Сабақтың тақырыбы Сыныпта кафе құру
бет 1/4 Дата 22.06.2017 өлшемі 354,97 Kb. #19717 түрі Сабақ
Пән: C ауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7-бөлім: Тағам және сусын
Мектеп: №1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп ММ-сі
Күні: 29.03.1 7
Мұғалімнің аты-жөні: Бекгалиева Г
Сынып: 1Ғ
Қатысқандар саны:22
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы
Сыныпта кафе құру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.4.1 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап , тұтас, дауыстап оқиды
1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен)
Сабақтың мақсаттары
Оқушылардың мәдениеттілігін, болашақта өмірде кездесетін барлық жағдаяттарға дайын болуға баулу, үйрету.
Жетістік критерийлері
қарым-қатынас барысында үйренген жаңа сөздерді дұрыс мағынада қолдана алады ;
қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді орынды қолдана алады;
оқиғаның мазмұнын ретін сақтай отырып , жүйелі баяндай алады.
Сөздік қор
кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс , кафеде өзіңді ұстау мәдениеті, көпшілік орындарда әдептілік, сыпайылық сақтау ережесі, шанышқы, пышақ.
Құндылықтарды дарыту
Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану, математика пәндерімен байланыс.
Алдыңғы меңгерілген білім
Сыныпта кафе құру тақырыбы бойынша тағам түрлерін ажырату және ас мәзірі қарастырылған.
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
Сабақтағыжоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
5минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты төменде берілген өлең жолдарымен бастау.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
ОМ таныстыру
Бүгін сабақта:
қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді
сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқуды үйренеміз;
оқиғаның мазмұнын ретін сақтай отырып, мазмұндаймыз
кафеге қажетті заттар
асмәзірі тағам түрлері (жұмыртқа, колбаса, алма банан)
25 минут
(Ұ.Ө) Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмбақтар жасырамын.
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)
Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi ,
Ұсақтап та тұрар ол. (Пышақ)
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Достарыңызбен бөлісу: