Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылы, Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Серікқали ЭльмираСерікқалиқызы , ІІ санат.
Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сақтар туралы білімдерін тиянақтау.Олардың мекендеген жерлерін,тұрмысы мен шаруашылығы,тәуелсіздік үшін соғыстары,мен діни түсініктері туралы мәлемет беру.
Сақтар туралы оқушылардың алған білімін тексеру және бағалау.Ойын сабақ арқылы оқушылардың білімдерін әрі қарай дамыту.
Өз елінің, тарихын білдіре отырып,оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке,сауаттылыққа отаншылдыққа, елжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақ барысы:
Ұымдастыру кезеңі.
Саяхатқа шығу. Оған 3 топ қатысады.
1-топ “Томирис” 2-топ “Геродот” 3-топ “Шырақ”
Жоспары: I Таныстыру
II Іздену
III Ойлан тап
IV Тұлғаны таңы
V Тарихи сынақ хат
VI Кім ?Қашан ?Неге?
VII Қорытынды
-Балалар, бүгінгі сабақта “Сақтар ”тарауынан алған білімдерің тексеріледі.Сабақ саяхат сабақ есебенде өтеді . Сақтар әлеміне кіру үшін, қақпаны ашатын кілтті табу керек .Ол үшін сендер үш топқа бөлініп отырдыңдар ,әр топ өз ұранымен және топ жетекшілерімен таныстырып өтеді.
Сабақты бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.Султангалиева Ұлжан Ғайнолла қызы
Құрметті , оқушылар , бүгін біз қызықты да шытырманға толы саяхатқа шығамыз.Саяхатқа білімді де қайратты оқушылар оқушылар жетеді. Сондықтан іске сәт!
I Таныстыру аялдамасы. Әр топ мүшелерін таныстыру. 1.Ұраны.2. Мүшелері 3. Топ таңбасы. Геродот: Алтынгүл,Мейрамгүл, Бекет, Чингиз, Айым. Томирис: Ақылбек, Айзада, Иусуф, Азиза, Нұрлы. Шырақ:Аружан, Нуркен,Гүлнұр,Мадияр
II Іздену аялдамасы . 1.Әр топқа берілген үй тапсырмасы бойынша тақырыпты қорғап шығу. Сақтардың қоғамдық құрылысы .Сақтардың шаруашылығы. Сақтардың мәдениеті
2. Картамен жұмыс Сақтардың мекендеген жерлерін картадан белгілеп,көрсету.
III Ойлан тап аялдамасы. Берілген сөзден қай топ, бір минут ішінде көп сөз жазады. “Тәуелсіздік “ сөзі
IV Тұлғаны таңы аялдамасы. 1.Сақтардың алғашқы атақты философы,ғалымы.Ақылгөй кемеңгер Солонмен жақын дос болған.(Анарыс Б.д.д 612-547 ж.ж.) 2. Түнеріп жау шапқанда аппақ жүзі Күйретіп, туған жерден түре қуып, Көгімде жарқыраған бақ жұлдызы. Түбіне басқыншының соғыс жеткен, Оған да үш дәуірдей уақыт өткен. Қызғыштай ел қорғаған бабалардың, Ерлігі,ерлік ғажап неткен (Томирис Б.з.б. 570-520 ) 3.Бір сақ азаматы өзінің денесін пышақпен жаралап , парсыларға қашып барып,өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Ол кім? (Шырақ) 4. Б.з.б.530 жылы сақтар жеріне басып кірген парсы билеушісі? (Кир) 5. «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген кім? ( Б.з.б.519-5518 ж Дарии I) 6. Антропологтардың анықтауынша,Есік обасында табылған адам 17-18 жастар шамасында ( Сақ ханзадасы) 7.Б.з.б. IV ғасырда қауып төндірді? ( Александр Македонский) 8.Грек-македон басқыншыларына қарсы соғысты кім басқарды? ( Спитамен) 9. Көз жіберсең шетсіз-шексіз далаға, Үш мыңжылдық уақыт пен араға. Кенде емес-ау, көшпенділер ұрпағы , Ұлы ойшыл , батыр шешен данаға Ол да көшпелі Скиф баласы, Плутарх, Геродоттай данасы .(Анарыс Б.д.д 612-547 ж.ж. V «Тарихи сынақ хат» аялдамасы
1.Сақ әйелдері ( ер жүрек) келеді, соғыс қаупі төңгенде ерлеріне ( көмек ) көрсетіп, ұрысқа араласады. Соқа мен қамыт ( егіншілерге), найза мен садақ- (жауынгерлерге),жайпақ тостаған ---(абыздарға)
2. «Садақпен, (қылышпен) және қола балталармен ( қаруланған ), сауыт ( киген ); соғыс кезінде (олар алтын ) белдік тағып, ( бастарына ) байлауыш байлаған»
3. «Мен сендерді ( адастырып ) ,қырғынға ( ұшыраттым ) , елімді ( аман) алып қалдым, мен дегеніме (жеттім ) .Енді қолдарыңнан ( келгендеріңді) істей беріндер» деп,ерлік көрсетіп , парсылардан осылай кек алады.
4. Олар (егін) екпейді, үй малдарын және ( өзеннен) аулайтын балықтарды
азық (етеді ). ( Сүт) ішеді.
5. Құдайлардың ( арасынан күнге ) табынады, оған жылқыны ( құрбандыққа) шалады.
VI «Кім ?Қашан ?Неге?»аялдамасы
« Сен қанға тоймаушы едің, енді тойғанша іш» дейді
Томирис Кир патшаға
«Бұл көшпенділер көп жағдайда бостандықты,еркін жүруді, тәуелсіз болуды қалайды»
Стробон
«Сақтар бастарына киізден тігілген шошақ бөрік, бұттарына шалбар киіп, қолдарына айбалта, садақ ,қысқа найза сияқты қару- жарақ ұстайтын »
Геродот
«Татымсыз мың достан—адал бір дос артық»
Анарыс
«Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ »
Помпей Трог
«Мен сендерді адастырып, қырғығынға ұшыратым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім.Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер»
Шырақ
«Александр Македонский Сырдариядан жүзіп өтіп , сақтарға шабуыл жасады.»
Арриан
VII « Тарихи мозайка аялдамасы
Бұл кезеңде әр топтың басшылары тақырыпқа байланысты жұмбақ суретті табу керек.
I топ II топ III топ
VIII «Тарих шашуы»
р/с
|
Сұрақтары
|
жауаптары
|
1.
|
Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?
|
патшалар
|
малшылар
|
абыздар
|
егіншілер
|
2.
|
Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атайды?
|
Сақ -тиграхауда
|
Массагет
|
Сақ- парадарайа
|
Сақ – хаумаварга
|
3.
|
Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған?
|
Сақтар
|
Массагеттер
|
Азиялық скифтер
|
дайлар
|
4.
|
Сақтардың тұңғыш философы
|
Геродот
|
Томирис
|
Анарыс
|
Дарий
|
5.
|
Қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекендеген қай тайпалардан шыққан?
|
Үйсін
|
Ғұн
|
Сармат
|
Сақ
|
6.
|
Сақтардың қандай атақты патшасын білесің?
|
Александр
|
Кир
|
Томирис
|
Шырақ
|
IX Қорытынды. «Тестпен жұмыс».
X Бағалау.
Оқушылар тағыда айта кететін жаңалық Кырымда сақтар атты санаториясы бар. Көршілес мемлекет Ресейде сақтар деген ауыл бар. Қазылар қазынаға жеткен топты атайды, белсенді қатысқан топтар мен оқушыларды бағалау. Марапаттау . – Сонымен ,біз сақтар әлемімен танысып, саяхатымызды аяқтадық .Осы сапардан алған әсерлерің туралы шағын шығарма жазып келіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |