Сабақтың тақырыбы:Сүйекті балықтар класы § 52. Жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
1. Сүйекті балықтар, олардың түрлері туралы жалпы мағлұматтар беру.Ихтиология ғылымы.
2. Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Каспий теңізінің сүйекті балықтары.
3. Балықтарды қорғау, «Қызыл кітапқа» енген түрлер.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, модель, таблица, таратпа материалдар, слайд, электрондық оқулық көрсетілімі, компьютер,проектор, графопроектор. Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: ауызша сұрау, сұрақ – жауап, демонстрация, зертханалық жұмыс, өз бетінше оқулықпен жұмыс. Сабақтың басқа пәндермен байланысы:зоология, экология, әдебиет,география, химия, физика.
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру. ІІ Жаңа сабақ түсіндіру. Жоспар: 1. Сүйекті балықтар қазіргі кезде... 2. Сүйекті балықтар қаңқасы. 3. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшелігі. 4. Торсылдақ қандай қызмет атқарады? 5. Сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшелігі, тыныс алуы. 6. Сүйекті балықтардың қанайналымы, зәр шығаруы, миы, көбеюі. 7. Сүйекті балықтардың класс тармақтары. 8. Кәсіптік мәні бар балықтар, балықтарды қорғау, «Қызыл кітапқа» енген түрлер, 9. Каспий теңізінің сүйекті балықтары. 10. Оқыңыз қызық...
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20000 –нан астам түрлері бар.Дене пішіндері түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған.Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар, сол сызықтарға қарап балықтың жасын ажыратуға болады.
Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтардың ауызы бас бөлігінің алдыңғы жағында орналасқан, жақсүйектерде тістері бар.
Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесі: ауыз қуысы - көлемді жұтқыншақ - қысқа өңеш – қарын - (бауыр, ұйқы безі ) аш ішек - (ұсақ тұйық өскіндер) тоқ ішек - тік ішек - аналь тесігінен тұрады. Бауыр улы заттар мен зиянды өнімдерді зарарсыздандырады.
Торсылдақ –сүйекті балықтарда ерекше мүше, ол ұрықтық даму кезінде ішектен бөлінеді. Торсылдақ балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Торсылдақ су түбінде тіршілік ететін балықтарда болмайды.
Сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшелігі, тыныс алуы. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Желбезек шашақтары сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты.
Сүйекті балықтардың қан айналым жүйесі: жүрегі 2 қуысты - 1 құлақша және 1 қарыншадан тұрады, қанайналым шеңбері – біреу. Жүрегі арқылы көмірқышқылына қаныққан көктамыр қаны, желбезек шашақтарында оттегіне қаныққан салатамыр қаны арқа қолқа тамыры арқылы бүкіл денесіне таралады.
Зәр шығаруы - екі бүйрегі, екі несепағары және алғаш рет зәр сақталатын мүше қуық пайда болады. Миы 5 бөліктен – алдыңғы миы шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген, ортаңғы миы мен мишығы көлемдірек, сопақша, аралық мидан тұрады. Сезім мүшесі қызметін бүйір сызығы атқарады.
Балықтарда қосжыныстылық сирек кездеседі, даражынысты. Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады, ол аталық жыныс жасуша сперматозойдтар, ал аналық безден уылдырық деп аталатын майда жұмыртқа жасуша бөлінеді. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан көп мөлшерде уылдырық шашады.
Балықтар өзен, көл, теңіз, мұхиттарда кездеседі.Теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. «Балдырлы көлде балық көп»деген сөз бекер айтылмаған.
Сүйекті балықтардың 2-класс тармағы бар: 1.Сәулеқанатты балықтар – бекіретәрізділер ортядына топтастырылған. Каспий теңізінде қортпа, шоқыр, пілмай, бекіре кездеседі. 2.Қалаққанатты балықтар - бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Кәсіптік мәні бар сырдария тасбекіресі мен пілмай, Каспий және арал албырттарының түрлері саны аз болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) тіркелген.
IІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
2. Сүйекті балықтар қаңқасы қандай?
3. Сүйекті балықтардың асқорыту мүшелерінің ерекшелігі қандай?
4. Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
5. Сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшелігі қандай?