ІІІ.Жаңа тақырып
Айтып өткендей,Ақжайық қаншама ұлыларды аялап өсірді?
Осы біздің жаңа тақырыбымызға байланысты, әдетте жаңа сөздермен танысып,жұмыстанамыз.
ІV.Мәтінмен жұмыс.
А) І топ – оқиды
Ә) ІІ топ – аударады
В) Мәтін бойынша мәлімет
Білемін
|
Жаңалық
|
Білгім келеді?
|
|
|
|
|
|
|
Г) Дәптермен жұмыс .Топшамалар үлестіріліп,тапсырма ьеріледі.
І топ – фонет.талдау- Сазгер
Синтак.талдау- сөйлем.
ІІ топ – морф.талдау – сөйлем
Синтак.талдау- сөйлем.
Оқушылар топпен жұмыстанып,қол көтеріп, тақтаға шығып талддайды.
V.Бекіту. Балалар,сазгерлер туралы біршама мәлімет алып,таныстық.
Сабағымызды қорытындылай келе,
А) сұраққа жауап берейік.
Ә) «Тез ойлан, тап.» тест тапсырасын орындаймыз
1. Дина Нұрпейісова -... 8. Е.Хасанғалиев кімнің құрдасы?
А) әртіс Ә) күйші Б) жазушы А) Ш.Қалдаяқов Ә) Қ.Мырзалиев Б) Н.Назарбаев
2. Күйші Сүгір Әлиұлы қашан дүниеге келді 9. Салалас құрмалас сөйлемнің неше
А) 1882 Ә) 1880 Б) 1700 түрі бар
А) 7 Ә) 6 Б) 3
3. Шығайдың ұлының аты
А) Бөкей Ә) Құрманғазы Б) Дәулеткерей 10. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін
анықтаңыз
4. «Той бастар», «Бұлбұл» кімнің күйлері А) ыңғайлас сөйлем Ә) құрмалас сөйлем
А) Д.Нұрпейісова Ә) Н.Тілендиев Б) Қ.Сағырбаев Б) жай сөйлем
5. Жай сөйлемдер неше түрге бөлінеді 11. Е.Хасанғалиевтің ұлының аты кім?
А) 7 Ә) 5 Б) 3 А) Марат Ә) Жаскелен Б) Біржан
6. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар 12. «Адай», «Кісен ашқан» кімнің
А) 3 Ә) 4 Б) 2 күйлері?
7. Домбыра қандай аспап? А) Қ.Сағырбаев Ә) Д.Нұрпейісова
А) үрмелі Ә) ішекті Б) дабылды-шулы Б) Е.Хасанғалиев
В) Сазгерлеріміздің көптеген еңбектерімен таныстық.осы ағаларымыздың шығармалары әрдайым жадымызда сақталып,ұранымызға айналсын.Рухымыз биік болсын!
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні тыңдалып, барлық оқушылар
орындарынан тұрып орындайды.
VІ. Үйге тапсырма.
«Жерлес сазгер» атты эссе жазу .
VІІ. Бағалау
Бағалау парағы бойынша
Оқушының
аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
Жаңа сабақ бойынша
|
Мәтінмен жұмыс(оқулық)
|
Дәптермен жұмыс
|
қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№5 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген қалалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинар хаттамасынан суырма
Күні: 14 наурыз 2012 жыл.
Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану».
Өз сараптамасы: Бүгінгі өткен сабағымда негізгі мақсатым - жаңа технологияларды пайдалана отырып, СТО бағдарламасы арқылы жаңа тақырып туралы айта отырып, оқушылардың бойында адалдық, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушылардың таным әрекетін арттыру. Өздерің куә болғандай сабаққа қатыспай қалған оқушы болған жоқ, өз ойларын жеткізуге тырысты.
Сөз алғандар:
Б.Ғ.Мурзаханова №40 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі:
Мұғалім сыныпты жақсы ұйымдастыра білді. Үй тапсырмасын қайталатты. Балалар ізденген. Жаңа сабақты өте шебер жеткізе білді. Сөз жұмбақ шешіліп тақырыпқа сай жерлес сазгерлеріміз туралы мәлімет берілді. Оқушылар белсенді. Жаңа технология кеңінен орын алды. Мұғалімнің ізденімпаздығы, шеберлігі оқушылармен қарым қатынасы – өте жақсы. Әр түрлі әдіс – тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне үлкен себепші болды. Сабақ барысында талдаудың түрлері алынған. Оқушылар дұрыс, сауатты талдай білді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сәтті өткен сабақ.
А.Г.Досқалиева №17 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірінші санатты мұғалімі:
Әріптесіміздің сабағы өте ұнады. Сабақта жаңа технология әдістері қолданылды (интерактив. тақта). Балалар белсенді қатысты. Мұғалім сабақта көп жұмыстанатыны байқалды. Сабақ мақсатына жетті. Сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылды: сұрақ – жауап, әңгімелеу, пікір жазу, талдау.
І санатқа лайықты деп ойлаймын.
М.С. Құлдашева №5 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі:
Сабақ өте тартымды өтті. Жаңа технологияна пайдалана отырып, оқушылардың сабақ үстінде белсенді жұмыстануына ықпал жасады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге тырысып, білімдерін көрсетті. Мұғалімнің ізденімпаздығы, оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы. Назгуль Гайсиевна бірінші санатқа лайық ұстаз.
Ұсыныс
«Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында өткен семинар тақырыпқа сай деп танылсын.
9 «в» сыныбында өткен «Сазгерлер» Синтаксистен өткенді қайталау» сабағы мұғалімнің өтініш білдірген талабына сәйкес деп саналсын.
Сабақ жоспары облыстық «Жайық ұстазы» газетіне жолдансын.
Төрайымы:______А. Муханбетова
Хатшы:_________ Б.Бекежанқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасынан суырма
Күні: қазан, 2011 жыл.
Тақырыбы: «Оқушылардың сөздік қорын молайту».
Сөз алғандар:
Ғ.М.Сабырова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі:
Заман талабына сай-басты міндет сапалы білім беру. Орыс сыныптарында жұмыстанып жүрген ұстаз Назгуль Гайсиевна өз баяндамасында негізгі мәселелерді айта отырып, түрлі қиындықтардың кездесетінін мәлім етті. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат – оқушыға ең алдымен түсіндіре білу. Баяндама тыңдалды, өзара ой бөлістік.
М.С. Құлдашева
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі:
Әрине, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету өте қиын,себебі өз ана тілін білмейтін оқушылар да кездеседі. Сол қиындықтарға қарамастан, Назгуль Гайсиевна сабақтарында оқушыларды сөйлете білуге шақырады. Өз баяндамасында айтып өткендей, тіл үйретуде басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру деп айтқан болатын.
Төрайымы:________ А.О. Муханбетова
Хатшы:_________ Б.Бекежанқызы
Ата-аналар жиналысы отырысының
хаттамасынан суырма
Күні: қараша, 2011 жыл.
Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие отауы».
Сөз алғандар:
А.С. Сарина №5 ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары:
Бұл баяндамада қазіргі өсіп келе жатқан жас буын ұрпақты тәрбиелеуде басты рөл атқаратын ата-аналар екені жақсы сипатталған. Қазіргі жаһандану заманында балаларды бір жақты тәрбиелеу жас ұрпақтың алдағы өмірде өз орынын таба алмауына әкеліп соқтырады. Ата-ана өз ұрпағын тәрбиелеудегі басты мақсаты – өз елін, жерін, халқын сүйіп құрметтейтін Қазақстаның болашақ азаматын тәрбиелеу.
Ата-ана: Р. Демеуова.
Әрине, өз баласын тәрбиелеуге ата-ана жауапты. Өсіп келе жатқан балаларымыздың болашақта, өсіп жетіліп, дұрыс адам болуын қалаймыз. Сондықтан мектептен сіздер, үйден біздер болып бірлесіп жұмыстанайық.
Ата-ана: В. Ажиков.
Әр ата-ана баласына бүкіл күш-жігерін жұмсайды. Сондықтан баланы тәрбиелеу отбасынан басталатынын Назгуль Гайсиевна өз баяндамасында анық айтқан болатын. Егер ата-ана баласын жиі қадағалап отырса, мұғалімнің айтқаны бекер болмайды.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, пән мұғалімдері, мектеп психологі алдағы жұмысымыз сәтті болып, бір қолдан - жең, бір жағадан – бас шығарайық дегім келеді.
Төрайымы:________ А.О. Муханбетова
Хатшы:_________ Б.Бекежанқызы
Достарыңызбен бөлісу: |