Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Қорытынды бөлімі.
Бағалау
Үйге тапсырма
|
Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1 – бала: Еліме тыныштық тілеймін!
2 – бала: Аспанымыз ашық болсын!
3 – бала: Деніміз сау болсын!
4 – бала: Күніміз жарық болсын!
5 – бала: Көк туымыз биік болсын!
1) « Қасқыр мен түлкі » ертегісін оқып түсінігін айту.
2)Үй тапсырмасына барлығымыз дайынбыз ба?
3)Ертегіні сахналау.
4) Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру.
Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі сабағымызда өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық тапсырмаларға жауап берейік! Осы тапсырмалар арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Олай болса, 10 саны – қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт. 20 саны – ең кіші бір таңбалы санды ата. 32 санында неше ондық, неше бірлік бар?
- Жарайсыңдар оқушылар. Олай болса , сабағымыздың тақырыбы «Ұр, тоқпақ» ертегісі.
Ертегі- ауызша жеткен халық шығармаларының бірі. Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі.Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет- ғұрпын , нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Ертегінің түрлеріне жеке- жеке тоқталу, түсінік беру.
Ертегіні нақышына келтіре оқу; ертегідегі негізгі ойды ұғындыру; оқушыларға тізбектей оқыту; төмендегі кесте бойынша әңгімелеу.
1-топ: Қаздың тұзаққа түсуі.
2-топ: Шалдың қазды іздеп шығуы
3-топ: «Піс, қазаным, піс»
4-топ: «Құс, есегім, құс»
5-топ: «Ұр, тоқпағым, ұр»
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, сары, қарамыз,
Біз бақытты баламыз!
Егер сендер де ертегідегі шал сияқты тұзақ құрған болсаңдар. Ол тұзақтарыңа қаз түссе не істер едіңдер? Бірден тұзақтан босатып, бауыздайсыңдар ма, әлде қаздың өтінішін орындап мұраттарыңа жетесіңдер ме? ( өз ойларын дәптерге жазады). Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.
Ойын: « Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап » сұрақ – жауап.
Оқушыларды мадақтап бағалау.
Ертегіні оқып, мазмұнын айту.
|
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|