Сабақтың тақырыбы Сыныбы Күні Құсайынова г физика



Дата17.06.2018
өлшемі39,35 Kb.
#42878
түріСабақ
Атырау облысы

Исатай ауданы

Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінің бірінші санатты физика пәнінің мұғалімі

Құсайынова Гүлмайда Шәриқызы


Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу –ісі жөніндегі орынбасары: Г.Төлеуғалиева


Мұғалімнің аты-жөні

Пәні


Сабақтың тақырыбы


Сыныбы

Күні

Құсайынова Г

Физика

Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.







Сілтеме

Физика 58-63 -беттер




Жалпы мақсаттар

Дене температурасына оның молекуласы жылдамдығы тәуелді екенін және бір заттың үш күйі болатынын түсіндіру.




Оқыту нәтижелері

Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігін, заттың үш күйін молекула кинетикалық көзқарасын түсінеді өмірде қолдануға дағдыландыру.




Негізгі идеялар

Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігін, заттың үш күйін молекула кинетикалық көзқарасын туралы біледі.




Жеті модуль

7- молдуль




Тапсырма

1. үй тапсырмасын тексеру

2. Топпен жұмыс

3.Блум таксономиясы

4.Шығармашылық жұмыс






Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Сынып оқушыларын сергіту сәті ( атом , молекула)

2. Үй тапсырмасы. Білу

1.Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың саналуандығын қалай түсіндіруге болады?

3Атом және молекула дегеніміз қандай бөлшектер?

4.Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды?

5. Диффузия деген не?

6.Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?

3.Қызығушылықты ояту. Түсіну

Бір заттың үш күйіне мысалдар келтір?

3. Пайдалану

Мұғалім Джиксо1 әдісі. әртопқа тапсырмалар беріледі.

Топпен жұмыс.

Ітоп Дене. Температура түрлері

ІІ топ жол.Температураның өзгерісіне байланысты үш күйі

ІІІ топ Уақыт.Сұйық және газ күйлері

Жинақтау


Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?

A. Молекулалардың сұлбасына

B. Молекулалардың өлшеміне

C. Атомдардың санына

D. Молекулалардың орналасуына

Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?

A. Электродинамика

B. Термодинамика

C. Классикалық механика

D. Молекула –кинетикалық теория

Молекулалық –кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым:

A. Аристотель

B. Демокрит

C. Ломоносов

D. Ньютон

Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтағы еркін қозғалуы қандай қозғалыс

A. Механикалық

B. Броундық

C. Бірқалыпты

D. Планеталардың қозғалысы

Қорытынды Бағалау

1.Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер? Температура дегеніміз не?

2.Диффузияның температураға байланысы бар ма?

3.Температураларды қандай шкалалар бойынша анықтайды?Олардың арасында байланыстар бар ма?

4.Заттар қандай күйде бола алады және олардың бір күйден екінші күйге ауысуын қандай физикалық шамалар арқылы түсіндіреміз?

5.Заттың қатты күйіне тән қасиеттері қандай?

6.Заттың сұйық және газ күйіне тән қасиеттері қандай?


2мин

3мин


3мин
15 мин

15мин


5 мин


Үйге тапсырма §9,10 эксперименттік тапсыра

2мин


Дереккөздер және жабдықтар: постер,түрлі-түсті қарандаш,өшіргіш,стикер т.б

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері




Температура,Заттың агрегаттық күйлері туралы оқушылардың реферат,сурет, сөз жұмбақтары




Сабақты талдау







Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу –ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Бағытова


Мұғалімнің аты-жөні

Пәні


Сабақтың тақырыбы


Сыныбы

Күні

Құсайынова Г

Физика

Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалылық принципі.







Сілтеме

Физика 56-60-беттер




Жалпы мақсаттар

Табиғатта кездесетін күштердің модульдері жағынан тең, ал бағыттары жағынан қарама-қарсы болатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп түсіндіру



Оқыту нәтижелері

Ньютонның ІІІ заңының көрініс табуы мен пайдалануына мысалдар келтіре алатын болады




Негізгі идеялар

Табиғатта кездесетін күштердің модульдері жағынан тең, ал бағыттары жағынан қарама-қарсы болатындығын ғылыми тұрғыда түсінеді




Жеті модуль

7- молдуль




Тапсырма

1. үй тапсырмасын тексеру

2. Топпен жұмыс

3.Блум таксономиясы

4.Шығармашылық жұмыс






Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Сынып оқушыларын сергіту сәті ( түрлі түстер арқылы топқа бөлінеді)

2. Серпілген сауал стратегиясы.


  1. Ньютонның бірінші заңын тұжырымда.

  2. Ньютонның екінші заңын тұжырымда.

  3. Күш неліктен векторлық шама болып сипатталады?

  4. Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?

  5. Күштердің қандай түрлерін білесіңдер?

3.Қызығушылықты ояту.

Бір оқушыны шығарып қабырғаны қолмен итергіземін,сонда оқушы нені байқағанын айтады.

4. Жаңа сабақ.

Мұғалім Жиксо бір стратегиясы бойынша тапсырма беремін

Топпен жұмыс.Әр топ түсініксіз сөздерді постерге жазып қорғайды.

Ітоп Жол.Ньютонның үшінші заңы

ІІ топ Орынауыстыру.Денеге әрекет ететін күштердің бағыттары

ІІІ топ Уақыт Сурет бойынша

ІV топ.Жылдамдық.Салыстырмалық принципі

Бекіту сұрақтары : «Тазалық» ойыны

• Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

1. Чемодан(суреті)

2. қоқыс жәшігі (суреті)

3. еттартқыш (Суреті)

- Құрметті оқушылар , бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Жинақтау.Есептер шығару

1. БМ- 13 соғыс реактивті қондырғысының бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5 м, әрбір снарядының массасы 42,5 кг және реактивті күші 19,6 кН болған.Бағыттаушы болкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.

2.Массасы 50 кг хоккейші массасы 2 кг шарды өзінен 20 Н күшпен тартады.бұл кезде адам мен шар қандай үдеу алады?

3. Қаттаңдығы 100 кН/м ге тең сымды 1 мм - ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?

4. Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м тең қармақ бауы қаншаға созылатынын анықтаңдар?

Бағалау критерийлері 1.Есептің мазмұнын түсіну

(Жиынтық бағалау) 2. Есептің шарттын құру

3. Негізгі формуланы анықтау

4.Есептің нәтижесін табу.

Формативті бағалау- берілген деңгейлік тапсырма бойынша оқушылар өздері бір –біріне баға қойады.

Қорытынды Бағалау

1. Денелер өзара әрекеттесу кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?

2. Екі дененің өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын күштер бір - бірін теңгере алама?

3. Нътонның үшінші заңы

2мин

5 мин

2 мин

15 мин

4 мин


12 мин

3 мин


Үйге тапсырма §13,14 реферат,эссе,слайд

2мин

Дереккөздер және жабдықтар: постер,түрлі-түсті қарандаш,өшіргіш,стикер т.б

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері




Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалылық принципі туралы оқушылардың реферат,сурет, сөз жұмбақтары




Сабақты талдау








Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу –ісі жөніндегі орынбасары Ә.Бағытова


Мұғалімнің аты-жөні

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Күні

Құсайынова Г

Физика

Тәжірибелік жұмыс: Сапалық мәнді және эксперименттік есептер шығару







Сілтеме

Физика 77 - 87 -беттер




Жалпы мақсаты

Теориялық білімін практикада қолданып есептер шығару.




Оқыту нәтижелері

Нүктенің қозғалысына есеп шығаруға дағдыландыру.




Негізгі идеялар

Оқушыларды «Ньютон заңдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымдарды ұғындыру.




Жеті модуль

7- молдуль




Тапсырма

1. үй тапсырмасын тексеру

2. Топпен жұмыс

3.Блум таксономиясы

4.Шығармашылық жұмыс






Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Сынып оқушыларын сергіту сәті ( түстерді таңдау арқылы)

2. Үй тапсырмасы. Білу


Қатты дененің айналмалы қозғалысы; Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық жəне динамикалық шамалар;


3.Қызығушылықты ояту. Түсіну



  • Дененің тепе теңдігін зерттейтін механиканың бөлімі?

  • Дене импульсі дегеніміз не?

  • Күш моментінің анықтамасы мен формуласы?

  • Ауырлық күшінің біртекті өрісіндегі энергиясы қандай ?

4. Ойлан тап. Пайдалану

Мұғалім өткен сабақ бойынша физикалық лото беремін

Топпен жұмыс.Әр топ формуларды жылдам тауып жазып қорғайды.

F=…… …..=Fd Ft= m….. …=m W=.....


W= W= G …..= W= mg…..
Ітоп Күш

ІІ топ Масса

ІІІ топ Үдеу.

5. Талдау

Р дене ауасыз кеңістікте қандай да бір деңгейден Н биіктікте тұр.Ал келесі жағдайда Р дене сол деңгейден сондай биіктікте, бірақ тұтқыр ортада, мысалы, шайырда ( смола) тұр.Дененің потенциалдық энергиясы екі жағдайда да бірдей бола ма?

Ж/бы: Иә .Екі жағдайда да дененің потен/дық энергиясы бірдей.Себебі, бұл дененің потенциалдық энерг екі жағдай үшін: E₁=mgh , E₂= mgh ; m₁=m₂: Һ₁= Һ₂ ;E₁=E₂

6. Есептер шығару.Жинақтау

№378Егер массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жол жүріп барып тоқтаса, ол қандай жылдамдықпен келе жатқан?

№376

Массасы 2т автомобиль 50 м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар.



Бағалау критерийлері 1.Есептің мазмұнын түсіну

(Жиынтық бағалау) 2. Есептің шарттын құру

3. Негізгі формуланы анықтау

4.Есептің нәтижесін табу.

Формативті бағалау- берілген деңгейлік тапсырма бойынша оқушылар өздері бір –біріне баға қойады.

Қорытынды Бағалау



  1. Дененің инертілігін сипаттайтын негізгі физикалық шама

А. Жылдамдық.В.Күш моменті. С.Үдеу. Д.Масса.Е.Ипмульс

2.Горизонталь орналасқан трибометр тайақшасының үстімен динамометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6Н- дыкөрсетті.Үйкеліс коэффициенті қаншаға тең?

А.0,26 .В. 0,03. С. 0,34. Д.0,08. Е.0,3

3.Қандай шарт орындалған кезде қозғалыстағы денеге түсірілген күш жұмыс атқармайды?

А. Күш пен орын ауыстыру бір- біріне перпендикуляр болған кезде.В.Күш пен орын ауыстыру бір- біріне параллель болған кезде. С. Өзгермейді .

4.Дененің жылдамдығы екі есе азайса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А. 4 есе азаяды. В. 4 есе артады.С.2 есе азаяды. Д.2 есе кемиді.

5. Дене 10 Н күштің әсерінен 0,5 м/с² үдеу алады. Дененің массасы неге тең?

А. 20 Н.В. 30Н. С. 40Н. Д. 50Н. Е.60Н


2мин

3мин


2мин

3 мин


5мин

17мин


2мин

2ми


Үйге тапсырма қайталау

2мин

Дереккөздер және жабдықтар: постер,түрлі-түсті қарандаш,өшіргіш,стикер т.б

Кейінгі тапсырмалар немесе портфолио деректері

Ньютон туралы оқушылардың реферат,сурет, сөз жұмбақтары, эссе жазу




Сабақты талдау








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет