Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Геометриялық прогрессияның анықтамасын және n-ші мүшесінің қосындысының формуласын есептер шығаруға қолдана білуді меңгерту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзбетінше оқуға,ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылығы: Теориялыұ білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қорытындылау, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,тест, деңгейлік тапсырма
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі (түгендеу, үй тапсырмасын ауызша тексеру) № 306,320
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1. Сызба арқылы жұмыс
ІІ.2. Оқулықпен жұмыс № 312 (1,4,6), № 315(1,4), № 321 (1,2), №325 (1,3)
ІІ.3. Деңгейлік тапсырмалар бойынша тест
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:
саны берілгені Табу керек А В С
А 1 а1=-3, а2=10 d 13 3 -13
2 в1=3, g=2 s6 36 93 30
3 а1=5, g=3 а6 25 27 30
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:
саны берілгені Табу керек А В С
Б 1 а1=3, d =2 а30 65 61 67
2 в1=7, g=4 в4 448 508 334
3 в1= 3, g=3 s6 1092 1016 1025
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:
саны берілгені Табу керек А В С
С 1 в1=-3, g=1/3 в5 1/21 -1/27 -1/24
2 в1=24, в6=96 g 2 2 3
3 а4=10, а6=20 а1 -5 -7 -3
ІІ.4. Шығармашылық жұмыс
Арифметикалық, геометриялық прогрессия туралы математика тарихынан
ІІ.5. Қорытындылау
Арифметикалық, геометриялық прогрессияның формулаларын, ережелерін меңгеру
ІІ.6. Үйге тапсырма № 312 (2,3,5), № 315(2,3), №325 (2,4)
ІІ.7. Бағалау
Сыныптан тыс «ХХІ -ғасырдың жұлдызы» атты шоу
Акудина Тұрған Қисметқызы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пән мұғалімі
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда пәндер бойынша тестілік сұрақтар қоюда ойын еркін айтуда мүмкіндік деңгейін ескеріп сыныптан тыс шараның үлгісін назарла-рыңызға ұсынамын.
Ойынның мақсаты : сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылы-ғын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Көрнекілігі: ХХІ -ғасырдың жұлдызы , тест сұрақтары, ауызша есептер, калькулятор.
Шақырылған қонақтар: математика бірлестігі мұғалімдері, мектеп мұғалімдері.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1- оқушы Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып,
Аз да болса білімдеріңді толтырамыз.
2- оқушы Сайыс міне басталды,
Ұмыт болғанды еске алды.
Қиын да болса ұзақ сабақ
Жұмыс жасат бастарды
1- оқушы Қиын есеп оңай -ақ шығар
Миды егер шынықтырсаң
Жеңімпаздар алға озар
Математиканы болса ұғар
2- оқушы Архимедтей жаңалық ашар,
Болса үміткер, осы сайысқа үлес қосар
Ұлы матиматик ізін басар
Біздерде жоқ па талапкер?
1- оқушы Қатысыңдар!
2- оқушы Қолдаңыздар!
1- оқушы Есептен шет қалмаңыздар!
2- оқушы Ойнаңыздар!
1- оқушы Ойлаңыздар!
2- оқушы Есеп додасы басталды!
1- оқушы Кірісейік жұмысқа!
2- оқушы Жайбарақат болмаңыздар!
1- оқушы Қатыратын бастарыңды!
2- оқушы Апталық міне басталды!
Құрметті көрермендер , бүгінгі «ХХІ ғасыр жұлдызы» атты ток шоуымызды бастаймыз
Ойынды бастамас бұрын , жюри мүшелерімен танысайық:
Ойынның І - ші шарты бойынша əр қатысушы берілген сұрақтарға тез арада жауап беруге тиіспіз. Əр дұрыс жауапқы 10 ұпайдан беріледі.
І-тур " Бəйге "
1. Жұп жəне тақ
2. БІЛІМ бағалау тəсілі
3. 12 ай
4. Құран сүресі
5. Музыкалық əріптер
6. Қазақтың ұлы ақын
7. Бөкей көтеріліс бас батыр
8. Оқушы үстелі
ІІ тур " Полиглот "
1. Математикалық тире
2. Қазақ тілінде қанша əріп бар
3. Қоршаған орта
4. теңгең болғанша, досың болсын
5. Окунь- 5 , лещь
6. Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді
7. Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама
8. Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер
ІІІ- тур" Формула сыры "
Бұл бөлімде оқушыларға математикалық шамалардың формуласы көрсетіледі, дұрыс жауабын айт.
1. Жылдамдық 𝓥=S*t
2. Уақыт t=𝓥/S
3. Көлем V=abc
4. Периметр P=4a
5. Тік төртбұрыштың периметрі P=2a+2b
6. Жол S=𝓥/t
М.Өтемісұлы " Соғыс " өлеңі
IV – тур «Жанды сұрақтар»
Пәндер бойынша тестілік сұрақтар беріледі
Тарих
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті кім?
А) Қонаев Д. Б)Назарбаев Н. В) Абылай хан Г) Жәнібек пен Керей
Жаратылыстану
Жер бетіндегі ең суық ауданлар:
А)Тау шыңдары Б) Полюс В) Теңіз жағалаулары Г) Экватор
Матемтика
Бір жылда отыз күннен тұратын неше ай бар?
А) 12 Б) 10 В) 4 Г)11
Қазақ әдебиеті
М. Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?
А) 1801 ж Б) 1803 ж В) 1806 ж Г) 1809 ж
V-тур «Жорға»
Сәуленің ұшы болады ма?
13/6 Бөлшегі қандай бөлшек?
Теңдеуді шешу үшін?
Бір жылда қанша ай бар?
а мен в көбейтіндісі неге тең?
Дұрыс бөлшек дегеніміз:
Қай қаланың бір бөлігі Еуропада,бір бөлігі Азияда орналасқан?
Бір тал кессең- он тал .....
Біреу тоңып секіреді .....
1 % дегеніміз....
Түзудің ұштары болады ма?
3/5 бқлшегі қандай бөлшек?
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
Шаршының периметрі неге тең?
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін ...
Ғани Мұратбаевтің неше жылдығын тойлаймыз?
Бір жылда қанша жарты жыл бар?
2% дегеніміз...
М.Өтемісұлының қанша жылдығын тойлаймыз?
Сөз қазылар алқысына беріледі.
«ХХІ ғасыр жұлдызының» жеңімпазын құттықтау.
Марапаттау
ХХІ ғасыр жұлдызы : -------------
Акудина Тұрған Қисметқызы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пән мұғалімі
Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге логикалық сұрақтарға, жұмбақтар
« Көңілді тапқырлар»
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың математикалық ойлау қабіліетін дамыту, аоған білімдерін тереңдету,кеңейту.
Нақыл сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру,ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: ұлағатты сөздер
1.«Ақыл – ойды тіртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов)
«Математика –ғылымдарыдың патшасы» (К.Гаусс)
«Математиканың өз тілі бар- ол формула» (С.В.Ковалевская)
Математикалық сайыстың барысы:
І- бастаушы: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар,әділқазылар және оқушылар!
ІІ- бастаушы : Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да , тартымды әлемімен таныссыздар. Сендер бұл ілемнің қаншалықты қызықты , әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.
І- бастаушы: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып , берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз керек.
ІІ- бастаушы: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты,ойларың жинақталған болу керек жіне тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңыздар:
Сайыстың жоспары:
1.Таныстыру. (аты,ұраны, төсбелгісі)
Кім жүйрік ойға-сол алады! (Логикалық сұрақтар)
Математикалық жекпе-жек. (цифрларды байланыстырып мақал-мәтел айту)
Ширату. (анаграмма,ребус шешу)
Жұмбақтар шешу
Сөздер құрау
«Бәйге» Топқа сұрақ
Ендеше,топтарға әділ баға берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Сайыстың барысы:
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид,Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке , жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен , қаталдансың.
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән-математика атанғансың!» - деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.
8.Топтардың амандасу рәсімі (Топпен танысу) . Топ басшылары аттарыңызды,ұрандарыңызды таныстырып өтіңіздер.
Кім жүйрік ойға -сол алады! – деп логикалық сұрақтарға жауап береміз.
Екі әкесі,екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы,баласы,немересі)
Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 минут ұшады да , қайтарда 80 минут ұшады. Неге ? (екеуі бірдей 1 сағат 20 минут = 80 минут)
5 жұмыртқа 12 минутта піседі. 10 жұмыртқа неше минутта піседі? (12 минутта,бәрін бірге саламыз)
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала? (6 бала)
1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)
Төрт пен бестің арасына қандай таңба ққойылғанда , 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі,біреуі сөндірілмегесін жанып кетті)
Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды , әрқайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай? (1 ата , 2 әке , 4 боласы)
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)
Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)
Достарыңызбен бөлісу: |