Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»



Дата05.02.2022
өлшемі37,08 Kb.
#17787
түріСабақ

Алматы қаласы


Оспанова Айман
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мұғалімі
Әдебиет 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:әңгіме мазмұнына талдай жасай отырып Шоқанның әдеби келбетін ашу, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыру, шығармашылық тақырыбы мен идеясын ашу;
Дамытушылық:оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға жетелеу.
Тәрбиелік:Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды, саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, кубизм
Сабақтың көрнекілігі: Шоқан, Бегалин, Мағжан суреті, АКТ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) түгендеу
ә) сабаққа әзірлік
«Ой қозғау»
-Балалар, қазір қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі өтіп жатыр, ол қазақтың біртуар азаматы М.Жұмабаевқа арналуда. М.Жұмабаевтың өмірін, шығармашылығын өттіңдер, өлеңдерінен жаттадыңдар.Сендер үйден қазақтың сондай бір азаматы аз ғұмыр кешсе де, артына көп мұра қалдырған ғалым Ш.Уәлихановтың бала кезіндегі бір сәттік кезеңін оқып таныстыңдар.
М.Жұмабаев пен Ш.Уәлихановты қатар алу себебіміз, М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастанын жазса, Ш.Уәлиханов Батыр Баян туралы зерттеп, өз еңбегін қалдырған ғалымдарымыздың бірі.
I.Үй тапсырмасын сұрау: «Құсмұрын» аялдамасы
С.Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесін оқу,мазмұндау
I. Сапарғали Бегалиннің өмірінен мәлімет бер.
II. «Бала Шоқан» әңгімесін жоспар бойынша мазмұндау
1. Күзектегі кездесу
2.Досы Шоқанның Мысыққа қамқорлығы
3.Мүсінші Мысық Шоқан үйінде
4.Уәде еттің -орында
5. Шоқанның сыйы
III. Суреттер сөйлейді «Сырымбет» аялдамасы
IV. Тұлғаны таны «Омбы» аялдамасы
1.Ш.Уәлиханов кім?
2.Ш.Уәлиханов қай жылы, қай жерде туылды?
3.Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
4.Ш.Уәлиханов қай жылы, қай жерде білім алды?
5.Шоқанның шын, толық аты кім? Шоқан деп неге өзгертілді?
6.Шоқан туралы кімнің, қандай еңбектерін білесіңдер?
7.Шоқанның өзінің шығармаларын ата.
V. Шоқан салған суреттер. «Жетісу» аялдамасы
VI. Шоқан өміріне саяхат. «Ыстықкөл» аялдамасы
VII.Топтастыру. «Қашқар» аялдамасы
I топ.1. Шоқан бойындағы асыл қасиеттердітеріп жаз.
2.Мәтінде берілген диалогтарды табыңдар.
II топ.1.Шоқанның Мысыққа жасаған жақсылықтарын теріп жазыңдар
2. Мәтіннен теңеулерді табыңдар.
III топ.1. Мысыққа, Жақыпқа мінездеме беріңдер.Венн диаграммасы
2. Мәтіннен эпитеттерді теріп жазыңдар.
Кинофильмнен үзінді. «Петербург»аялдамасы
VIII. Көрініс. «Алматы» аялдамасы
IX.Кім? Қайда? Қашан? «Әулиеата» аялдамасы
I бөлім бойынша:
-Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?
-Жоқ, мен құс істеймін.
II бөлім бойынша:
-Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.
-Жоқ, мен айттым ғой келемін деп, неге келмеймін.
Уәде еттің – орында.
III бөлім бойынша:
-Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын.
-Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол!
X. «Ойна да ойла» ойыны. «Семей»аялдамасы
Ой толғаныс
«Мен таныған Шоқан»
«Менің сүйікті кейіпкерім»
1.Шоқан мен Мысық қай жерде кездесті?
2.Шоқан Мысықты қайда ертіп келді?
3.Мысық нені ермек ететін еді?
4.Шоқан Мысықтың өнерін қалай бағалады?
5.Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
6.Өзің өнердің қай түрін ұнатасың?
7.Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
«Сібір» аялдамасы
Білдім? Білемін? Үйрендім?
XI. Бағалау «Көкшетау» аялдамасы
XII.Үйге тапсырма. «Алтынемел» аялдамасы
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі оқу, мазмұндау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет