Сабақтың ортасы
|
Өткен сабақты пысықтау: «Бинго» әдісі
Әр адамға шаршыға бөлінген Бингоға арналған
карточка беріледі.
Шаршыда өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар
жазылған. Сұрақтарға кім бірінші жауап берсе,
«Бинго» дейді. Сол оқушыға сыйлық беріледі.
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау,
ынталандыру.
«Миға шабуыл» әдісі
- Функция, процедура дегеніміз не? Есіңе түсір!
- Жолды өңдейтін операторларды «процедура» және
«функция» деп неге екіге бөліп қарайды?
- Қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар?
- Мәтіндік ақпараттарды программалау арқылы
өңдеу әдістерінің қайсысымен таныссыңдар?
«Джигсо» әдісі
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін
ортада талқылайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-тапсырма.
«Құндылықтарды анықтау»
Дескриптор:
1. «Ішкі программа» деген не?
2. «Процедура» деген не?
3. «Функция» деген не?
4. Процедураның жазылу ережесі
5. Функцияның жазылу ережесі
6. Функцияның процедурадан
айырмашылығы
Python программалау тіліндегі жолдық
функциялардың қызметтерін анықтайды.
Фигуралар арқылы бағалау
2-тапсырма.
- Оқулықта берілген практикалық тапсырманы
компьютерде орындаңдар.
Qazaqstan Respublikasy сөзінен Qazaqstan және
Respublikasy сөздерін жеке-жеке қатарларда баспаға
бер. Respublikasy сөзі Respublika болып баспаға
берілсін. Әр сөздің жанына ұзындығын қосып
баспаға берілсін.
Дескриптор:
Жолдық функцияларды қолданып есептерді
программалай алады.
Фигуралар арқылы бағалау
3-тапсырма.
- Python программалау тілінде өздерің танысқан
функцияларды пайдалануға бағытталған тапсырма
мәтінін құрастырыңдар. Құрастырған тапсырма-
ларыңның шешу жолын ұсынып, программасын
жазыңдар.
Дескриптор:
Жолдық функцияларға есеп құрастырып,
программасын ұсынады.
Оқушылардың жұмыстары бағалау парағына балл
қою арқылы бағаланады.
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
|
|
|