Сабақтың тақырыбы: «Санның бөлігін табуға»


VІІ. Үйге тапсырма: № 785, № 787(2), №788 (3,4) п.4.7



бет2/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,5 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4

VІІ. Үйге тапсырма: № 785, № 787(2), №788 (3,4) п.4.7

VІІІ. Қорытынды Жай бөлшектер ережесі. Санның бөлігін табу.

ІХ. Бағалау

«Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысы» тақырыбына есептер шығару

Сапанов Латип Жумабаевич

№32 ор та мектептің математика пәні мұғалімі


Сабақтың тартымды өтуі әр мұғалімнің оқушымен жүргізетін жұмысына іскерлігіне байла-нысты. Сабақта жаңа технологияны қолдану, әр оқушының білімділік,зеректік қасиеттерінің дамуына жол ашады. Сабақ барысында жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әр оқушының білімділік, зеректік қасиеттерінің дамуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану оқушыларға сапалы білім берудің негізгі көзі болып табылады.

«Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысы» тақырыбына өткізілген сабақ

жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысына есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Геометриялық прогрессияның анықтамасын және n-ші мүшесінің қосындысының формуласын есептер шығаруға қолдана білуді меңгерту.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзбетінше оқуға,ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылығы: Теориялыұ білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қорытындылау, есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,тест, деңгейлік тапсырма

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі (түгендеу, үй тапсырмасын ауызша тексеру) № 306,320

ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.1. Сызба арқылы жұмыс






















ІІ.2. Оқулықпен жұмыс № 312 (1,4,6), № 315(1,4), № 321 (1,2), №325 (1,3)

ІІ.3. Деңгейлік тапсырмалар бойынша тест
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:

саны берілгені Табу керек А В С

А 1 а1=-3, а2=10 d 13 3 -13

2 в1=3, g=2 s6 36 93 30

3 а1=5, g=3 а6 25 27 30
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:

саны берілгені Табу керек А В С

Б 1 а1=3, d =2 а30 65 61 67

2 в1=7, g=4 в4 448 508 334

3 в1= 3, g=3 s6 1092 1016 1025
Топ Рет Тапсырмалар Жауаптары:

саны берілгені Табу керек А В С

С 1 в1=-3, g=1/3 в5 1/21 -1/27 -1/24

2 в1=24, в6=96 g 2 2 3

3 а4=10, а6=20 а1 -5 -7 -3

ІІ.4. Шығармашылық жұмыс

Арифметикалық, геометриялық прогрессия туралы математика тарихынан

ІІ.5. Қорытындылау

Арифметикалық, геометриялық прогрессияның формулаларын, ережелерін меңгеру

ІІ.6. Үйге тапсырма № 312 (2,3,5), № 315(2,3), №325 (2,4)



ІІ.7. Бағалау

Ойынның мақсаты : сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Көрнекілігі: ХХІ -ғасырдың жұлдызы , тест сұрақтары, ауызша есептер, калькулятор.
Шақырылған қонақтар: математика бірлестігі мұғалімдері, мектептегі мұғалімдер.
Ойынның барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
1- оқушы Сіздерді апталыққа шақырамыз,
Есеппен бастарыңды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып, 
Аз да болса білімдеріңді толтырамыз.
2- оқушы Апталық бүгін басталды,
Ұмыт болғанды еске алды.
Қиын да болса ұзақ сабақ
Жұмыс жасат бастарды
1- оқушы Қиын есеп оңай - ақ шығар
Миды егер шынықтырсаң
Жеңімпаздар алға озар
Математиканы болса ұғар
2- оқушы Архимедтей жаңалық ашар,
Болса үміткер, осы апталыққа үлес қосар
Ұлы матиматик ізін басар 
Біздерде жоқ па талапкер?
1- оқушы Қатысыңдар!
2- оқушы Қолдаңыздар!
1- оқушы Есептен шет қалмаңыздар!
2- оқушы Ойнаңыздар!
1- оқушы Ойлаңыздар!
2- оқушы Есеп додасы басталды!
1- оқушы Кірісейік жұмысқа!
2- оқушы Жайбарақат болмаңыздар!
1- оқушы Қатыратын бастарыңды!
2- оқушы Апталық міне басталды!
Құрметті көрермендер , бүгінгі «ХХІ ғасыр жұлдызы» атты ток шоуымызды бастаймыз
Ойынды бастамас бұрын , жюри мүшелерімен танысайық:

Ойынның І - ші шарты бойынша əр қатысушы берілген сұрақтарға тез арада жауап беруге тиіспіз. Əр дұрыс жауапқы 10 ұпайдан беріледі. 
І-тур " Бəйге " 
1. Жұп жəне тақ
2. БІЛІМ бағалау тəсілі 
3. 12 ай
4. Құран сүресі
5. Музыкалық əріптер
6. Қазақтың ұлы ақын 
7. Бөкей көтеріліс бас батыр
8. Оқушы үстелі
ІІ тур " Полиглот "
1. Математикалық тире
2. Қазақ тілінде қанша əріп бар
3. Қоршаған орта
4. теңгең болғанша, досың болсын
5. Окунь- 5 , лещь
6. Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді
7. Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама
8. Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер
ІІІ- тур" Формула сыры "
Бұл бөлімде оқушыларға математикалық шамалардың формуласы көрсетіледі, дұрыс жауабын айт. 
1. Жылдамдық 𝓥=S*t
2. Уақыт t=𝓥/S
3. Көлем V=abc
4. Периметр P=4a
5. Тік төртбұрыштың периметрі P=2a+2b
6. Жол S=𝓥/t
М.Өтемісұлы " Соғыс " өлеңі
IV – тур «Жанды сұрақтар»

Пәндер бойынша тестілік сұрақтар беріледі

Тарих

  1. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті кім?

А) Қонаев Д. Б)Назарбаев Н. В) Абылай хан Г) Жәнібек пен Керей

Жаратылыстану

  1. Жер бетіндегі ең суық ауданлар:

А)Тау шыңдары Б) Полюс В) Теңіз жағалаулары Г) Экватор

Матемтика

  1. Бір жылда отыз күннен тұратын неше ай бар?

А) 12 Б) 10 В) 4 Г)11

Қазақ әдебиеті

  1. М. Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?

А) 1801 ж Б) 1803 ж В) 1806 ж Г) 1809 ж

V-тур «Жорға»

  1. Сәуленің ұшы болады ма?

  2. 13/6 Бөлшегі қандай бөлшек?

  3. Теңдеуді шешу үшін?

  4. Бір жылда қанша ай бар?

  5. а мен в көбейтіндісі неге тең?

  6. Дұрыс бөлшек дегеніміз:

  7. Қай қаланың бір бөлігі Еуропада,бір бөлігі Азияда орналасқан?

  8. Бір тал кессең- он тал .....

  9. Біреу тоңып секіреді .....

  10. 1 % дегеніміз....



  1. Түзудің ұштары болады ма?

  2. 3/5 бқлшегі қандай бөлшек?

  3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

  4. Шаршының периметрі неге тең?

  5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

  6. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін ...

  7. Ғани Мұратбаевтің неше жылдығын тойлаймыз?

  8. Бір жылда қанша жарты жыл бар?

  9. 2% дегеніміз...

  10. М.Өтемісұлының қанша жылдығын тойлаймыз?

Сөз жюри мүшелеріне беріледі.

«ХХІ ғасыр жұлдызының» жеңімпазын құттықтау.

Марапаттау

ХХІ ғасыр жұлдызы :-------------

« Көңілді тапқырлар»



Сайыстың мақсаты:

  1. Оқушылардың математикалық ойлау қабіліетін дамыту, аоған білімдерін тереңдету,кеңейту.

  2. Нақыл сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

  3. Есептеу дағдыларын жетілдіру,ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.

Сайыстың көрнекілігі: ұлағатты сөздер

  1. «Ақыл – ойды тіртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов)

  2. «Математика –ғылымдарыдың патшасы» (К.Гаусс)

  3. «Математиканың өз тілі бар- ол формула» (С.В.Ковалевская)

Математикалық сайыстың барысы:

І бастаушы: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар,әділқазылар және оқушылар!

ІІ бастаушы : Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да , тартымды әлемімен таныссыздар. Сендер бұл ілемнің қаншалықты қызықты , әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.

І бастаушы: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып , берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз керек.

ІІ бастаушы: Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты,ойларың жинақталған болу керек жіне тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңыздар:

Сайыстың жоспары:

  1. Таныстыру. (аты,ұраны, төсбелгісі)

  2. Кім жүйрік ойға-сол алады! (Логикалық сұрақтар)

  3. Математикалық жекпе-жек. (цифрларды байланыстырып мақал-мәтел айту)

  4. Ширату. (анаграмма,ребус шешу)

  5. Жұмбақтар шешу

  6. Сөздер құрау

  7. «Бәйге» Топқа сұрақ

Ендеше,топтарға әділ баға берер әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:







Сайыстың барысы:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид,Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке , жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен , қаталдансың.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән-математика атанғансың!» - деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.


  1. Топтардың амандасу рәсімі (Топпен танысу) . Топ басшылары аттарыңызды,ұрандарыңызды таныстырып өтіңіздер.

  2. Кім жүйрік ойға-сол алады! – деп логикалық сұрақтарға жауап береміз.

  1. Екі әкесі,екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы,баласы,немересі)

  2. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 минут ұшады да , қайтарда 80 минут ұшады. Неге ? (екеуі бірдей 1 сағат 20 минут = 80 минут)

  3. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі. 10 жұмыртқа неше минутта піседі? (12 минутта,бәрін бірге саламыз)

  4. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала? (6 бала)

  5. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей)

  6. Төрт пен бестің арасына қандай таңба ққойылғанда , 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  7. Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30)

  8. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  9. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі,біреуі сөндірілмегесін жанып кетті)

  10. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды , әрқайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай? (1 ата , 2 әке , 4 боласы)

  11. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4)

  12. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)

  13. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)

  14. Сәуледе бір бүтін,екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)

  15. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

  16. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 – ға тең. Ол қандай сандар? (1,2,3)

  1. Ал,балалар,балалар.

Мақал-мәтел айтайық.

Асулардан асайық,

Білім шыңына біз жетейік.

Кедергені жеңейік.



Бұл « Математикалық жекпе-жек» кезеңінде топтар сандармен берілген мақал-мәтел айтып жарысады.

  1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.

  2. 7 атасын білмеген жетесіз.

  3. Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

  4. 5 бармақ жұмылса жұдырық болады.

  5. 30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды.

  6. 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.

  7. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.

  8. Он мың сөздің түйінін 10 сөзбен шеш.

  9. 40-та қысаң,елуде елес.

  1. Ширату. Сайыскерлеріміз анаграмма шешеді.






д

и

а

М

е

т

р







п

А

й

ы

з







Т

е

ң

д

е

у

ш

е

ң

б

Е

р







М

е

т

р




х

о

р

д

А
















Т

а

қ

т

а

б

И

ғ

а

т







а

К

с

и

о

м

а




р

А

д

и

у

с






  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.

  2. Санның 100 ден 1 бөлігі.

  3. Құрамында белгісізі бар теңдік.

  4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды.

  5. Ұзындық өлшемі

  6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.

  7. 2 бөлінбейтін сандар.

  8. Натурал санның мағынасы.

  9. Дәлелденбейтін ұғым.

  10. Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.

  1. Жұмбақты шешу.

1) Екі тыңшысы,отыз екі бөрісі бар (Бас)

2) Әр күн сайын жыртылдық

Өміріміз бір жылдық. (Күнтізбе)

3) Бірге барып класқа,

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. (Күнделік)

4)Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар. (Киіз үй)

5)Қос құлақты жүз тісті,

Жүзінен бір ақ із түсті. (Ара)


  1. Сөздер құрау.

Теорема-ар,ор,ер, мама, тер, ел, ара, арала, терме, ем, ерме, тор, тар.

Аралас- ас, лас, ар, сал, рас, ара, алас, Сара, сал, Сахар, салалас.

Бөлшек- бөшке, бөлке, бөле, өкеше, өлше, бөл, шек, бел, лек, кел, шөл, шөк, шел, кеш,ек,еш,ел,өш.

Радиус- дара, су, ас, ара, Диас, Сара, дау, рас, ура, асу, ару, ру, ау, дуа, сау.



  1. «Бәйге» Топ басшыларына сұрақ.

І топ.

1)Шеңбердің нүктесін центрмен қосатын кесінді. (Радиус)

2)Сәуленің ұшы бола ма? (Иә)

3) Барлық қабырғалары тең төртбұрыш. (Шаршы)

4)Тік бұрыштан кіші бұрыш. (Сүйір)

5) Қосудың теңдігі. (Қосынды)

6)Ең кіші үш таңбалы сан. (Жүз)

7)Санның жүзден бір бөлігі (Процент)

8)Бұрышты өлшейтін құрал. (Транспортир)

9)Метрде қанша сантиметр. (Жүз)

10)Ең кіші жай сан. (2)

ІІ топ


  1. БІр жылда неше тәулік бар? (365)

  2. Кесінді тұйықталған ба? (Иә)

  3. Берілген фигураның қабырғаларының қосындысы. (Периметр)

  4. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. (Диаметр)

  5. Азайтудың теңдігі. (Азайтынды)

  6. Қай санды бөлуге болмайды. (0)

  7. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)

  8. Шеңберді сызатын құрал. (Циркуль)

  9. 1 кг-да қанша грамм бар? (1000 г)

  10. Ең кіші натурал сан. (1)

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Сарапшылар сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?

(Оқушыларды марапаттау)

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Ақын жанды болмаса,

Математик те бола алмас.

Жақса шумақ тумаса,

Көңілге әсте қона алмас.

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет,мың рахмет!

Шын жүйрік шабысынан танылды,

Нақты білім,терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,



Сіздерге құрметпен қол соғылады.

  1. Қорытындылау. Сайыскерлерді марапаттау.


5-ші сыныптар арасында өтетін сайыс:

« Озық ойлы оқушы»

Ойынның мақсаты:

  1. Әр тақырып бойынша қайталау есептерін шығара білу.

  2. Оқушыларды ұйымшылддыққа , ұқыптылыққа , дәлдәкке тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту

Ойынның көрнекілігі: слайд «Озық ойлы оқушы» , тест сұрақтары , калькулятор, қызыл және жасыл үстелдер,әділқазыларға арналған ұпайлар жазылған карточкалар .

Ойынның барысы.

І. Ұйымдастыру.

Ең алдымен сыныптан екі оқушы шығарып , оларғаекі қорапты таңдап, қораптың астында шыққан қызыл немесе жасыл түсті галстук тағып,сол түске сай үстелге жайғастыру.

Ойынға қатысатын оқушыны таныстыру.

ІІ. «Бәйге» Оқушыларға математикалық сұрақтар қойып,олардың математикалық білімдерін сынайық. Әр жауапқа 10 ұпай.

  1. Қай сан үлкен: 33,42 және 33,456

  2. 50-ді ½ -ге бөліп, 3-ті өоссаңдар,нәтижесі қанша шығады?

  3. Төрт ағайындының әрқайсысына бір-бірден қарындасы болған. Бұл үйде қанша бала болған?

  4. Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады?

  5. 700 санының 1 % ?

  6. Бөлшекті қысқарт: 

ІІІ. «Полиглот» (Жауаптар үш тілде ғана қабылданады)

  1. х(х-2)=63 теңдеуінің түбірі

  2. Жоқ өзінде бас та,қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

  1. 7 қауіпке -...

  2. Бабасы ескенді, ... орады

  3. Тіс- ... қамалы.

  4. Берген сауап –садақа, қасиетті ...

IV. «Көкпар» (Әр сұраққа жылдам-жылдам жауап беру керек. )

  1. а+в=в+а теңдігі нені білдіреді?

  2. Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең.

  3. Күн көзі жылына неше рет шығады?

  4. Түзудің ұштары болады ма?

  5. Жазықтықтың шегі болады ма?

  6. Кесінді тұйықталған ба?

  7. Сәуленің ұшы болады ма?

  8. Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді?

V. «Жанды сұрақтар» (Оқушыларға тест беріледі)

1. Сылыстыр: 0,03 пен 0,036

а) 0,03 ˃0,036 ә) 0,03= 0,036 б) 0,03≥ 0,036 в) 0,03 ˂0,036

2. Ондық бөлшек түрінде жаз:

а)8,0076 ә) 8,076 б) 8,76 в)8,7

3. Жай бөлшек түрінде жаз: 95,076

а)  ә) б) 95 в) 

4. Процентті ондық бөлшек түрінде жаз:

225%

а)2,25 ә)2,025 б)2,0025 в)2,2

5. 1234567-98765=?

а) 1135800 ә)1135802 б)11358022 в)1135803

VІ. «Көрермендер ойыны» (Көрермендерге жаңылтпаштарды қайталап, оқушыларға 10 ұпай сыйға тарта алады)

1.Мына алты ақ алма
Нұрбибі мен Жанарға
Үш сарысы – Анарға
Қызыл алма – Манарға
Қанша сонда бар алма?

2. Есет атам ет асатар
Ет асатса бес асатар


3. Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?

VІІ. «Жорға» (Жауапты 10 секунд ішінде беру қажет)

Қызыл үстелге:

  1. Тіктөртбұрыштың неше қабырғасы бар?

  2. 6-9

  3. 90 о тан кіші бұрыш

  4. 30,40 және 60 сандарының ең кіші еселігі

  5. барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш

  6. 1 %-ы 6-ға тең сан

  7. Қайсысы жай бөлшек:   105

  8. 16 санын бірдей екі бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жаз

Жасыл үстелге:

  1. Шаршының неше қабырғасы бар

  2. 9-5

  3. 90 о тең бұрыш

  4. 12,18,36 сандарының ең үлкен бөлгіші

  5. Үш қабырғасы тең үшбұрыш

  6. 300 санының 7 %

  7. Қосылғыштың орындарын ауыстырғанда ...

  8. Қайсысы ондық бөлшек: 47  36,8

Жеңімпазда марапаттау: Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ қарасын айырып
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл жарысқа
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге мың рахмет
Ендігі сөзді  әділқазы алқасына беріледі

«Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысы» тақырыбына есептер шығару

Сабиева Клара .Ұзақбайқызы

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі


Сабақтың тартымды өтуі әр мұғалімнің оқушымен жүргізетін жұмысына іскерлігіне байла-нысты. Сабақта жаңа технологияны қолдану, әр оқушының білімділік,зеректік қасиеттерінің дамуына жол ашады. Сабақ барысында жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әр оқушының білімділік, зеректік қасиеттерінің дамуына мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану оқушыларға сапалы білім берудің негізгі көзі болып табылады.

«Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысы» тақырыбына өткізілген сабақ

жоспарын ұсынып отырмын.



Сабақтың тақырыбы: «санның бөлігін табуға» есептер шығару
Сабақтың тақырыбы:

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу