Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) атай алады, амандасу және қоштасу үлгілерін (Сау бол! Сау болыңыз!) қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын атай алады
|
Сабақтың ортасы
7 минут
10 минут
2 минут
2 минут
10 минут
|
(МК, Ұ) Оқулықпен жұмыс. 1 – тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне назар аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл кім? деген жаңа сұрақ үлгісімен танысады.Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже, мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттығады.
«Есте сақта!» айдарында оқушылар амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) еске түсіреді, сондай – ақ мұғалім оқушылар қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Сау болыңыз!) түсіндіреді.
(Ж) Амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен және өзара амандасып, қоштасады.
(МК) 2 – тапсырмада оқушылар жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) суреттер бойынша Бұл кім? деген сұраққа жауап беру арқылы қайталайды.
(МК, Ұ) 3 – тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай – ақ амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылардың бойына мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына (Бұл кім?) жауап бере алу, қоштасу үлгілерін дұрыс қолдана алу.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(ОТ) 3 – тапсырма. Берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке – жеке сыныпта ойналады. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады.
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушы сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады.
Мұғалімнің сұрағына (Сенің атың кім?) жауап береді.
Тақтаға шығып, мұғалімнің екінші сұрағына (Бұл кім?) жауап береді. Ол үшін мұғалім тақтаға төрт суретті (ата, әже, мұғалім, оқушы) іліп қояды.
Оқушы мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
|
Оқулық
Аудиодиск:
1.2.1.;
1.2.3.
C:\Users\Home-pc\Documents\Сергіту сәті 1-сынып.wma
Дәптер № 1
|