1. Анықтама. Қанқасы тек шеміршектен тұрады. Дене пішіні әр түрлі. Акулалардың денесі созылыңқы, жұ мыр, ұршық тәрізді.
Скаттардың денесі қабысып жалпайып кеткен.
2. Сөзтаным. Ихтиология (грекше “ихтис” – балық, “логия” – ілім, ғылым) деп аталады.
3. Тіршілік ортасы. Су түбінде, барлық мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерінде мекендейді
4. Сыртқы құрылысы. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде: жұп көкірек, жұп құрсақ, дара арқа жүзбе қанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде: сыңар құйрық және аналь жүзбе қанаттары бар.
5. Дене құрылысы: Терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқысы – эпидермис, көп қабатты эпителий, ішкі – нағыз тері қабаты, дәнекер ұлпасын тұрады, эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың терісі ұсақ бүртікті.
6. Қоректенуі. Көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Акуланың жағы шеміршекті әрі қоғалғыш. Жаққа ірі үшкір тістер орналасады, тілі нашар дамыған. Ауыз қуысы жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезек саңылаулары ашылады, жұтқыншақ өңешке, өңеш көлемді қарынға жалғасады. Ас шегі қысқа, оған бауырдан келетін өт өзегі ашылады. Тік шегі клоакаға ашылады. Тоқ шегі жуан.
7. Тыныс алуы: Желбезектерінде – желбезек доғалары – желбезекаралық перде – желбезек шашақтары болады. Желбезек доғаларының саны 5 жұп. Тыныс алуы ауыз қуысының қозғалуына сәйкес болады.
8. Қан айналым жүйесі. Жүрегі екі қуысты: 1 құлақша, 1 қарыншадан тұрады. Қан айналым шеңбері – 1.
9. Зәр шығару. Таспа тәрізді жұп бүйрегі болады. Бүректерде қаннан сүзілген зәр заттары бір жұп несепағар өзегі арқылы клоакаға келеді. Зәр заттары клоакадан тікелей сыртқа шығарылады.
10. Жүйке жүйесі. Тіршілік етуіне байланысты миы жақсы дамыған. Ми бөлімдері: алдынғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Жылдам жүзу әрекеттерін реттейтін мишығы жақсы жетілген. Акуланың миынан денесіне он жұп жүйкелер – дене бөліктеріне және жұлыннан да жеке жүйкелер таралады.
11. Сезім мүшелері. Иіс сезу мүшелері өте жақсы дамыған. Қанның иісін 0,5 шақырымнан сезе алады. Көзінің қасаң қабығы – жазық, көз бұршағы шар пішінді болып келеді. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Бүйір сызығы жақсы дамыған.
12. Көбеюі. Шеміршекті балықтар – дара жынысты. Аталықтарында – жұп аталық және жұп тұқым жолы, ал аналықтарында жұп аналық без және жұп жұмыртқа жолы болады. Шеміршікті балықтардың көпшілігі іштей ұрықтанады.Аналықтары ұрықтанған үылдырық шашады, ал кей түрлері тірі шабақтайды. Уылдырықтарының саны аз. Кей түрлері ұрапқтарына қамқорлық жасайды.
13. Жіктелуі. Шеміршекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. Олар: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар.
14. Ерекшелігі. Балықтардың қаңқасы тек шеміршектен түзіледі, көпшілігі іштей ұрықтанады, адамға қауіптісі сұр акулалар, кеңінен таралған – жолақ акула.
IV. Бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |