Сабақтың тақырыбы: Психика мен сананың дамуы. Сабақтың мақсаты


Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар



бет4/5
Дата10.06.2020
өлшемі51,58 Kb.
#72973
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№13 лекция

Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

2. Жануарлардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры (А. Н. Леонтьев).

Сана психикасының ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамның саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланысы жоқ, Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойұсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару; 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактық бейнелеуге өтіп, объектердің астарлы байланыстарына үңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емсс, терендегі зандылықтарын тануға ұмтылады да соларға орай өз әрекет-қылығына бағыт таңдайды; 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге, туа беріліп отырса, адамнын біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Яғни адам иелігіндегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттің тарихи-қоғамдық іс әрекетіи игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек кұралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік катынастың пайда болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет