Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.
Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салу сұралады. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап кию маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылар белсенді қимыл-қозғалыста болады.
Оқушылар:
Бактериялардан туындайтын аурулар туралы бейне көрсетілім тыңдайды. Жұқпалы ауруларды анықтап, ерекшеліктерін сипаттап, алдын-алу шараларын топта талқылап, тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша сипаттайды.