Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уалиханов зерттеуші ғалым.



Дата18.03.2017
өлшемі114,57 Kb.
#11937
түріСабақ
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК





Ашық сабақтың әзірлемесі
азТақырыбы: «Шоқан Уалиханов – зерттеуші ғалым»

Дайындаған: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

пәнінің оқытушысы :

Л.К.Нығыметова

Астана, 2017

Оқу орны: «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК
қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы: Нығыметова Лира Қасқырбаевна
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уалиханов – зерттеуші ғалым .

( Шоқан Уалиханов өмірі мен шығармашылығы ).



Мақсаты: Қазақ ғылымының шоқжұлдызы , Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармаларынан ақпарат беру.

Міндеттері: білімділік - Студенттерге Шоқан Уалихановтың өмір жолы, шығармашылығы, ғылым саласындағы зерттеу еңбектерімен таныстыру.

Дамытушылық : Студенттерді өз бетімен іздене оқуға, топпен жұмысқа үйрету, жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге және өзгенің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Шоқан Уалихановтың ғылыми зерттеулері арқылы ғылымға деген құштарлығын арттыру, арқылы ақыл – ой тәрбиесін беру, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі : білім мен дағдыны дамыту.

Оқытудың әдістері : сұрақ – жауап, топпен жұмыс, проблемалап оқыту( іздену),салыстыру, ой қозғау, талдау, өз бетімен жұмыс.Көрнекілік : компьютер, интербелсенді тақтада даярланған слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Студенттермен амандасу, студенттердің сабаққа қатысымын бақылау.2. Үй тапсырмасына шолу.

1.ХIХ ғасырдың 2 жарытысындағы кезеннің қоғамдағы орны. 2. Бұл кезеңнің өкілдері, олардың жаңалықтары туралы сұралады.

3.Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі. Студенттерге тақырып бойынша тапсырмалар топ бойынша орындауға алдын ала беріледі.

Студенттерге қойылатын сұрақтар :1.Шоқан Уалиханов туралы төменгі сынапта қандай шығармалары оқылды. С. Бегалиннің « Шоқанның асулары» әңгімесіндегі бала Шоқан қандай бала еді.

Қысқаша шолу сұрақта арқылы « миға шабуыл жасалады.

«Топтастыру»


Демократ

Тарихшы



Шоқан



Этнограф

Ағартушы

4.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ студенттердің зерттеген жұмыстары бойынша талдана отырып түсіндіріледі.


I топ: «Сырымбет ауылы». Шоқанның Сырымбеттегі үйі слайд арқылы көрсетіліп талданады. Шоқанның кіндік қаны тамған жер туралы көп уақытқа дейін әртүрлі пікірлер айтылып келеді.Шоқан 1835 жылы қараша айында Құсмұрында туды деген дерек Шоқанның қызметі жөніндегі Ресей мұрағатының формулярлық тізімі тілге тиек болған. Академик Әлкей Марғұлан Шоқан туралы очеркінде «1835 жылы Аманқарағай округінің округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан былай ол Құсмұрын округі аталды деп жазады. Шыңғыс Аманқарағай дуанына аға сұлтан болып 1834 жылы 30 тамызда сайланған. Күнтимеске ол осыдан кейін барып, қыстау салдырған.

Шоқан туып – өскен орта

Әжесі Айғаным ханым Атасы Уәли хан

Ата – анасы Нағашылары

Шыңғыс сұлтан Ағасы Мұса

Зейнеп ханым Атасы Шорман

Інілері

Сақыпкерей Мақы Махмұт

( Қозыеке, Мақажан )

Шоқан оқыған Кадет корпусы слайд арқылы көрсету.

II «Манас» тобы «Шоқан - әдебиетші» тақырыбында жұмыс жүргізеді.


Шоқан – әдебиетші


Жыр


Жоқтау өлеңі

Әйелдер жанынан

Қайым Поэзия түрлері суырып салып

өлең айтады.




Қара өлең «Манас» жырының

300 жолын зерттеген.


Шоқан зерттеген шығармалар:

« Манас».

«Қозы көрпеш – Баян сұлу».

« Едіге»


«Ер қосай»

«Ер Көкше»

« Семетей»

III топ «Шоқ жұлдыз» Студенттердің бір топ атаулысын түсіндіреді.

Студенттер «Шоқан – саяхатшы» тақырыбында сөйлейді.


1855ж. Орталық Қазақстанды, Жеісу мен Тарбағатайды аралайды ффффффффффффффффффффффффффж

1856ж. Жоңғария тарихымен шұғылданады.

1856 ж. Ыстықкөлді типографиялық картаға түсіреді

1856ж. Құлжаға аттанды.

1858 – 1859ж. Қашқарияға саяхат жасаймыз.

4топ: «Достық тобы» тобы. Шоқанның достары туралы баяндайды. Осы ардақты достарды тілге оралатыны : Достық - теңдік, өзара ұғынысу және құрмет тұту. ( Аристотель ).




Пікірлес дастары


А. Ф. Голубаев

С.Ф. Дуров

Н.С. Курочкин Е.П.Ковалевский

М.М. Хаментовский

А.Н.Цуриков

Шоқанның достары : Көрнекті достары : П.П. Семенов Тянь – Шанский 1852жылы Омбыда достығы басталады. Г.Н.Потанин, Ф.М. Достоевский, Ф.Н.Усов.

Университеттің лекциялар тыңдап, француз, неміс тілдерін жақсы меңгеріп, Шығыс тарихының асқан білімпазы болып шықты. (П.П. Семенов Тянь – Шанский ).



Бекіту : Шоқан қандай еңбектер жазып, қалдырғандығына студенттер берілген сызбаны жеке – жеке толтырады.

Тарихшы Географ

Қазақтың табиғат
Шоқан

зерттеушісі Қазақтың тілші ғалымы

Әдебиет зерттеушісі

Экономист

Этнограф

Суретші



5. Қорыту. Шоқан шығармашылығы өте тереңнен аударылатын туындылар. Шоқан қазақ халқының біртуар таланты. Небәрі 30 жыл өмір сүрсе де артына өшпес мол мұра қалдырған. « Елге жасаған еңбек халықпен бірге жасайды» дей келе, сабақ Ыбырай Жақаевтың пікірімен қорытылады : « Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, сөз қалады.

6.Бағалау. Топ басшылары пікір айтып, қойған бағаларын ұсынады.

7. Үйге тапсырма. «Қашқария сапары», « Жоңғария очерктері».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет