Бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын дәптерге жаздырту.
Практикалық жұмыс-1:
Оқушыларға әр түрлі қабырғалы үшбұрыш суреті бар қағаз таратамын.
1) Үшбұрыштың қабырға ұзындықтары мен бұрыштарын табыңдар
2) Төмендегілерді анықтаңдар
Үлкен бұрыш ________ ; Үлкен қабырға ________ ;
Кіші бұрыш ________ ; Кіші қабырға ________;
3) Бос орынға сәйкес сөзді анықтап, қорытындыны дәптерге жазыңдар:
Қорытынды:
1. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына ________ бұрышы қарсы жатады;
2. Үшбұрыштың үлкен бұрышына ________ қабырғасы қарсы жатады;
3 Үшбұрыштың кіші қабырғасына ________ бұрышы қарсы жатады;
4. Үшбұрыштың кіші бұрышына ________ қабырғасы қарсы жатады;
Оқушыларға қосымша ақпарат(ауызша):
Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы тең болғандықтан олардың қарсы бұрыштары да тең болады
Жұптық жұмыс:
Тапсырма-1: «Ой қозғау» әдісі.
Сурет бойынша анықтаңдар:
|
|
Үлкен бұрыш_________
Кіші бұрыш_________
|
Үлкен қабырға_________
Кіші қабырға _________
|
Дескриптор:
- үлкен бұрышты анықтайды;
- кіші бұрышты анықтайды;
- үлкен қабырғаны анықтайды;
- кіші қабырғаны анықтайды.
Кері байланыс: Жауап берген жұпқа басқа жұптар тарапынан немесе мұғалім тарапынан кері байланыс жасалады
Практикалық жұмыс-2:
а) Дәптерге орындаңдар.
1. Дәптерлеріңнен бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп , сызғышпен оларды қосыңдар.
2. Пайда болған үшбұрыш төбелерін А, В, С әріптерімен белгілеңдер және қабырғаларының ұзындығын өлшеңдер.
3. Үшбұрыштың әрбір қабырғасын қалған екі қабырғасының қосындысымен салыстырыңдар.
4. Практикалық жұмыс негізінде қандай дұрыс қорытынды алуға болады?
А) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады
В) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады
С) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады
Практикалық жұмыс үлгісі:
9 см 13 см + 14 см
13 см 9 см + 14 см
14 см 9 см + 13 см
Практикалық жұмыстың үлгісі көрсетіледі
Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы қалған екі қабырғасының қосындысынан кіші болады
Үшбұрыштар теңсіздігі
Әрбір үшбұрыш үшін осы теңсіздік орындалуы қажет!
Ә) Тақтаға бір оқушы шақырылады. Алдын ала дайындалған таяқшалар ұзындығын өлшейді (60см, 30см, 20см). Осылардан үшбұрыш құрау ұсынылады. Алайда одан үшбұрыш құрай алмайтындығына көз жеткізеді. Себебін анықтау үшін үшбұрыш теңсіздігіне анықталған өлшемдерді қояды. Сонда теңсіздіктердің барлығы дұрыс болып шықпайды
Мұғалім:
Қорытынды: Кесінділер арқылы үшбұрыш құрау үшін ол кесінділер үшбұрыштар теңсіздігін қанағаттандыруы қажет. Олай болмаған жағдайда ол кесінділерден үшбұрыш құрай алмаймыз
«Кім жылдам»
Тапсырма-2: Төмендегі суреттердегідей үшбұрыштар болуы мүмкін бе? Жауабыңды негізде
1.__________________________
|
2.__________________________
|
.__________________________
|
4.__________________________
|
Дескриптор
-мүмкін болатын үшбұрыштарды анықтайды.
- үшбұрыш теңсіздігін пайдаланып өз жауабын түсіндіреді
Тест жұмысы
1. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см, екіншісі 9 см. Төмендегілердің қайсысы үшінші қабырғасы болуы мүмкін?
A) 2см
B) 3 см
C) 4см
D) 15см
2. Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, екіншісі 8 см. Төмендегілердің қайсысы үшінші қабырғасы бола алмайды?
A) 4см
B) 11см
C) 12см
D) 14см
3. АСЕ үшбұрышында АС= 12 см, АЕ=10 см және СЕ=7 см болса үлкен бұрышын табыңыз
A) А бұрышы
B) С бұрышы
C) Е бұрышы
4.MNK үшбұрышында о, 100о және о болса, дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:
A) MN MK NK
B) MN NKMK
C) MN MK NK
5.
Кестедегі шамаларды салыстырып, дұрыс тұжырымды табыңыз:
АС қабырғасының ұзындығы
|
ВС қабырғасының ұзындығы
|
A) сол жақтағы шама үлкен
B) оң жақтағы шама үлкен
C) шамалар өзара тең
«Көршіңді тексер». Оқышылар жанындағы оқушымен дәптер алмасып, бір-бірінің жұмысын тексереді
Жауаптары: 1. С 2. D 3. C 4. B 5. A
Кері байланыс: Тест жұмысы аяқталған соң
Бағалау: Мадақтама сөздер
|