Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»



Дата01.01.2020
өлшемі62.24 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Повестен үзінді)



Сабақтың мақсаты: а) Сабақтың тақырыбы: Жусан иісі.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып

көрсету.Аянның өмірін әңгімелеп, өткен

соғыс жылдарындағы ауыр халдерін әңгімелеу.

Білім/гі: Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізуі.

Дамыт/ғы: Оқушылардың сын тұрңысынан ойлау білігін дамыту.

Тәрб/гі: Оқушылардың төзімділікке, жігерлікке адамгершілікке

тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, логикалық ойлау.

Сабақ типі: бекіту, пысықтау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Автор туралы мәлімет, суреттер, тірек-сызбалар интерактивті тақта.,ұлы отан соғысына қатысқан батырларымыздың суреті, тірек сызбалар, мақалдар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгелдеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрап бағалау

Балалар, үйге Бедел Тұрсынбаевың «Алғашқы көмек» әңгімесін оқып,мәтін бойынша плакатка суретін бейнелеп, салған суреттерін қорғау және

мына сұрақтар төңірегінде ізденуге берілді

1.Ақын өмірбаяны

2.1931 – 1932 жылдардағы ашаршылық.

Мұғалім сөзі Күніне қазақ мыңдап өліп жатыр,

Тұқымы сағат сайын кеміп жатыр.

Өз баласын өзі үйітіп,сыйрағын жеп,

Көр азабын тірідей көріп жатыр.

І. Жансүгіров

Бөлімдері 1. Қансонарға дайындау

2. Қансонарға шығу

3. Күдік пен үміт

4. Отбасының қуанышы



Қосымша тапсырма «Ойлан, тап»

Оқушылар бір- біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.

1.Қансонар дегенді қалай түсінесің? Оның пайдасы мен зияны қандай?

2.«Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?» ойды жалғастырып көр

3.Ел басындағы ауыртпалықты әңгіменің қай сөздерінен аңғаруға болады?

3.«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті»

Бұл мақалдардың мәтінге байланысы бар ма?

4.Әңгіменің «Алғашқы көмек» деп аталу себебін түсіндір.



ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941ж 22 маусымда-1945.09.мамыр).

Ол жайлы не білеміз?

Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларымызды білесіңдер?

Биыл жеңістің неше жылдығын тойладық?



1V. Жаңа сабақ:

1. Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллион адам қатысты. Оның 602932 адамы соғыс кезінде қаза тапты. Қаншама бала жетімдіктен, ашаршылықтан зардап шекті. Соның бірі – Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдырымен танысамыз.

Балалар, бүгінгі авторымыз Сайын Мұратбеков бұл әңгімені өз балалық шағын және Аянды есіне түсіре отырып жазған.

Қазақтың кең даласында жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде-кем. Өйткені жерімізде жусан көп және 80-ге жуық түрі кездеседі.

Жусан деп ел атаған, Шөлге берік өскелең.
Шөп ол бойы жатаған. Дәрі – түбір бұтағы,
Дауылға, желге көшпеген, Жусан – қырдың жұпары.
2.Автор өмірбаянына тоқталу.


Сайын Мұратбеков

(1936 жылы15 қазанда шығармалары

Талдықорған өңірі «Ауыл оты»

Қапал ауданы, «Дос іздеп жүрмін

Қоңыр ауылында

дүниеге келген2007ж

дүниеден озған)

1971 жылы Мәскеудегі

М. Горький атындағы

Әдебиет институтында

оқыған.

V.Дәптермен жұмыс.


Повесть деген не?

Баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа ұзақ әңгіме.



V1.Оқулықпен жұмыс.

1. Мәнерлеп оқу

2. Жаңа жолды бөліп оқу
Мұғалім: - Балалар осы әңгіме сендерге қандай сезім тудырды? /Аянышты./

2.Қысқа да , нұсқа ..

Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады? Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?

Аянның кейінгі өмірі қандай болды деп ойлайсың?

Басқаша қандай ат қояр едің?

Әңгіме немен аяқталады?

Жусанды төбенің ерекшелігі қандай?



3.Теріп оқу:

1. Аянның қаралы қағаз алған жерін тауып оқы

2. Аян кірген қораның ішін сипаттаған жерін тауып оқы

3. Аянның қора ішіндегі кейпін суреттеген жерін тауып оқы

4. Соғыстың адамдарға салған қиындығын суреттеген жерін тауып оқы

5. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы


V11.Дәптермен жұмыс.
1 қатар
1. Мына үлгі бойынша қора ішін сипаттаған сөздерді дәптеріңе жаз.

сары су іркілген

Қора іші тұншығардай қапас,тымырсық

тастай қараңғы

2 қатар

Аян бейнесін құрастырамыз.

Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз.
Сырт піш
Аянның бейнесі

Зеректілігі

зейінділігі


мінезі

ұстамдылығы

төзімділігі

3 – қатар Аянға хат жаз

V111.Бейнебаян

Мейрамбек Бесбаевтың «Бозторғай» әнімен соғыс кезіндегі , қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреттері көрсетіледі



IХ . Cабақты бекіту

Венн диаграмма


Сол кездегі жетім балалар

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды


1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата – анасының құқығынан айырлыған балалар

3. тастанды балалар



Ашаршылық құрбандары иен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ата- бабаларымызды ,батырларымызды еске алып бір минут үнсіздік жариялаймыз. /Бір минут үнсіздік./
Сабақтың басында сіздер өз балалық шақтарыңызды еске түсірдіңіздер. Барлығы да қуанышты, күлкілі болды. Ал бүгінгі әңгімеде Аянның өмірінде ондай қуанышты сәттер мүлде болмаған. Көргені қорлық, жетімдіктің, соғыстың зардабы болды. Сондықтан Аянның тағдырын аямаған, сезінбеген адам болмаған шығар дей отырып сабағымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен

қорытындылаймыз.



х. Бағалау

хI. Үйге тапсырма
1. С.Мұратбековтың «Жусан ісі» әңгімесінің толық нұсқасын тауып оқу, бөлім бойынша мазмұндау, суретін салу.
2.Ақын өмірбаянын іздену.
3. Жусан өсімдігі уралы мәлімет жинау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет