Сабақтың тақырыбы. Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»



Дата01.01.2020
өлшемі19,53 Kb.
#55377
түріСабақ

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жалғасбаева Нұргүл

Сабақтың тақырыбы.Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты

а)Білімділік: Жазушы,аудармашы,қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

«Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын баяндай отырып,мазмұнын ұғындыру,Тұрардың өмір жолы,қызметі туралы тарихи мәліметтер беру шығарма кейіпкерінің бейнесін ашу.

б) Дамытушылық:Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге баулу,кейіпкер табиғатын тани білуге баулу,ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын дамыту.

в) Тәрбиелік:оқушыларды парасаттылыққа,адамгершілікке,инабаттылыққа,қайсарлыққа,Отанын,елін сүюге,ата-ананы ардақтауға,халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау,оқыту,сұрақ-жауап,іздендіру,СТО стратегиясы.

Сабақтағы пән аралық байланыс: Тарих,география.

Сабақтың көрнекілігі: Автор суреті,2томдық шығармалар жинағы,шығарма кейіпкерінің суреті,интербелсенді тақта,видеоролик,слайд,карта.

Сабақтың жүрісі:1-Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды түгендеу,сабаққа назарларын аудару

.2.Жаңа сабақ ,слайдта күннің жады,тақырып жазылады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3.Жаңа сабақ.

1.Шерхан Мұртаза өмірі.Слайд

1.Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы,Жуалы ауданында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін 1955 жылы бітірген. «Табылған теңіз» , «Белгісіз солдаттың баласы», «41 жылғы келіншек», «Интернат наны» т.б. шығармалары бар.Көрнекті мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов туралы «Қызыл жебе» романын жазды.

«Тұтқын бала»- «Қызыл жебе» романынан үзінді.Осы шығарманың бас кейіпкері-Тұрар. Тұрар Рысқұлов кім? Осы жөнінде тарихи мәлімет алайық.ББҮ стратегиясы бойынша Тұрарды таныту үшін тарих пәнінің мұғалімі мәлімет береді.(Слайд арқылы,видеоролик арқылы Тұрардың суреті көрсетіліп,өмір жолы,қызметі,қоғам қайраткері екені айтылады)

2.Тірек сигналдары арқылы Т.Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.

3.Тірек сызба арқылы Тұрарға мінездеме беріп кету.

4.Ой толғау «Егер менің қолымда күштінің әлсізге жасаған әділетсіздігін таптайтын сиқырлы таяқша пайда болса...»



Бекіту

«Дау-дамай» стратегиясы бойынша «иә,жоқ» сөздерін айта отырып,әдеби-тарихи білімдерін тексеру.

1.Тұрар Рысқұлов еңбекқор адам?

2.Әкесі Рысқұл Тұрарды түрмеге қасына алғызды?

3.1915ж. Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын толық оқып бітірді?

4.1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы?

5.Тұрардың түрмеде сауатын ашып,орысша білім үйреткен-Надзиратель?

6.Әкесі Рысқұл болыс Саймасайды өлтірді?

7.1916 жылы Қазақстанда алапат аштық болды?



8.Тұрарды Сібірге жер аударылған әкесі Рысқұл өзімен бірге ала кетеді?

Үйге тапсырма: Әңгіменің 1,2,3-бөлімдерін оқып мазмұнын түсініп келу.Тұрар Рысқұлов туралы қосымша мәліметтер іздеп,жазып келу.

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 05f9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет