Сабақтың тақырыбы Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»



Дата20.04.2022
өлшемі30,74 Kb.
#140162
түріСабақ
Байланысты:
Куланда әдебиет 06.10.21 нб


Сыныбы: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»



Мұғалім

Хабдылазым Куланда

Күні

06.10.21

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.Т/Ж1 – әдеби шығарманың жанрына байланысты нақыл сөздердің тақырыбы мен идеясына талдау жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Шалкиіз Тіленшіұлы өмірінен, оның толғаулары кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы мағлұмат беру
Оқушылардың көбісі: Шығарма түпкі магынасын аща алады
Оқушылардың кейбірі: шығарма сюжетіне талдау жүргізеді, өзіндік көзқарас танытады.

Бағалау критерийлері

Шығарма мазмұнын біледі
Тақырыбы мен идеясына талдау жасайды
Шығарманың құрамдас бөлшектеріне өзіндік көзқарас білдіреді

Пәнаралық байланыс

География, қазақ әдебиеті,

Құндылықтарды дарытуы

Құндылықтар:
- патриотизм
- отансүйгіштік
- өз халқы үшін мақтаныш
- ұлттық сана – сезім

АКТ дағдылары

, бейне таспаны тыңдау.



Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Жыр, жырау, жыршы, хан, толғау
Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:
Менің ойымша...;Салыстыра қарғанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...; Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...


Алдыңғы білім

«Балаларыма өсиет» өлеңі

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Қолданылған әдіс тәсілдер

Басы
5 мин

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


Оқушыларды жыраумен таныстыру
-Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі, ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған. Жігіттік кезі Ноғай ордасы – Мұса бидің маңайында өтеді. Үлкен орданың әміршісі Мансұр ұлы Темір бидің, кейін ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, қазақ ханы Хақназар қасында болған.


Шалкиіз толғаулары өткір, аз сөзбен нақты, терең айтумен ерекшеленеді. Ұлттық діл, иман, этикалық түсініктер Шалкиіз шығармаларында кеңірек талданады. «Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», сынды толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады. «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жау терек», «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны» атты толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады.


Шалкиіздің бізге жеткен жырлары азаматтық, әлеуметтік лириканың үлгісі. Темірге қатысты толғаулары ғибратқа мол. Ақын тұлғасы батырға тән мерттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелін жырлайды






Ортасы

15 мин

5 мин



Шалкиіз жыраудың «Би Темірге арнаған толғауын тыңдау
Толғаудың не жайлы екенін түсіндіру талдау

Жырау өмірінің ең жарқын кездері Темір би сарайында өткен дедік.


“Би Темірге айтқаны”


Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы “күйбеңдескен көп жаман” жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл-күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орағыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шалкиіз нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.

Көп ішінде бір жалғыз,


Көп мұңайып жылайды.


Күйбеңдеген көп жаман,


Сөзі тигенге ұқсайды.


Міне, алғашқы шумақтың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жорамалмен, меңзей толғайды. Ал, екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде — өзі Темір үшін кім еді, — соны жырлайды. Осы үш шумақтың қай-қайсысында да Темір алдында “Көбең семіз торыңмын, көп құлыңның бірімін” деп, “бетегеден биік, жусаннан аласа” күйінде иба, инабатпен кішік көңілде толғап отырған жырау бірте-бірте қызынғандай шарт сынып, шамырқана түседі, тең сөйлесер тепсінген ер мінезбен өкпе-ызасын баттитып батыл айтады:


Жақсыңнан мені кем көрдің,


Жаманыңмен тең көрдің,


Жаманыңмен тең көрсең,


Ұялы бөрікке қос артып,


Сен есенде, мен сауда,


Ырысымды сындайын,


Сегіз қиыр шартараптан іздермін.


Төртінші шумақта жырау дауылпаздай даңқты Темірге жүрегі шіміркенбестен “Сен кім едің” дегендей өктем тіл қатады.


Тебінгінің астынан,


Ала балта суырысып.


Тепсінісіп келгенде,


Тең атаның ұлы едің,


Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті.


Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас билік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шалкиіз бұл тұста “шамаңды біл, жасық жима, асыл жи” дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі.


Толғаудың ұзын-ырғасына көз жіберіп, барлап шыққанда нені байқауға болады? Сөз жоқ, жырау ойының жүйелілігі. Ой, пікірін сатылап дамытып, қисынды қиюластыруында, орнықты аяқтауында мол парасат пен шешендік шешім байқалады. Ол жыраудың өзіне дейінгі өрісті ойларды мол меңгергендігін танытады.


Ол кез — Шалкиіздің шалқыған дәурені. Ол кезде Шалкиіз өзі би, өзібатыр, өзі шешен, өзі жырау.Демек,Темір- Шалкиіздің жебеушісі, қамқоры болса, Шалкиіз – Темірдің мәртебесін өсіріп, жұртты аузына қаратқан жалынды тілі, аузы дуалы абызы. Міне, осындай сыбайлас, қадірлес өскен Темір би кейін сарай маңындағылардың шағыстыруымен Шалкиізді сыртқа тепсе де,жырауоныұлылайсуреттейді.МұныңөзіТемір- Шалкиіз арасындағы ренішті жуып-шаюға елеулі әсер еткен ақыл-айласын да аңғартқандай.


Алп, алп басқан, алп басқан,


Арабы торым өзіңсің.


Жазулы алтын, қол кескен,


Алдаспаным өзіңсің.


Білер де білмес не демес,


Сұлтан ием, сен менің.


Бармай тапқан қағбамсың.


Шалкиіз “Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны” толғауында Темірді халықтың басын құраған елдің береке-құты, әділ әміршісі деп суреттейді.Жырау Темірді қисынды пікірлермен, өрісті ақыл, парасатымен иландырар сөз айтып қана хажы сапарынан тоқтатады :


Жығылғанды тұрғызсаң,


Жығылғанды уатсаң,


Қисайғанды түзетсең,


Тәңірінің үйі кебені,


Сұлтан ием, қарсы алдыңнан жасапты !


Бас иіп жығыла жырлаған Шалкиіз осының өзінде астарлап болса да көптен жүрегін кернеген әділ де ащы сөздерін айта алған. Қартайған шақта иман іздеп, күнәдан арылмақ болса ел кезіп қағба бармай – ақ әділетке жүгін, қағба-әділет дегендей.


Шалкиіз жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі, “Көп құлының бірі” ретінде суреттейді.


Өмірдің өтпелілігін Шалкиіз “Шағырмақ бұлт жай тастар” толғауы мен “Қоғалы көлдер, қом сулар” шумағында анық та, ашық айтады. Жауынгер жырау жыр жолдарында өзіне тән етене таныс “Сақалына сары шіркей ұялап” далада қалған барымташы ерлердің реңі мен тағдырын мүсіркей суреттей отырып, жер басып, тірлік кешкен адам атаулыға ортақ құбылыс-өмірдің қысқалығы мен өткіншілігі туралы тебіренеді. Бірақ бұл өмірдің өзі аз ғұмыр екен деп аза тұтып күңіренбейді, қайта “жалған дүниеде” ойнап, күліп, бар рахатты бастан кешіріп шалқып өтуге үндейді :


Күлейік те ойналық,


Киелік те, ішейік,


Мына жалған дүние


Кімдерден кейін қалмаған ?!


Шалкиіз — өзінен соңғы дәуір поэзиясына елеулі ықпал, әсер еткен жырау. Бұл салада М. Мағауин бірқатар мысалдар келтіріп, құнарлы пікірлер айтқан.



Көрнекілік

Соңы
5 мин



Қортынды сұрақтар
1.Жырау деген кім
2.Жырау мен жыршының айырмашылығы
3.Шалкиіз деген кім?
4.Шалкиіз қайда дүниеге келген?
5.Шалкиізден басқа қандай жырауларды білесіңдер?
6.Шалкиіз қай ханға қызымет етеді?
7.Шалкиіздің «Би Темірге айтқан толғауы» не жайлы?
Кері байланыс



Шығарма несімен ұнады?

Cабақта не қиын болды?

Түйінді ой













Әңгімелесу әдіс тәсіл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет