Енді экранға көз салып, Египеттегі пирамидалар жөнінде мәліметті тыңдайық.
-Ніл өзенінің батыс жағалауында аспанмен тілдескен «Әлемнің жеті кереметінің бірі – пирамидалар тұр.Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Ең биік пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған, ал оның биіктігі 150м жуық екен. Геродоттың есептеуінше құрылысты салуға 20жыл уақыт кеткен.Пирамидаға таяу жерде басы адам, ал тұлғасы арыстан бейнесіндегі алып мүсін- Улкен сфинкс бар, оны халық «үрей атасы» дейді екен.
Сонымен «Әлемнің жеті кереметінің бірі - пирамидалар» екен. Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбының ішінде осы пирамидаға да тоқталатын боламыз.
ІІІ. Құзіреттілігін арттыруға тапсырмалар. "Кемпірқосақ" әдісі
Қызыл түс: Бейбітшілік және келісім сарайының суретінен 1)пирамиданың түрін анықтап, суретін салыңдар; 2) Сызғышпен өлшеп, берілгендерін жазыңдар; 3) Пирамиданың бүйір бетінің және толық бетінің аудандарын табыңдар
Сары түс: Пирамиданың берік болып шығуы үшін 4металдан жасаған труба орнату керек. Әр трубаның бірінші бөлігі 62 м биіктікке бекітілу керек, ал екінші бөлігі табандары 62 м болатын төбелеріне бекітілу керек. 297 м труба пирамиданы бекітуге жете ме?
Жасыл түс: Еденінің ауданы 6*4 м2, биіктігі 2,5 м. терезесі жоқ бөлменің қабырғаларына түсқағаз жапсыру үшін ұзындығы 15 м, ені 1 м түсқағаздың қанша бумасы қажет?
1 . Көпжақтардың анықтамасымен формуласымен танысады, дәптерлеріне жазып, суретін салып отырады.
ІІ. Тақтада орындалады.
ІІІ. Диалогтық оқытудың "кумулятивтік әңгіме" әдісі бойынша жұмыстанады.
Қорытынды
1. – Балалар, әрқайсыларыңыздың алдарыңызда тікбұрышты параллелепипед тәрізді коробка бар. Төбелерінің санын, қырларын, жақтарын есептеңіздер. Эйлер теоремасы орындала ма тексеріңіздер. Коробканы жасау үшін қанша картон қағаз керек болар еді?
2. Қорытындылау, бағалау.
–Сонымен, бүгін не үйрендіңдер? Бүгін біз білгендерімізге тағы не қостық? (Оқушыларды сабаққа қатысқаны бойынша марапаттаймын, критерий бойынша бағалаймын)
3. Үйге тапсырма: Параллелепипед, призмалар, пирамида түрінде тұрғызылған Астана қаласындағы ғимараттар жөнінде мәліметтер.
VI. тарау §4№745 2)-4), №746 2)-4)
1. Әрқайсысы қырын, төбесін, жағын есептейді. Сызғышпен өлшейді. Параллелепипедтің толық бетін табады.