбақ қыз», Гизедегі Хеопс Пирамидасы сияқты туындылар.
Шаттық шеңбері

Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күлкп қарап жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.

Енді балалар шаттық шеңберінде Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған ескендір Хасанғалиевтің әні «Асыл арманды» көтеріңкі көңіл күймен орындайық.
Мұғалім балалармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, «Асыл арман» әнін айтады.

АСЫЛ АРМАН
Арманым,ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің?

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің?

Арманым,айтарым көп саған менің.



Қайырмасы:

Асыл арман ,асыл арман.

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

Асыл арман аспанымда жарқылдаған құсым ба едің,

Мен сенің құдіретіңе ,мен сенің құдіретіңе түсінбедім.

Арманым,құздан құлар бұлақпысың?

Әлдебір күлімдеген шырақпысың?

Әлдебір албыраған ай ма екенсің.

Арманым,айтшы маған қайда екенсің?

Қайырмасы:

Асыл арман,асыл арман,

Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.

Бұл өмірде ,бұл өмірде ,мен жайқалған алау гүлмін

Арманым, күнде сені ,арманым күнде сені іздеп жүрмін.
Әңгімелесу

Рахмет, ендеше барлығымыз орнымызға отырып мына бейне таспаға көңіл бөлсек осы бейне таспа төңірегінде өз пікірлеріңізді белдірсеңдер. Сендердің достарың армандап отыр енднше осы сұрақ арқылы соның арманын тарқатып көрейікү



Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?

Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдар ма?

« Ойланайық, пікірлесейік» айдарындағы сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың

Адам мүмкіндігі, оны тани білудің маңыздылығы туралы пікірлерін тыңдап, әр оқушынының өз мүмкіндіктерін қалай танитындықтарына назар аударады.

Оқушылардың бірін- бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсе үйренеді. Оқушы проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін пайдаланады. Бұлай ой біріктіру әрбір оқушының біліміне білім қосады.



Тапсырма

Ендеше адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында отандық және әлемдік мұраларға назар аударсақ.

Г.Исмайылованың басты тақырыбына әйел бейнесі. әсіресе бас киім ұлыттық костюм ою- өрнек әшекейлейді. Қазақ - өнеріне қосқан үлесі зор. Ол «Жұмбақ қыз»

Бейнесінде сомдалған

Леорнадо да Винчи – ұлы кескіндемеші, мүсінші, сәулетші, инжер, мтематик.67 жасында дүние салған. «Мона Лиза» шығармасы таңғажайып дүние.Хеопс пирамидасы Египет елінің елтаңбасы іспетті биіктігі 150 метр. Астана Бәйтерек, Қожа Ахмет Иассауй сіздерге белгілі. Осы бейнелерге қарап төмендегі сұрақтарға жауап береміз.


  1. Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдыңдар ?

  2. Өнер туындыларынан қандай ұқсастықтар мен қандай артықшылықтар байқадыңдар ?

  3. Адам мүмкіндігінің шексіз екендігіне тағыда немен дәлелдер едіңдер ?

  4. Адам мүмкіндігінің шексіздігіне қандай мысал келтіре аласыңдар ?

Оқу ақпараты

Балар мәтін арқылы өз қортындыларын жасаған соң оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты қабылдап қана қоймайды, сронымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқаларың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап, оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады.

Оқулықта берілген ақпаратты мұғалі оқып береді.

Әр адам өзін- өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.

Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін - өзі тәрбиелейді.

Ойын

Өз мүмкіндіктеріңізді ой елегінен өткізу мақсатында сіздерді ойын алаңына шақырамын Мұғалім оқушылармен «Кел жақынырақ танысайық» ойынын ұйымдастырады.


Ойынның шарты: балалар шеңбер жасап отырады. Мұғалім балаларға өздерін таныстыру үшін өз бойларындағы жақсы қасиеттерін, нені бағалайтындарын ойлап, ой елегінен өткізуді тапсырады. әр бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін іштерінен ойлайды. Сонан кейін әр бала өз атын атап, өзінің жаұсы қасиеттері туралы кезек-кезек айтып береді.
Мәтінмен жұмыс
Өз мүмкіндіктеріңізді танып оны пайдалана білу қажеттілігін түсіндіру мақсатында

жылдам оқу әдісі арқылы төмендегі мәтінді оқимыз.


Менің атым Қожа

(үзінді)


Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, стол шамды жақтым да, сырыттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, ойрандап жүрген Қожа мен бетпе – бет келіп отырдым.

  • Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек ?

Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да оның жүзіне қарадым:

Ал сөйле батырым ?

Ол арсыз бұны қалжыңдеп ойлайтын болуы керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ерінін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді. Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымда қарс түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым:

Түрегел !

Батырыңа жан керек екен ұшып түрегелді.

Отыр !

Қайта отырды.



Неге шақырдың, Қожатай ?- деп, әжем кіріп келе жатыр.

Шақырғам жоқ әрі барыңыз.

Дауыстағандай болдың ғой ?- Сізге ме.... жайша. Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр. Бөгет жамаңыз.

Кеңесі несі ?

Әжем бір сітке аңырап, үрке қарап қалды.

Әкем- ау мынау не айтады ? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге қойдың ?

Ту, мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім, өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатысуға болмайды. Әжем менің қасыма келді. Шарасы қызғылтанып, жасаураған қызыл қоңыр көздері өңменімнен өтіп барады.


  • Айналайын, әжетай барыңызшы. Бөгет жасамаңызшы .Тартыншақтағанына болмай әжемді шығарып жібердім де, есікті іліп алдым.

.....Құпия кеңес бір сағаттай уақытқа созылды. Ақырында төмендегідей тұжырмға кеп, бір ауыздан қаулы қабылданды.

ҚАУЛЫ.Қдыров Қожаның жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай кеп, құпия кеңес мынандай қаулы алады:

«БІРІНШІ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетіп бітеді екен. Оған көзім әбден жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян. Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да алмай қоюы мүмкін. Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек.

Ол үшін: а) бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма жүремін. Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.

ә) Осыдан былай ешқандай тәртіпсіз,тұрпайы сөзді аузыма алмаймын. Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрамын.

ЕКІНШІ. Әрбір тәртіпсіз қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі төмендегіше болады:

а) егер біреуге тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.

ә) біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда қия басып шықпаймын, үйде отырамын. Яғни өзімді үйде қамаймын деген сөз.

в) егер біреудің лақ қозысы, тауық, қаза, иті біздің үйдің маңына жолап кетсе, ұрып қуалайтын жыным бар. Бұным да жарамайды, жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой. Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғарғы тауық базаға демалмастан екі рет жүгіріп барып келемін.

ҮШІНШІ. Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасымбұдан былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бүгіннен былай үзіледі. Ол екеуміздің сертіміз бігіннен бастап күшін жояды.

ТӨРТІНШІ.Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушы қатарына қосылуым керек. Ол үшін:

А) сабақтан бір сағатта себепсіз қалмаймын.

ә) үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам.

БЕСІНШІ. Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын.

Осы айтылғандарды жүзеге асыру мен үшін үлкен сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей, адам болатын басқа жолды іздеп табуым керек».

Қаулы бір ауыздан қабылданды.

Осы кезде ауыз үйден тысырлаған аяқ сыбысы, біреулердің сөздері естілді. Есікті тартқылап қаға бастады.

Қожатай, аша ғой, шыбыным.....

Түрегеліп барып, есікті аштым. әжем мен Әубәкір шал тұр. Көзқарастары бір түрлі үрейлі, жұмбақ.

Сен немене, жападан – жалғыз есікті іліп алып отырғаның ?

Жайша.... Сабақ оқып отырғаным ғой.

Қожатай, мына атаң тамырыңды ұстатшы, шыбыным, дейді әжем. Шошып қалдым.

Неге не болыпты ?!

Түнде ұйқысырап, сөйлеп шығып едің. Кім біледі.....

Мына атаң ұстап көрсін тамырыңды. Өңің де бір түрлі балбырап тұрған тәрізді.

Менеріксізден күліп жібердім.

Әй,әжем, мейрімді әжем, мені ауру ғой деп тұрмысыз.

Ауру түгіл дәнеңем де жоқ. Сап – саумын.

Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп, бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім.Шіркін бүгінгі кеш қандай әсем еді. Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр. Клуб жақтан гармонгь үні, балалардың шуылдап ойнаған дауыстары естіледі. Бойымда керемет бір жігер оты лапылдап, солай қарай бет алдымда. Ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние..... «Ұш ! Самға !» деп қолтығымнан қанат бітіретін

арман нысанына қарай алып ұшатын тәрізді.

Лаула ! Лаула жігер оты ! Самға қиял құс!

Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

Енді балалар бір сәтке көгілдір экранға назар аударып, өз өмір тәжірибемізді ортаға салсақ. Кейіпкер өз мүмкіндігін жүзеге асыру үшін алдына мақсат қойып , қалай жоспарлағанына назар аудару арқылы мысал келтіреңдер.
Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік бар ма ?
Қожаның өз мінез- құлқы жайлы ойлауына не мәжбүр етті ?
Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер ?
Мұғалім оқушыларға кейіпкердің өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін өздігінен мақсат қойып, оны қалай жоспарлағанына баса назар аудартуы арқылы балалардың да өз өмір тәжірибесін ортаға салуына мән беруі тиіс.
Дәйексөз
Сабақта берілген ақпараттар мен білімді т.йіндеу мақсатында Әл-Машанидің қанатты сөзін қолданнамын.
Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары-ізденген мәңгі сана

Өзіңді-өзің танысаң-істің басы;

Түзеген өз ғаламын болған дана



«Жан құмары», «Өзіңді-өзің танысаң-істің басы» деген сөз тіркестерінің мағынасын талқылатамын.
Жан құмары – ой - өрісінің дамыуы сана , ақыл оймен еңбек етуі.

Өзіңді - өзің танысаң - істің басы. Өзіңнің икемің, бейімің бар жаның қалаған іске ұмтыл, сол жолда аянбай ет, мақвсат қоя біл, жетуге талпын сонда ғана бір нәтижеге жетесің дегенді білдіреді.


Жүректен жүрекке
Сабақты аяқтау үшін оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, қоштасар алындатілек айтсақ. Оқушылар өз тілектерін былай бастауларына болады:

«Мен өзіме және өзімнің достарыма амандық тілеймін...».


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет