Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім шығармаларының Абай өлеңдерімен үндестігі Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі20,48 Kb.
#46198
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі

Бейбитова Балжан Мураткызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім шығармаларының Абай өлеңдерімен үндестігі

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы,ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.



Күтілетін нәтиже: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. өз ойларын еркін,нақты жеткізе біледі.,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, талдау, СТО (Венн диаграммасы, топтастыру

Көрнекіліктер: ақын суреті, шығармалар жинағы, храналогиялық кесте, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Тренинг

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

Бейнекөрініс.Шәкәрім мен Абай үндестігі

Қандай үндестік байқадық?



ІV. Шәкәрімнің қандай шығармалары бар? (Кесте бойынша түсіреміз)

Поэзия

Проза

Өлеңдері: Сатиралық лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы, көңіл-күй лирикасы

Поэмалары: «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Айсұлу-Нартай», «Ләйлі-Мәжнүн»

«Әділ — Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.

V.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ». Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық.

Венн диаграммасы.

Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.

  • Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.

Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:

Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.



Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.



VІІ. Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,үш оқушы шығып өлеңді құрылысына қарай талдайды.

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,

Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,

Бір білімді данышпан жан табалық. ( «Жастарға»)

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.

Жасымнан жетік білдім түрік тілін



Шәкәрімнің нақыл сөздері:

Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан – надандық…

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдақ.

Еңбекке шыда,ебін тап та,

“Сабырдың түбі – сары алтын”.

Өзімшіл болма,көпті ардақта,

Адамның бәрі — өз халқың.

Ынсап пен мейірім,әділетті,

Жанындай көріп,жан сақта.

Ол жолда өлсек неміз кетті,



Мақсұтқа жетпей қалсақ та

VІІІ. Қорытынды.

Рефлексия.

Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы төңірегінде қосымша зерттеулер жасау.

  2. “Жастарға” өлеңін жаттау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет