Майда еритіндер: А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендер: С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.
Осы қорытындыдан сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Дәрумендер туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.
|
https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies
1 -3 слайд
|
Сабақтың ортасы
|
4-19 мин
|
Оқушылар «Экономикалық тиімділік» ойынын ойнайды. Ойынның мақсаты: тағам өнімін жарнамалау. Оқушылар жарнамалау барысында: тағамның құрамы, оның бағалық категориясы, адам ағзасы үшін маңыздылығы сияқты аспектілерін ойластыру қажет. Әсіресе тағам өнімін құрамындағы дәруменнің мөлшеріне, ағза үшін маңызы, ағзада жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдыну алудағы рөліне байланысты ақпараттар ұсынылады. Жарнаманы әзірлеу үшін оқушыларға дәрумен түрлері, ағзадағы маңызы, жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу үшін қажетті тағам өнімдері мысалдары туралы ресурс көздерін ұсынады. Сонымен қатар оқушыларға кез келген тиімді ақпаратты қосуына болады.
Мұғалім оқушыға жарнама даярлау барысында бағыт береді және қолдау көрсетеді.
Жарнамаға қойылатын критерийлер:
Жарнаманың сапасы сурет бойынша көрсетілімі құрамы, бағалық категориясы бойынша 3 аспектіден кем болмау керек;
Тағам өнімінің этикеткалары қолданылады.
Дәруменнің барлық түрлері (А, В, К, Е, С, D) қамтылған.
Жарнаманың мазмұны:
1.Аурудың туындау себептері (ағзада қандай процесстер бұзылатынын)
2. Аурудың белгілері (кем дегенде 2)
3. Дәруменнің адам ағзасындағы маңызы
4. Тәуліктік мөлшері, ерігіштігі
5. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі (кем дегенде 3)
6. Авитоминоздың алдын алу жолдарын қамтиды.
Жарнамаларда комикстер, рөлдік қойылымдар, мақалалар, өлеңдер т.б болуы мүмкін.
Ресрус ретінде оқушыларға ақпараттық парақшалар, видеоматериалдар, ммүкін болса қосымша интернет көздері ұсынылады.
|
1, 2 - қосымша
4-9 слайдтар
3- қосымша
10 слайд
|
20-38мин
|
Жарнамаларды көрсету. Сыныптың қалған оқушылары сатып алушылар ретінде өздерінің сатып алатын өнімдеріне стикерлер беріп отыру арқылы өзара бағалау жүзеге асырылады.
|
Стикерлер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |