Сабақ жоспары
Пәннің аты: Ритмика
Сыныбы: 4 «ин»
Мұғалім: Сатбаева М.Б.
Күні, айы, жылы: 09.10.2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сабақ бойынша алған білімі: Ырғақты – қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып, бұлшықеттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал ету..
Түзетушілік:
Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.
Дидактикалық ойын арқылы зейінін дамыту.
Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау процестерінің жетілуіне ықпал ету..
Тәрбиелік:
Пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдептілікке татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: доп, шарлар, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Баланы психологиялық жағынан дайындау.
Оқушылардың назарын аудару.
Қазір қай мезгіл?
Күз мезгілінде неше ай бар? Атап шығайық.
Бізде қазір қандай сабақ?
4 –ші сағат – ритмика сабағы
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру
Дидактикалық ойын:
І. Кеңістікті бағдарлауға үйрету. Залға саппен кіргізу.
ІІ. Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек –кезек лақтырып жылы лебіздерін білдіреді.
Аспанымыз ашық болсын!
Елімізде бейбітшілік болсын!
Барлық бала бақытты болсын!
ІІІ. Тыныс алуға арналған жаттығулар.
Балалар, қазір бойымызды тік ұстап,демді мұрынмен ішке тартып, ауызбен ауа шығарамыз.
Қоңыз жаттығуы. Балалар тұрып, қолдарын жанына қояды. Енді қолымызды көтеріп демаламыз. Тынысымызды шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетеміз. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіріп, ж-ж-ж деп айтады.
Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.
Дөңгелегі дөңгелеп,
Біздің поезд келеді.
Балаларды алысқа,
Апарғысы келеді.
Гу – гу, Гу –гу, Гу-гу
Жүгіреді паравоз
Балаларды алысқа
Апарады паравоз.
Сергіту сәті: Мен қазақпын биі
Бекіту: Доп кімде ойыны
Шеңбер болып отырып, допты бір-біріне жылдам береді. Кенет әуен тоқтағанда, доп кімде болса, сол өз айыбын өтеуі тиіс.
Шарлар ойыны.
Көк шар – шапалақтау
Жасыл шар – тебіну
Сары шар – үндемеу
Қызыл шар – алақай! – деп айқайлау.
Қорытынды : Оқушылар, бүгін не істедік? Қандай жаттығулар жүргіздік? Ойын түрлері ұнады ма?
Үйге тапсырма: Дене қимылдарына арналған жаттығуларды үйде қайталаймыз
Бағалау: Мақтау, мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |