Пәнге қатыстылексика мен терминология С дәрумені, йодометрия әдісі
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы С дәрумені...құрамында көп, себебі...
Йод тамшысының саны ... болғандықтан ерітінді түсі... боялды.
С дәруменінің мөлшері... аз, себебі...
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету, құндылықтары дамытылады.
Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.
Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.
Пәнаралық байланыс
С дәруменін анықтауда химиялық ерітінділердің қолданылуы және йодометрия әдісінің қолданысы арқылы химия пәнімен байланысады.
Алдыңғы білім
Оқушылар 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәні бойынша қоректенудің тірі ағзалардың басты қасиеттерінің бірі екенін,7-сыныптан әртүрлі ағзалардың қоректену типтері, азық-түлік өнімдерін органикалық заттардың болуына тестілеуді біледі.
Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға азық-түлік өнімдерін құрамындағы С дәруменінің мөлшерін болжау тапсырмасы ұсынылады. Азық-түлік өнімі РРТ –да көрсетіледі, оқушылар ондағы С дәруменнің мөлшері көп деп ойласа орыннан тұрады. «Аз» деп ойласа орнында қалады. Оқушылардан жауаптарын негіздеу сұралады. Бұл тек болжам, ал ғылыми тұрғыда оны қалай дәлелдеуге болады екен деп жаңа тақырып таныстырылады. Бұл тапсырма зертханалық жұмыстың болжамын жасауға көмектеседі
Бағалау критерийлері талданады.