Жазушының 1972 жылы жарыққа шыққан кітабы («Жабайы алма»)
Шығармада ауыл баларының ойнайтын ойыны қалай аталады? (Түйе тоқай – басты кертіп, яғни ауыртып ойнайтын ойын түрі)
Қосымның лақап аты және оны неге олай атайды? (тырнауық мысық, төбелескенде ылғи баж етіп бетті тырнайтын)
ІV топ «Аманат»
-
Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жариялана бастады ? (1950 жылдан бастап)
-
Оқиға қай елді мекенде өрбиді? Ол Қазақстанның қай өңірінде? (Ешкіөлмес, Алматы облысы, Сарқан ауданы)
-
Аянның ертегісіндегі кейіпкерлер кім еді? (батырлар, фашистер)
-
Аян қандай түс көрді? ( ағасын көрді, түнде жатарда ағасының пальтосын иіскеп жатқан)
-
Тип дегеніміз не? ( Бірнеше адамға тән қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, нанымды етіп көрсету)
-
Аянның прототипі кім? Ол қазір қайда тұрады? (Науқан Керімов, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы туған.
Дескриптор: - Сұрақтарға толық жауап береді;
- Өз ойын еркін айтады;
-Қате жауап берілген сұрақтардың жауабын түзетеді.
Қалыптастырушы бағалау. Жусан түрлері арқылы бағаланады.
(гүлжусан, сужусан, желжусан)
2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Сен жалғастыр» әдісі. Оқушыларға шығармадан үзінділер таратылып беріледі. Сол үзінділерді байланыстыра отырып, мәтін құрайды. Сол мәтін бойынша кейіпкерді тауып мінездеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: |