Сабақтың тақырыбы Үшбұрыш теңсіздігі



Дата24.08.2020
өлшемі285,63 Kb.
#76748
түріСабақ
Байланысты:
43 Үшбұрыш теңсіздігі


Тексерілді: Н.Тәңірбергенұлы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ

Күні: 13.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбосынов

Сынып: 7 Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш теңсіздігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.20

үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1

үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;



Сабақтың мақсаты

- Үшбұрыштың бұрыштары белгілі болса, қабырғаларын салыстыра алады

-Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы белігі болса, бұрыштарын салыстыра алады

- үшбұрыш теңсіздігін біледі және түсінеді

- үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты және есептер үшбұрыш теңсіздігін шығаруда қолдана алады




Бағалау критерийі

- Үшбұрыштың бұрыштары белгілі болса, қабырғаларын салыстырады

-Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы белігі болса, бұрыштарын салыстырады

- үшбұрыш теңсіздігін біледі және түсінеді

- үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты және есептер үшбұрыш теңсіздігін шығаруда қолданады




Ойлау дағдылары

Білу, түсіну. Қолдану

Тілдік мақсаттар

Транспортир, ішкі бұрыш, сыртқы бұрыш, сыбайлас бұрыш, теңсіздік

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының құндылықтары:

ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау, айналадағы адамдарға деген құрмет



Пәнаралық байланыс

Алгебра

Алдыңғы білім


Үшбұрыш және оның түрлері, үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру: Сәлесдесу, түгелдеу

«Таза тақта» әдісі:

Үй тапсырмасын тексеру:

АВС үшбұрышының А бұрышы 20о-қа тең. В бұрышы С бұрышынан үш есеге кіші болса, В төбесінің сыртқы бұрышын табыңыз.



3x+x+20o=180o

4x=180o-20o

4x=160o

x=40o

y=180o-40o=140o Ж: 140o

Оқушылар өз-өздеріне кері байланыс жасайды

«Серпілген сауал» әдісі:

Қайталау сұрақтары:

1. Үшбұрыш дегеніміз не?

2. Үшбұрыш қабырға ұзындықтарына байланысты неше түрге бөлінеді? Оларды ата.

3. Үшбұрыш бұрыштары бойынша неше түрге бөлінеді? Оларды ата.

4. Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?

5. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?

6. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

7. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?

Оқушылар бір-біріне кері байланыс беріп отырады


Презентация


Сабақтың ортасы


Бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын дәптерге жаздырту.

Практикалық жұмыс-1:

Оқушыларға әр түрлі қабырғалы үшбұрыш суреті бар қағаз таратамын.



1) Үшбұрыштың қабырға ұзындықтары мен бұрыштарын табыңдар

2) Төмендегілерді анықтаңдар

Үлкен бұрыш ________ ; Үлкен қабырға ________ ;

Кіші бұрыш ________ ; Кіші қабырға ________;

3) Бос орынға сәйкес сөзді анықтап, қорытындыны дәптерге жазыңдар:

Қорытынды:

1. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына ________ бұрышы қарсы жатады;

2. Үшбұрыштың үлкен бұрышына ________ қабырғасы қарсы жатады;

3 Үшбұрыштың кіші қабырғасына ________ бұрышы қарсы жатады;

4. Үшбұрыштың кіші бұрышына ________ қабырғасы қарсы жатады;


Оқушыларға қосымша ақпарат(ауызша):

Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы тең болғандықтан олардың қарсы бұрыштары да тең болады


Жұптық жұмыс:

Тапсырма-1: «Ой қозғау» әдісі.



Сурет бойынша анықтаңдар:





Үлкен бұрыш_________

Кіші бұрыш_________




Үлкен қабырға_________

Кіші қабырға _________




Дескриптор:

- үлкен бұрышты анықтайды;

- кіші бұрышты анықтайды;

- үлкен қабырғаны анықтайды;

- кіші қабырғаны анықтайды.

Кері байланыс: Жауап берген жұпқа басқа жұптар тарапынан немесе мұғалім тарапынан кері байланыс жасалады


Практикалық жұмыс-2:

а) Дәптерге орындаңдар.

1. Дәптерлеріңнен бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп , сызғышпен оларды қосыңдар.

2. Пайда болған үшбұрыш төбелерін А, В, С әріптерімен белгілеңдер және қабырғаларының ұзындығын өлшеңдер.

3. Үшбұрыштың әрбір қабырғасын қалған екі қабырғасының қосындысымен салыстырыңдар.
4. Практикалық жұмыс негізінде қандай дұрыс қорытынды алуға болады?

А) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады

В) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады

С) Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады


Практикалық жұмыс үлгісі:


9 см 13 см + 14 см

13 см 9 см + 14 см

14 см 9 см + 13 см

Практикалық жұмыстың үлгісі көрсетіледі
Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы қалған екі қабырғасының қосындысынан кіші болады

Үшбұрыштар теңсіздігі


Әрбір үшбұрыш үшін осы теңсіздік орындалуы қажет!

Ә) Тақтаға бір оқушы шақырылады. Алдын ала дайындалған таяқшалар ұзындығын өлшейді (60см, 30см, 20см). Осылардан үшбұрыш құрау ұсынылады. Алайда одан үшбұрыш құрай алмайтындығына көз жеткізеді. Себебін анықтау үшін үшбұрыш теңсіздігіне анықталған өлшемдерді қояды. Сонда теңсіздіктердің барлығы дұрыс болып шықпайды

Мұғалім:

Қорытынды: Кесінділер арқылы үшбұрыш құрау үшін ол кесінділер үшбұрыштар теңсіздігін қанағаттандыруы қажет. Олай болмаған жағдайда ол кесінділерден үшбұрыш құрай алмаймыз


«Кім жылдам»

Тапсырма-2: Төмендегі суреттердегідей үшбұрыштар болуы мүмкін бе? Жауабыңды негізде




1.__________________________



2.__________________________



.__________________________

4.__________________________




Дескриптор

-мүмкін болатын үшбұрыштарды анықтайды.

- үшбұрыш теңсіздігін пайдаланып өз жауабын түсіндіреді

Тест жұмысы

1. Үшбұрыштың бір қабырғасы 6 см, екіншісі 9 см. Төмендегілердің қайсысы үшінші қабырғасы болуы мүмкін?

A) 2см


B) 3 см

C) 4см


D) 15см

2. Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, екіншісі 8 см. Төмендегілердің қайсысы үшінші қабырғасы бола алмайды?

A) 4см

B) 11см

C) 12см

D) 14см


3. АСЕ үшбұрышында АС= 12 см, АЕ=10 см және СЕ=7 см болса үлкен бұрышын табыңыз

A) А бұрышы

B) С бұрышы

C) Е бұрышы

4.MNK үшбұрышында о, 100о және о болса, дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

A) MN MK NK

B) MN NKMK

C) MN MK NK



5.

Кестедегі шамаларды салыстырып, дұрыс тұжырымды табыңыз:



АС қабырғасының ұзындығы

ВС қабырғасының ұзындығы

A) сол жақтағы шама үлкен

B) оң жақтағы шама үлкен

C) шамалар өзара тең
«Көршіңді тексер». Оқышылар жанындағы оқушымен дәптер алмасып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Жауаптары: 1. С 2. D 3. C 4. B 5. A


Кері байланыс: Тест жұмысы аяқталған соң
Бағалау: Мадақтама сөздер

Үлестірме қағаз




Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 3.44 және 3.45

Кері байланыс: Жеткеші сұрақ әдісі:

1. Үшбұрыштар теңсіздігін түсіндің бе? Оны тапсырма орындауда қолдана алдың ба?

2. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты түсіндің бе? Оны тапсырма орындауда қолдана алдың ба?






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Қарқын, нәтиже

Мұғалімнің бағалауы

Сынып тазалығын және алдыңғы парта мен тақта арқашықтығын тексеру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет