Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Сынып оқушыларын түгендеу
б) Сынып оқушыларын сергіту сәті ( түстерді таңдау арқылы)
2. Үй тапсырмасы. Білу
Қатты дененің айналмалы қозғалысы; Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық жəне динамикалық шамалар;
3.Қызығушылықты ояту. Түсіну
Дененің тепе теңдігін зерттейтін механиканың бөлімі?
Дене импульсі дегеніміз не?
Күш моментінің анықтамасы мен формуласы?
Ауырлық күшінің біртекті өрісіндегі энергиясы қандай ?
4. Ойлан тап. Пайдалану
Мұғалім өткен сабақ бойынша физикалық лото беремін
Топпен жұмыс.Әр топ формуларды жылдам тауып жазып қорғайды.
F=…… …..=Fd Ft= m….. …=m W=.....
W= W= G …..= W= mg…..
Ітоп Күш
ІІ топ Масса
ІІІ топ Үдеу.
5. Талдау
Р дене ауасыз кеңістікте қандай да бір деңгейден Н биіктікте тұр.Ал келесі жағдайда Р дене сол деңгейден сондай биіктікте, бірақ тұтқыр ортада, мысалы, шайырда ( смола) тұр.Дененің потенциалдық энергиясы екі жағдайда да бірдей бола ма?
Ж/бы: Иә .Екі жағдайда да дененің потен/дық энергиясы бірдей.Себебі, бұл дененің потенциалдық энерг екі жағдай үшін: E₁=mgh , E₂= mgh ; m₁=m₂: Һ₁= Һ₂ ;E₁=E₂
6. Есептер шығару.Жинақтау
№378Егер массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жол жүріп барып тоқтаса, ол қандай жылдамдықпен келе жатқан?
№376
Массасы 2т автомобиль 50 м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар.
Бағалау критерийлері 1.Есептің мазмұнын түсіну
(Жиынтық бағалау) 2. Есептің шарттын құру
3. Негізгі формуланы анықтау
4.Есептің нәтижесін табу.
Формативті бағалау- берілген деңгейлік тапсырма бойынша оқушылар өздері бір –біріне баға қойады.
Қорытынды Бағалау
Дененің инертілігін сипаттайтын негізгі физикалық шама
А. Жылдамдық.В.Күш моменті. С.Үдеу. Д.Масса.Е.Ипмульс
2.Горизонталь орналасқан трибометр тайақшасының үстімен динамометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6Н- дыкөрсетті.Үйкеліс коэффициенті қаншаға тең?
А.0,26 .В. 0,03. С. 0,34. Д.0,08. Е.0,3
3.Қандай шарт орындалған кезде қозғалыстағы денеге түсірілген күш жұмыс атқармайды?
А. Күш пен орын ауыстыру бір- біріне перпендикуляр болған кезде.В.Күш пен орын ауыстыру бір- біріне параллель болған кезде. С. Өзгермейді .
4.Дененің жылдамдығы екі есе азайса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
А. 4 есе азаяды. В. 4 есе артады.С.2 есе азаяды. Д.2 есе кемиді.
5. Дене 10 Н күштің әсерінен 0,5 м/с² үдеу алады. Дененің массасы неге тең?
А. 20 Н.В. 30Н. С. 40Н. Д. 50Н. Е.60Н
|