Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге Құндылық: қиянат жасамау



бет16/25
Дата15.11.2016
өлшемі2,01 Mb.
#1810
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 22.02.2016 ж.

Тақырып: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.

1. Білімділік: қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту

2. Дамытушылық: тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту

3. Тәрбиелік: жақсы азамат болуға тәрбиелеу



Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Сабақ барысын талдау:

5мин

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өз қалаулары бойынша үйге

берілген шығармашылық жұмыс.



«Ағаш маған не берді?» тақырыпқа сай бес жол өлең шығару оқушылардың ойын қорытындылау,тыңдау.




5мин

  1. Дәйексөз.

«Табиғат –тал бесігің»
1.Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?
2.Табиғат аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?



5 мин

4. Әңгімелеу

«Ағаш» әңгімесі (сеттен алынған)04MAR
Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.
«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.
«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».
«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».
Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.
«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…
«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»
«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »
Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.
Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.
«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»
«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»
«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»
«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.
«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»
«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…
Сұрақтарға жауап 
1.Біз ағаш туралы не білеміз?
2. Ағаш адам өмірінде қандай маңызды рол атқарады ?
3. Ағаштың істегені дұрыс па, баланың істегені дұрыс па? Неге?
4. Ағаш -біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз…?



10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Ағаштан нені үйренуге болады?


(кластер жасау)
2.Ағаш маған не береді, мен ағашқа не беремін?
Оқушыға өз еркімен шығармашылық жұмыс беру
(суретті схемамен бейнелеу )
Екі топ өз жұмыстарын қорғайды



10 мин

  1. Топпен ән айту.

« Әке арманы» әнін орындау 
1.Жапырағын жайған бәйтерек 
Тереңге тартқан тамырын 
Сезбеппін әке ертерек 
Жаныңның ыстық жалынын
Қайырмасы:
Ахоу, ахоу,
Ахоу, әке арманы-ай
2.Ертеңім үшін көз ілмей 
Атқыздың қайта таңымды 
Түсінер кім бар өзіңдей 
Сағыныш толы жанымды
Қайырмасы



5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

«Менің ауламдағы ағаштар» мұнда оқушы өз ауласындағы ағаштың түрін, жасын оқушы оған қандай қамқорлық көрсете алады өз ойын жазып келу. 





2мин

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалімнің сөзі:

- Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер көздеріңізді жұмым ой елегінен өткізіңіздер



(көзді жұмып өздері сабақты іштей қорытындылайды



3 мин


Каталог: uploads -> doc -> 11fc
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11fc -> Коучинг тақырыбы : Диалогтік оқыту
11fc -> Сабақтың тақырыбы : екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мемлекеттері Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы : Билер сөзі ақылдың көзі Шешендік сөздер Сабақтың мақсаты
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Жалпы мақсаттар
11fc -> Сабақтың тақырыбы: Орталық және Оңтүстік Шығыс еуропа елдері
11fc -> Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары
11fc -> Сабақ мақсаты: Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет