4 сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Шығыс шынары Әзиза Нұрмаханова
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Шығыс шынары» әңгімесімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалардың мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік:Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Әңгіме жүргізу.
Шығармалардың авторларымен таныстыру. «Жазушылар» топтамасы.
Ұлы Отан соғысы батырлары:
Б.Момышұлы Т.Тоқтаров М.Ғабдуллин М.Мәметова Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлова
Кеңес Одағының батыры
Мәлімет.
Дәл соғыс басталған күні 1941 жылы, 21-маусым күні Әлия Свиреск стансасының жанындағы саяжайда болды. Балалар үйінің саяжайына оқушылар демалу үшін барған. 22-маусымда ұшқыштар аэродромға шақырған. Күн ыстық еді. Түстен кейін соғыстың басталғаны туралы хабар бұларға да жетті.
Әлияның Сапура апасына жазған хатынан:
Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз., Менің басымда – каска, белімде – граната, қолымда – винтовка. Солдаттар таң қалады. Фрицтерді аямаймын. Таңертең командиріміз былай деді: мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14 фашисті өлтірді. Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше. Жеңіспен қауышайық. Сүйдім. Әлияң. 1943 жыл. 13 желтоқсан.
1994 жыл. Ресейдің қылшылдаған қысы. Ұрыс жүріп жатыр. Зеңбірек зіркілі, пулемет үні, зуылдаған оқ орыс даласына тек өлім сеуіп тұр. Траншеяға бірінші кірген Әлия тар жерде кептелді де қалды. Немістің офицері қапсыра ұстап, оны оп-оңай құртқысы келіп еді. Оған Әлия мұрша бермеді. Офицерді бірінші атып үлгерді. Әлия автоматтан оқты үсті-үстіне боратты. Офицер құлап түсті.
Кішкентайынан елім деп еңіреген қазақ қызы ауыр жарақаттанады. Есіл ер қаза тапты. Домбыраның егіз екі шегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда, Әлия еске түседі.... Батыр Әлия.... Қобда мен Неваға ғашық Әлия... Жерін сүйген Әлия.. Халқына жыр болған Әлия... Розадай сіңілісіне ән болған Әлия... Артындағы ұрпағына ұран болған Әлия.. Әлия ғұмыр....
Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздікпен жұмыс.
Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.
Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
1. Әңгіме кім туралы?
2. Әлия Молдағұлова туралы не білесің?
3. Әңгімеде Әлияның қай кезі баяндалған?
4. Әлияның ұстаздары қандай шешім қабылдады?
5. Олардың мұндай шешімге келу себебі не?
6. Әлияның білімді, өнерлі, еңбекқор, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін кішіпейіл екенін ұстаздарының қандай сөздерінен аңғардың?
7. Мектеп директоры Әлия жөнінде қандай ұсыныс айтты?
8. Кішкентай Әлия сенде қандай сезім туғызды? Оның бойындағы қандай қасиет саған көбірек ұнады?
9. Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?
1. Әңгімеден Әлия жөнінде айтқан ұстаздарының пікірлерін тауып, дауыстап оқы.
2. Осы пікірлерге сүйене отырып, Әлияға мінездеме бер.
3. Әлияның ұстаздар сенімін қалайша ақтағанын айтып, әңгімені жалғастырып көр.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Достарыңызбен бөлісу: |