1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды.
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар / суреттер / сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.
1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (доп, текше, кітап, дәптер, қалам қарындаш) атай алады, аталған заттарды сұрап ала алу үлгісін қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өзімен қатарлас баладан немесе жасы үлкен адамнан қажетті заттың бірін сұрап ала алады.
Кейбір оқушылар: өтініш үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын атай алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар Бұл не? сұрақ үлгісімен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде кітап сөзінің орнына доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш сөздерін қолдануға жаттығады.
(Ж) Оқушылар үйренген сөйлесу үлгісін жұптық жұмыста бекіте түседі. Ол үшін мұғалім осы заттарды (доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір затты көрсетіп, сұрақ қояды (Бұл не?), екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.
(МК, Ұ) 2- тапсырмадағы сурет арқылы мұғалім оқушыларды өтініш үлгісімен таныстырады:
Маған кітап берші.
Міне, ал.
Сондай – ақ, осы үлгі бойынша кітап сөзін басқа сөздермен (доп, текше, дәптер, қалам, қарындаш) алмастырып, қолдануға болады. Сыныптағы оқушылар бір – бірінен қандай да бір затты сұрай алуды үйренеді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын осы үлгінің сыпайы түріне (беріңізші, алыңыз) аударады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(ОТ) Мұғалім оқушылардың берші, беріңізші, ал, алыңыз сөздерінің қолданысын толық түсінуі үшін, өзінің қасына бір оқушыны тұрғызады. Өзі бір затты, оқушы бір затты алады. Содан кейін бір оқушы мұғалімнен және қасында тұрған оқушыдан осы заттарды сұрап алуға тырысады. Осы арқылы берші, беріңізші сөздерін дұрыс қолдана алуға жаттығады. Мұғалім мен бір оқушы сыныптағы басқа бір оқушыдан қандай да бір затты беруін өтінеді. Мұнда оқушылар ал, алыңыз сөздерінің қолданысына мән береді.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(МК, Ұ) 3 – тапсырмада оқушылар белсенді сөздік қор қайталанатын тақпақпен танысады. Оқу мақсатына сәйкес тақпақ, өлең туралы түсінік беріледі. Оқушылар оны тыңдайды, хормен және жеке – жеке қайталайды.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.3.1.;
1.3.2.;
1.3.3.
Доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш
Дәптер № 1
Сабақтың соңы
2 минут
(Қ) сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиын болғаны туралы ойын білдіреді.
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.1.1.Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.
1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Түстерді (ақ, қара, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көк) атай алады және түстерді сабақта меңгерген зат атауларымен байланыстыра қолдана алады (қызыл қарындаш, жасыл доп).
Оқушылардың басым бөлігі:
Қандай? сұрағына түс атауларын қолданып, сұраққа дұрыс жауап бере алады.Қандай да бір заттың түсін атай алады.
Кейбір оқушылар: басқада түстер қатарын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 минут
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар қандай? сұрақ үлгісімен танысады.
- Бұл қандай доп?
- Қызыл доп.
Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде қызыл сөзінің орнына ақ, қара, сары, жасыл, көк, қоңыр сөздерін қолдануға жаттығады.
(МК, Ұ) 2- тапсырмада оқушылар түстерді басқа заттармен байланыстыра қолдануды үйренеді.Берілген үлгі бойынша қарындаш, текше, доп туралы айтады.
Үлгі: - Бұл – қарындаш.
Бұл – қызыл қарындаш.
Оқушы заттың атын айтады, сосын түсін айтады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(МК, Ұ) 3 – тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сөйлем үлгісімен таныстырады: Менде доп бар. Сөйлемдегі доп сөзін қарындаш, кітап, дәптер, қалам сөздерімен алмастырып қолдануға үйретеді. Содан кейін затты түсімен айта алуға жаттықтырады. Мысалы: Менде жасыл доп бар. Оқушылар постер дайындайды. Өздері қалаған (доп, шар, текше, қалам)суретін салады, оны өздері қалаған түске бояйды.
(Т) Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар өздері бір-бір заттан бөліп алады (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше). Мысалы: Менде көк қалам бар. Топтың әр мүшесі өзінің қолында қандай және қандай түсті зат бар екенін айтады.
(Ж) 4 – тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі.Ол үшін мұғалім алдын ала екі – үш түсті доп немесе қарындаш, текше дайындап қояды.
Бірінші бала оған сол допты алып береді. (Міне, ал).
Екінші бала оған рақмет айтады. Үлгі:
Сәлем!
Сәлем!
Маған сары доп берші.
Міне, ал.
Рақмет!
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.4.1.;
1.4.4.;
Доп, текше, кітап, дәптер, қалам, қарындаш
Сабақтың соңы
2 минут
(Қ) сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиын болғаны туралы ойын білдіреді.
1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.3.1Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Неше? Сұрағын түсінеді,сұраққа дұрыс жауап бере алады, 1-ден 10-ға дейін санай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сабақта үйренген цифрларды таниды,заттардың санын айта алады(үш доп т.с.с.)
Кейбір оқушылар: 10-нан жоғары сандар қатарын да айта алады,сандарды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 минут
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сәлем!Сәлеметсізбе!Сенің атың кім? Бұл не? Бұл кім? Қандай? сұрағына жауап беру.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
- Балалар кім санай алады?
Карточка арқылы сандарды көрсетіп,қайталату. (топпен,жеке)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар неше? сұрақ үлгісімен танысады.
- Сенде неше доп бар?
- Менде бес доп бар.
Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Осы диолог арқылы оқушыларға сандарды үйретеді.
(Т) Мұғалім оқушыларға цифр жазылған карточкалар таратады.«Қатарға тұрыңдар!» бұйрығы арқылы оқушылар өсу ретімен қатарға тұрып, кезекпен қолындағы цифрды атауы керек.
(МК, Ұ) 2- тапсырмада оқушылардың математикалық терминдерді (қосу,тең) қолданбай жалпы санын дұрыс айтуы керек. Мұғалім бір қолына 1 қарындаш, екінші қолына 2 қарындашты ұстап көрсетеді.
- Неше қарындаш болды?- деп сұрайды.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(МК) «Есте сақта» айдарында оқушылар «Сенде доп бар ма?» деген сұраққа жауап беріп үйренеді. Сыныптағы кейбір оқушыларға доп,текше беріп қою керек.Оқушылар (Иә,бар. Жоқ.)деп жауап береді.
(Ж) 3 – тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді, диолог бойынша сөйлеседі.Ол үшін бір балаға бірнеше доп,текше немесе қарындаш беру керек.
(Ж) 4 – тапсырмада оқушыларда оқушылар доп туралы тақпақпен танысады.Хормен,топпен,жеке,қимыл арқылы көрсете отырып жаттату.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.5.1.
1.5.3.
1.5.4. Цифрлар жазылған карточкалар,
доп, қарындаш
Сабақтың соңы
2 минут
(Қ) сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиын болғаны туралы ойын білдіреді.
1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.2.6.1 Тыңдаған / оқыған материал туралы пайымдасын (ұнайды / ұнамайды) жасау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Киімдерді атай алады және олардың түсін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Киімдерді түсімен ажырата алады, сұрақ қоюды біледі, сұраққа жауап беруде өзін еркін сезінеді.
Кейбір оқушылар: басқа да киімдер атауларын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 минут
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген киім атауларымен танысады. Сурет бойынша киім атауларын (көйлек, шалбар, жейде, күрте, етік, бәтеңке) тыңдайды, хормен және жеке – жеке қайталайды.
Мұғалім алдын ала киімдерге байланысты карточкалар дайындай алады. Оқушыларға бір – бір карточкадан таратады. Әр оқушы өзінің қолындағы киім түрін атайды.
(МК, Ұ) 2- тапсырмада оқушылар түстерді қайталайды. Суреті бойынша көйлектердің түсін атайды. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға қызғылт, қызғылт сары, көгілдір, күлгін түстерін үйретеді.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(МК, Ұ) 3 – тапсырмада оқушылар өздеріне қандай түсті киім ұнайтындарын айта алуды үйренеді. Орындаған кезде оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз таратады. Оқушылар оған өз қалауы бойынша бір киімнің суретін салады, оны өзі таңдаған түске бояйды.
(Ж) 4 – тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін мұғалім үстелдің үстіне киімнің суреті бар карточка- ларды қояды. Бірінші оқушы екінші баладан не екенін және қандай екенін (түсін) сұрайды.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.6.1.
1.6.4. Киімдерге арналған карточкалар.
Қағаз, қарындаштар.
Сабақтың соңы
2 минут
(Қ) сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиын болғаны туралы ойын білдіреді.
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. 1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.2.6.1. Тыңдаған / оқыған материал туралы пайымдасын (ұнайды / ұнамайды) жасау.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Киім атауларын еске түсіреді, киемін / кимеймін сөзін киімдермен байланыстырып қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өздерінің қандай киім киетінін / кимейтінін айта алады, киімдерді түсімен атай алады, сұрақты түсінеді, сұраққа еркін жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: Өмірлік жағдаяттарда қандай да бір киімге байланысты өз қалауын (киетін / кимейтінін) білдіре алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 минут
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
(МК, Ұ) Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға киемін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген тапсырма бойынша киемін сөзін киім атауларымен байланыстырып қолдануды үйретеді.
Мысалы: Мен көйлек киемін.
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға 2- тапсырмада берілген сұрақты түсіндіреді. Оқушылар «Сен не киесің?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды және сұрақты басқа біреуге дұрыс қоя алуды үйренеді.
(МК) Мұғалім «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға менің, сенің сөздерінің мағынасын түсіндіреді және оқушылардың назарын менің жейдем деген сияқты қолданыста жейде сөзінің өзгеретініне аударады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
(Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(МК,Ж) 3 – тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі бойынша оқушылар өздерінің киімдері туралы (түсі) сөйлеседі.Түстерді қайталайды, оларды киім атауларымен байланыстыра қолдануға жаттығады.
(Ж) 4 – тапсырмада оқушыларда оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша не киетіндерін және оның түсі қандай екені туралы сөйлеседі.
- Сәлем!
- Сәлем!
- Сен не киесің?
- Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл.Сен не киесің?
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.7.1.
1.7.3.
№ 1 жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
2 минут
(Қ) сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиын болғаны туралы ойын білдіреді.
1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/ тәуелдік / жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
1-ші бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергенін көрсете алады.Мұғалімнің сұрақтарына дауап бере алады,басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
1-ші бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар: 1-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2-5 минут
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Бір - біріңе қарап амандасыңдар.
Сабақтың ортасы
7 – 10 минут
(Ұ) Бұл сабақта 1-бөлім бойынша өткенді қайталайды.
1.Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді орналастырың - дар.(ата,әже,мұғалім,оқушы,көйлек,шалбар,кітап,жейде т.б.)
2.Сандарды қайталау.Балаларға сандар үлестіріліп беріледі. Мұғалім сандарды атағанда бала орнынан тұрып,қолындағы санды көрсетеді.
3.Түстерді қайталаймыз «Бәйге» ойыны арқылы.
4.Сөздерді қайталау.Кітап,дәптер, қалам,қарындаш, текше, доп сөздерін ойын арқылы қайталау.Баланың көзі байланады. Оқушы үстелдің үстіндегі заттарды алып атайды.
5.Киім атауларын қайталау.Үстелдің үстіндегі суреттерді мұғалімнің сұрауы бойынша тауып беру.
- Маған көйлек берші?
- Міне ал.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Сергіту сәтін хормен айтып, іс қимыл арқылы көрсетеді.)
(Т) Оқулықтағы әр сюжет бойынша жұмыс жасайды.Суретті толықтырады.Содан кейін диск арқылы тыңдатып салыстаруға болады.
(Т) Оқушыларды 2,4 топқа бөліп,әр топқа 4немесе 2суреттен беруге болады.Диологті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
(Ж) Оқушылар жұппен жұмыс істейді.
- Сәлем!
- Сенің атың кім?
- Бұл кім?
- Бұл не?
- Сенің көйлегің қандай?
- Сен не киесің?
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Жетістік критерийі:
Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.8.1.
1.8.2.
1.8.3.
1.8.4.